Алматыда «Капитал нарығы күні» дөңгелек үстелі өтті

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Алматыда «Капитал нарығы күні» дөңгелек үстелі өтті
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Алматыда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Ұлттық Банктің, KASE, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, банктердің, сақтандыру ұйымдарының, институционалдық инвесторлар өкілдерінің, сондай-ақ халықаралық консультанттар мен сарапшылардың қатысуымен «Капитал нарығы күні» дөңгелек үстелі өтті.

    Дөңгелек үстел барысында қор нарығын одан әрі дамытудың негізгі бағыттары, оның инвестициялық тартымдылығын арттыру және нарықтық тетіктер арқылы экономиканы қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды.

    Іс-шараны ашқан кезде Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымова капитал нарығы экономиканы ұзақ мерзімді қаржыландырудың негізгі тетіктерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

    «Капитал нарығы қаржылық делдалдықтың аса маңызды тетігі болып табылады. Оның рөлі инвестицияларға жинақтарды қайта бөлу ғана емес, сонымен қатар мемлекет, квазимемлекеттік сектор, жеке компаниялар, шағын және орта бизнес, сондай-ақ инновациялық кәсіпорындар үшін ұзақ мерзімді қаржыландырудың орнықты арнасын құру болып табылады», – деп атап өтті Агенттік басшысы.

    М. Әбілқасымованың айтуынша, соңғы жылдары Қазақстан капитал нарығы орнықты дамуды көрсетуде. Акциялар нарығын капиталдандыру 39 трлн теңгеге жетті, бұл ІЖӨ-нің шамамен 24%-ын құрайды, корпоративтік облигациялар көлемі 16 трлн теңгеден асты немесе ІЖӨ-нің шамамен 10%-ын құрады. KASE сауда жүйесінде 76 эмитент акцияларының 89 шығарылымы және 158 эмитенттің корпоративтік облигацияларыың 717 шығарылымы айналысқа түседі. Орталық депозитарийдегі шоттар саны 5 млн шоттан асты, бұл бөлшек және корпоративтік инвесторлар тарапынан қызығушылықтың өсуін көрсетеді. Сонымен қатар, нарықтық инфрақұрылымды дамыту жалғасуда және қазақстандық капитал нарығын халықаралық қаржы жүйесімен ықпалдастыру жөніндегі шаралар іске асырылуда.

    Сонымен қатар, Агенттік Төрағасы капитал нарығын одан әрі дамыту әлеуеті елеулі болып қалатынын атап өтті. Негізгі сын-қатерлердің ішінде нарықтың жеткіліксіз өтімділігі, белсенді инвесторлардың шектеулі базасы, сондай-ақ бизнес субъектілерінің қор нарығын ұзақ мерзімді қаржыландыру көзі ретінде жеткіліксіз пайдалануы сақталып отыр.

    Осыған байланысты Агенттік Ұлттық Банкпен және халықаралық консультанттармен бірлесіп Капитал нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын және «Капитал нарығы туралы» жаңа Заңды әзірлеуде. Құжаттармен жұмыс Oliver Wyman халықаралық консалтингтік компаниясының, сондай-ақ кәсіби қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылуда.

    Құжаттар капитал нарығының заманауи және орнықты моделін қалыптастыруға, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және экономикаға ұзақ мерзімді инвестициялардың әкелінуі үшін жағдай жасауға бағытталған. Жаңа заңнама шеңберінде инвесторлар базасын кеңейту, зейнетақы активтерін басқару жүйесін реформалау, ШОБ субъектілері үшін қаржыландыру құралдарын дамыту, «бірыңғай терезе» қағидатын енгізу және бағалы қағаздар эмиссиясы рәсімдерін толық цифрландыру көзделеді. Сондай-ақ, биржалық, клирингтік және депозитарлық инфрақұрылымды жаңғырту, жаңа қаржы құралдарын дамыту және корпоративтік басқару мен инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктерін одан әрі жетілдіру жоспарлануда.

