Агенттікте төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігі талқыланды

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Агенттікте төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігі талқыланды
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде БАҚ өкілдерімен «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заңда көзделген төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігін түсіндіруге арналған кездесу өтті.

    Іс-шараны аша отырып, Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Тимур Әбілқасымов 2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанда Базель Банктерді қадағалау комитетінің, Халықаралық валюта қорының және Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің халықаралық стандарттарын ескере отырып әзірленген банктердің төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа моделі енгізілгенін атап өтті. Агенттік озық жаңалықтарды іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді актілерді қабылдады.

    «Бұл – соңғы жылдардағы қаржы секторының маңызды реформалардың бірі: ол мемлекет пен реттеушінің банкте қауіпті қаржылық проблемалар туындаған жағдайда қалай әрекет ету тәсілін өзгертеді. Реформа банк жүйесінің орнықтылығын арттыруға, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және банк клиенттерінің мүдделерін қорғауға бағытталған», - деп атап өтті Әбілқасымов.

    Агенттік Төрағасының орынбасары Дәурен Сәлімбаев баяндамасында толық тоқталып, таныстырып өтті.

    «Реттеудің жаңа тетігі — бұл проблемалық банктермен жұмыс істеудің халықаралық деңгейде танылған заманауи моделіне көшу. Ол реттеушіге ерте ден қою құралдарын береді, банктердің капитал қорын өздері қалыптастыруы есебінен мемлекеттік бюджетке түсетін салмақты азайтады және, ең бастысы, жағдайдың кез келген даму сценарийінде азаматтарымыздың салымдарын кепілдікпен қорғауды қамтамасыз етеді.», - деді Сәлімбаев.

    Қатысушыларға проблемалық банктердің қызметін реттеудің халықаралық тәсілдері ұсынылды. Әлемдік тәжірибеде банк дағдарысын басқару қаржылық қиындықтарды ерте анықтау, қадағалауды күшейту, қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру және қажет болған жағдайда төлем қабілетсіздігін реттеу кезеңдерін қамтитын жүйелі процесс болып табылатыны атап өтілді.

    Жаңа тетік банктің қаржылық жағдайының нашарлауына қарай шараларды жүйелі қолдануды көздейді. Бастапқы кезеңде банк белгіленген тәуекел-дәрежесі шеңберінде қалыпты режимде жұмыс істейді. Қаржылық жағдайдың нашарлау белгілері пайда болған кезде Агенттік банк қызметіне неғұрлым қатаң бақылауды көздейтін күшейтілген қадағалау режиміне көшеді. Егер тәуекелдер өсе берсе, қалпына келтіру режимі енгізіледі, оның шеңберінде банк ірі акционерлермен бірлесіп капиталды және өтімділікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асырады. Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда банктің аса маңызды функцияларын сақтауға және қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған реттеу режимі қолданылады.

    Дағдарыс жағдайында банктердің іс-қимылын жоспарлауға қойылатын жаңа талаптарға ерекше назар аударылды. Заңға сәйкес барлық банктер Агенттікпен келісуге жататын қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспарларын әзірлеуге және жыл сайын өзектендіруге міндетті. Мұндай жоспарлар банктің қаржылық жағдайын талдауды, қаржылық орнықтылықтың нашарлауын ерте анықтау жүйесін, капиталды және өтімділікті қалпына келтіру шараларын, стресс-тестілеуді жүргізуді, сондай-ақ дағдарыс жағдайында банк басшылығының іс-қимылдарының нақты алгоритмдерін көздейді.

    Сонымен бiр мезгiлде Агенттiк жүйелiк маңызы бар банктер үшiн, ал қажет болған жағдайда басқа банктер үшiн де реттеу жоспарларын әзiрлейтiн болады. Бұл құжаттар реттеу құралдарын қолдану сценарийлерін, банктің реттеуге қабілеттілігін бағалауды айқындайды және үздіксіз жүзеге асыруды талап ететін аса маңызды банктік және өзге де операцияларды айқындайды.

    Жаңа заңнама аясында банктің қызмет қабілетін бағалау рәсімі енгізіледі. Мұндай бағалауды Агенттік банктің қаржылық жағдайы нашарлаған кезде не қалпына келтіру жөніндегі шаралар тиімсіз деп танылған жағдайда жүргізеді. Бағалау нәтижелері бойынша банктің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру мүмкіндігі туралы не кейіннен заңда көзделген реттеу құралдарын қолдана отырып, оны төлемге қабілетсіз деп тану туралы шешім қабылданады.

