Қазақстанда тәуекелдерді бағалау сапасын арттыру үшін Орталық актуарийді құру жоспарлануда

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Қазақстанда тәуекелдерді бағалау сапасын арттыру үшін Орталық актуарийді құру жоспарлануда
    КонгрессАяқталды

    Алматыда «Сандардағы сенім: ЖИ, тәуекелге бағдарланған реттеу және Еуразияның қаржы индустриясының актуарлық орнықтылығы» деген тақырыпта 4-ші Еуразиялық КРАФТ – 2026 конгресінің ашылуы өтті.

    Конгресс жұмысына түрлі елдердің реттеушілерінің, кәсіби қауымдастықтарының өкілдері, актуарийлері, тәуекел-менеджерлері, қаржы технологиялары саласындағы мамандары және сарапшылары қатысты.

    Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің атынан Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаментінің директоры Әсел Әмірбаева құттықтау сөз сөйледі.

    Өз сөзінде ол технологияларды дамыту, деректер сапасын арттыру және тәуекелдерді бағалау тәсілдерін жетілдіру қаржы нарығын дамытудың негізгі бағыттарына айналатынын атап өтті.

    «Деректер, ЖИ және жаңа модельдер тәуекелдерді бағалау және шешім қабылдау үшін көбірек қолданылуда. Мұндай жағдайда реттеуші үшін деректердің сапасы мен анықтығы, модельдердің ашықтығы, жаңа тәуекелдерді басқару және тұтынушылардың мүдделерін қорғау ерекше маңызға ие», – деп атап өтті Әмірбаева.

    Агенттік талаптардың сақталуын бақылауды ғана емес, сонымен қатар тәуекелдерді уақтылы анықтауды және қаржы ұйымдарының орнықтылығын бағалауды көздейтін тәуекелге бағдарланған қадағалау моделін дәйекті түрде дамытады.

    Бұл тәсілдер тәуекелге бағдарланған қадағалауды одан әрі дамытуды, саланы цифрландыруды және сақтандыру нарығының инфрақұрылымын жетілдіруді көздейтін Сақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасының жобасында көрсетілген.

    Бағдарламаның негізгі бастамаларының бірі Орталықактуарийді –сақтандырунарығы, зейнетақы жүйесі және әлеуметтік қорлар үшін тәуелсіз мамандандырылған актуарлық сараптама институтын құру болып табылады.

    «Орталық актуарий тәуекелдер мен ұзақ мерзімді міндеттемелерді бағалаудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастырады, сондай-ақ сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша тарифтерді есептеуге және қайта қарауға қатысады», – деп атап өтті Әмірбаева.

    Актуарлық есептеулердің сапасын арттыру үшін Бірыңғай сақтандыру дерекқорымен интеграцияланған иесіздендірілгендеректердің бірыңғай салалық массивін қалыптастыру жоспарлануда.

    Әмірбаеваның айтуынша, Қазақстанда 25 жыл бойы қалыптасқан өзінің кәсіби актуарлық мектебі бар. Бүгінде елімізде 69лицензияланған актуарий жұмыс істейді.

    Жаңа мамандарды даярлау маңызды бағыт болып табылады. 2025 жылы Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры Агенттіктің қолдауымен 10 курсты қамтитын «Актуарий» оқыту онлайн-платформасын іске қосты. Іске қосылған сәттен бастап платформада 346қатысушы тіркеліп, 26сертификат берілді.

    Келесі қадам Сақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасының жобасында көзделген Сақтандыруқұзыреттерін дамыту орталығын құру болады. Орталық құзыреттердің бірыңғай стандарттары негізінде сақтандыру нарығының мамандарын даярлауды, кәсіби сертификаттауды және дамытуды біріктіретін болады.

    «Бұл саланың кадрлық әлеуетін жүйелі түрде дамытуға және кәсіби құзыреттіліктердің заманауи талаптар мен халықаралық практикаға сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп қорытындылады Әмірбаева.

    Ұқсас материалдар

    ФорумАяқталды

    Қазақстанда исламдық сақтандыруды дамыту мүмкіндіктерін кеңейту жоспарлануда

    Қазақстанда исламдық сақтандыруды (такафул) дамыту және шариғат қағидаттарына сәйкес келетін сақтандыру өнімдерінің желісін кеңейту үшін қосымша жағдайлар жасау жоспарлануда. Тиісті бастама Cақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасында көзделген. Негізгі бағыттардың бірі жұмыс істеп тұрған сақтандыру...

    21 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Алматыда сақтандыру нарығының кадрлық әлеуетін арттыру талқыланды

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаментінің директоры Әсел Әмірбаева ACTEX Learning операциялық директоры Джоана Амориммен және Халықаралық Актуарийлер Қауымдастығының (IAA) өкілі Гаянэ Арсенянмен кездесті. Кездесу Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттіг...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Агенттік, СТКҚ және CII сақтандыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ (СТКҚ) ұйымдастырған Kazakhstan Insurance Forum 2026 шеңберінде Агенттік Төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынхановтың Chartered Insurance Institute (CII) Бас директоры Мэтью Хиллмен кездесуі өтті. Кездесу барысында Н...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Сақтандыру нарығын дамытудың өзекті мәселелері туралы жыл сайынғы форумда айтылды

    Алматыда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ ұйымдастырған жыл сайынғы KazakhstanInsurance Forum 2026 сақтандыру форумы өтті. Іс-шараға Қазақстанның мемлекеттік органдарының, сақтандыру қоғамдастығының өкілдері, сондай-ақ Халықаралық сақтандыруды қадағ...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Агенттік басшысы Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарымен барды

    Президенттің Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова Корея Республикасы қаржы реттеушісінің басшысымен кездесу өткізді, құрметті қонақ ретінде Корея мен Қазақстанның қаржылық ынтымақтастығы жөніндегі семинарға қатысты, сондай-ақ Кореяның...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    СаммитАяқталды

    Агенттік қаржы секторын цифрлық түбегейлі өзгертуді күшейтуде

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова Central Asia Fintech Summit 2026 шеңберінде «Келесі онжылдықтың қаржы нарығы қандай болады?» пленарлық сессиясына қатысты. Сессия барысында қатысушылар қаржы нарығын дамыту перспективаларын, қаржы ұйымдарын цифрлық түбегейлі өзгертуді, жасанды и...

    11 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Агенттік басшылығы Astana Finance Days-ке қатысты

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынханов Astana Finance Days халықаралық форумы аясында «Қазақстанның капитал нарығы: одан әрі даму бағыты» панельдік сессиясына қатысты. Сессияға қатысушылар өтімділікті арттыруды, инвесторлар базасын кеңейтуді, биржалық инфрақұрылымды дамытуд...

    10 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтчетАяқталды

    Президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

    Мемлекет басшысы қаржы нарығын реттеу мен дамытудың биылғы 8 айдағы нәтижелері және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы есепті тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа банктер туралы жаңа заңды іске асыру аясында заңға тәуелді актілер базасы толығымен жаңарғаны, 80 нормативтік-құқықтық акті қабылданғаны жөнінде баяндалды. Б...

    9 қыркүйек 2026 ж.Тікелей