    Халықаралық депозитарлық және есеп айырысу жүйелерімен өзара іс-қимылды дамытуды, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін инфрақұрылымдық және реттеушілік кедергілерді жоюды қоса алғанда, қазақстандық капитал нарығын халықаралық қаржы жүйесіне ықпалдастыруға ерекше назар аударылатын болады.

    Агенттік басшысы атап өткендей, капитал нарығын дамыту стратегиясын әзірлеу мемлекеттің, инфрақұрылымдық ұйымдардың және нарыққа кәсіби қатысушылардың бірлескен жұмысын талап етеді.

    Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан капитал нарығын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар мен практикалық ұсынымдар әзірледі.

    Ұқсас материалдар

    Дөңгелек үстелАяқталды

    Агенттікте төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігі талқыланды

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде БАҚ өкілдерімен «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заңда көзделген төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігін түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шараны аша отырып, Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Тимур Әбілқасымов 2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақст...

    30 шілде 2026 ж.Тікелей
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Алматыда Сақтандыру нарығын дамыту тұжырымдамасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті

    Алматыда Сақтандыру нарығын дамыту тұжырымдамасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Еуропа Қайта құру және даму банкінің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, Мемлекеттік кредиттік бюроның, Қазақстан сақтандырушылар қауымдастығының, Сақтандыру төлемдеріне...

    19 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Агенттік пен ХВҚ Қазақстанның қаржы секторын дамыту басымдықтарын талқылады

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдерінің Қазақстан Республикасындағы ХВҚ миссиясы шеңберінде Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) делегациясымен екіжақты кездесулері өтті. ХВҚ делегациясын ХВҚ Қазақстан бойынша миссиясының басшысы, ХВҚ Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаменті Орталық Азия елдері басқа...

    8 маусым 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Жастар алаяқтарға қарсы: Шымкентте қаржылық қауіпсіздік және дропперлік мәселелері талқыланды

    М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі Fingramota.kz жобасының аясында «Қаржылық қауіпсіздік: жастардың таңдауы»форумы өтті. Іс-шара студенттердің, оқытушылардың, қаржы нарығы сарапшыларының, киберполиция мен қ...

    1 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОлимпиадаАяқталды

    Агенттік студенттер арасында қаржылық сауаттылық бойынша республикалық олимпиада өткізді

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен «Болашақтың қаржысы: ұлттық экономиканы дамытудың сын-қатерлері мен жаңа мүмкіндіктері» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII республикалық студенттік пәндік олимпиадаөткізді. Іс-шара «Тұран» университетінде Агенттіктің Fingram...

    19 мамыр 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Қазақстан мен АДБ Облигациялар нарығы бойынша нұсқауды ұсынады

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Ұлттық Банк, Қаржы министрлігі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) және Азия Даму Банкі (АДБ) Қазақстан тарихындағы осындай алғашқы құжат – «Қазақстан үшін облигациялар нарығы бойынша нұсқаудың» (Bond Market Guide for Kazakhstan) жарияланғанын хабарлайды. Кешенді анық...

    4 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Қаржылық сауаттылық бойынша форум: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да инвестициялар, банктік сервистер және алаяқтықтан қорғау мәселелері талқыланды

    Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Farabi Hub алаңында «Қаржы навигаторы: сенімділік пен қауіпсіздікке жол» форумы өтті. Іс-шара студенттерді, оқытушыларды, қаржы нарығының сарапшыларын және бейінді ұйымдардың өкілдерін біріктірді. Форум Fingramota.kz. қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы аясында...

    24 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ВыступлениеАяқталды

    «Рейтингтік қызмет туралы» заң жобасы Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданды

    Парламент Мәжілісінде«Рейтингтік қызмет туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейтингтік қызмет мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының бірінші оқылымы өтті. Заң жобалары Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының...

    15 сәуір 2026 ж.Тікелей