    Таныстырылым барысында реттеудің жаңа моделінің негізгі қағидаттары егжей-тегжейлі қаралды. Бірінші қағидат тәуекелдерді ерте анықтау және дағдарыс басталғанға дейін алдын алу шараларын қабылдау болып табылады. Екiншiсi банктің меншiк иелерiнiң жауапкершiлiгiн көздейдi: шығындарды жабу ең алдымен акционерлердiң капиталы мен банктiң өзiнiң борыштық құралдары есебiнен жүзеге асырылады, ал мемлекеттiң қатысуы тек соңғы шара ретiнде ғана болуы мүмкiн. Үшінші қағидат салымшылардың құқықтарын сөзсіз қорғау болып табылады.

    Жеке сөз сөйлеу блогы банктердің клиенттерін қорғауды қамтамасыз етуге арналған. Таңдалған реттеу сценарийіне қарамастан жеке тұлғалардың кепілдік берілген депозиттері толық көлемде сақталатыны атап өтілді. Сонымен қатар, заңнамада халықтың депозиттерін, салықтық және әлеуметтік міндеттемелерді банктің шығындарын жабу үшін пайдалануға болмайды. Реттеу кезеңінде де маңызды банктік операциялар, оның ішінде төлемдер, ақша аударымдары және клиенттердің шоттарына қызмет көрсету үздіксіз жұмыс істейді.

    Жаңа жүйенің маңызды элементі TLAC (Total Loss-Absorbing Capacity) – банктің бюджет қаражатын тартпай шығындарды жабуға жиынтық қабілетін қалыптастыру бойынша талаптарды енгізу болады. Жүйелік маңызы бар банктер үшін капиталдың және борыштық құралдардың қосымша қорын кезең-кезеңімен қалыптастыру міндеті белгіленеді. Талап біртіндеп енгізілетін болады – 2027 жылы тәуекел бойынша сараланған активтердің 13 пайызынан бастап 2032 жылға қарай 18 пайызына дейін. Бұл банк дағдарыстарын реттеу кезінде мемлекет қаражатын пайдалану ықтималдығын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

    Жаңа заңнамада көзделген реттеудің негізгі құралдары айтылды. Оларға активтер мен міндеттемелерді сатып алушы банкке беру, тұрақтандыру банкін құру, акционерлер мен ірі кредиторлар есебінен міндеттемелерді қайта құрылымдауды көздейтін bail-in тетігін қолдану, сондай-ақ банкті жаңа инвесторға сату жатады. Егер аталған құралдарды қолдану мүмкін болмаса, заңнамада банкті кейіннен тарата отырып, лицензияны кері қайтарып алу көзделеді.

    Жүйелік маңызы бар банктерді реттеуге мемлекеттің қатысу шарттары жеке түсіндірілді. Мемлекеттің жаңа тетікке қатысуы ірі жүйелік маңызы бар банк үшін ғана төтенше шара ретінде сақталады.

    «Мемлекеттің жүйелік маңызы бар банктің акцияларын сатып алуына TLAC құралдары түріндегі қор және акционерлердің меншікті капиталы таусылғаннан кейін ғана жол беріледі – яғни мемлекет акционерлер жауапкершілігінің орнын алмастырмайды, олардан кейін жұмыс істейді», - деп нақтылады Сәлімбаев.

    Бұдан басқа, заңнамада банк секторының міндетті ақшалай жарналары есебінен мемлекеттің ықтимал шығыстарын өтеу тетігі көзделеді. Жүйелік маңызы бар банкті жаңа инвесторға сату мемлекет тартқан шығындарды толық өтеуге мүмкіндік бермеген жағдайда, жетпейтін сома банктердің өз міндеттемелерінің өлшеміне пропорционалды түрде есептелетін міндетті жарналары есебінен өтелетін болады. Осылайша, мұндай шараларды қаржыландыру салық төлеушілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылмайды.

    Агенттік өкілдері реттеу рәсімін бастау туралы шешім қабылданғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшіліктің қызметіне егжей-тегжейлі тоқталып өтті. Оның құрамына Агенттік пен Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының өкілдері, ал жүйелік маңызы бар банктерді реттеу кезінде – Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігінің де өкілдері кіреді. Тәуелсіз реттеу құралын іске асыру, банктің аса маңызды функцияларының үздіксіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ салымшылар мен клиенттердің мүдделерін қорғау уақытша әкімшіліктің негізгі міндеті болып табылады.

    Агенттік басшылығы реттеудің жаңа тетігін енгізу Қазақстанның банктерді реттеу жүйесін үздік халықаралық практикаларға жақындатуға, банктердің қаржылық жағдайының нашарлауына дер кезінде ден қоюды қамтамасыз етуге, қаржылық тұрақтылық тәуекелдерін барынша азайтуға, банктік дағдарыстарды шешу кезінде бюджет қаражатын пайдалану ықтималдығын қысқартуға және салымшылар мен банк клиенттерінің мүдделерін сенімді қорғауға кепілдік беруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

    Банк секторы

    Ұқсас материалдар

    ФорумАяқталды

    Қазақстанда исламдық сақтандыруды дамыту мүмкіндіктерін кеңейту жоспарлануда

    Қазақстанда исламдық сақтандыруды (такафул) дамыту және шариғат қағидаттарына сәйкес келетін сақтандыру өнімдерінің желісін кеңейту үшін қосымша жағдайлар жасау жоспарлануда. Тиісті бастама Cақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасында көзделген. Негізгі бағыттардың бірі жұмыс істеп тұрған сақтандыру...

    21 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Алматыда сақтандыру нарығының кадрлық әлеуетін арттыру талқыланды

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаментінің директоры Әсел Әмірбаева ACTEX Learning операциялық директоры Джоана Амориммен және Халықаралық Актуарийлер Қауымдастығының (IAA) өкілі Гаянэ Арсенянмен кездесті. Кездесу Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттіг...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Агенттік, СТКҚ және CII сақтандыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ (СТКҚ) ұйымдастырған Kazakhstan Insurance Forum 2026 шеңберінде Агенттік Төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынхановтың Chartered Insurance Institute (CII) Бас директоры Мэтью Хиллмен кездесуі өтті. Кездесу барысында Н...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Сақтандыру нарығын дамытудың өзекті мәселелері туралы жыл сайынғы форумда айтылды

    Алматыда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ ұйымдастырған жыл сайынғы KazakhstanInsurance Forum 2026 сақтандыру форумы өтті. Іс-шараға Қазақстанның мемлекеттік органдарының, сақтандыру қоғамдастығының өкілдері, сондай-ақ Халықаралық сақтандыруды қадағ...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Агенттік басшысы Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарымен барды

    Президенттің Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова Корея Республикасы қаржы реттеушісінің басшысымен кездесу өткізді, құрметті қонақ ретінде Корея мен Қазақстанның қаржылық ынтымақтастығы жөніндегі семинарға қатысты, сондай-ақ Кореяның...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КонгрессАяқталды

    Қазақстанда тәуекелдерді бағалау сапасын арттыру үшін Орталық актуарийді құру жоспарлануда

    Алматыда «Сандардағы сенім: ЖИ, тәуекелге бағдарланған реттеу және Еуразияның қаржы индустриясының актуарлық орнықтылығы» деген тақырыпта 4-ші Еуразиялық КРАФТ – 2026 конгресінің ашылуы өтті. Конгресс жұмысына түрлі елдердің реттеушілерінің, кәсіби қауымдастықтарының өкілдері, актуарийлері, тәуекел-менеджерлері, қаржы...

    16 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    СаммитАяқталды

    Агенттік қаржы секторын цифрлық түбегейлі өзгертуді күшейтуде

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова Central Asia Fintech Summit 2026 шеңберінде «Келесі онжылдықтың қаржы нарығы қандай болады?» пленарлық сессиясына қатысты. Сессия барысында қатысушылар қаржы нарығын дамыту перспективаларын, қаржы ұйымдарын цифрлық түбегейлі өзгертуді, жасанды и...

    11 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Агенттік басшылығы Astana Finance Days-ке қатысты

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынханов Astana Finance Days халықаралық форумы аясында «Қазақстанның капитал нарығы: одан әрі даму бағыты» панельдік сессиясына қатысты. Сессияға қатысушылар өтімділікті арттыруды, инвесторлар базасын кеңейтуді, биржалық инфрақұрылымды дамытуд...

    10 қыркүйек 2026 ж.Тікелей