Қазақстан мен АДБ Облигациялар нарығы бойынша нұсқауды ұсынады

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Қазақстан мен АДБ Облигациялар нарығы бойынша нұсқауды ұсынады
    КездесуАяқталды

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Ұлттық Банк, Қаржы министрлігі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) және Азия Даму Банкі (АДБ) Қазақстан тарихындағы осындай алғашқы құжат – «Қазақстан үшін облигациялар нарығы бойынша нұсқаудың» (Bond Market Guide for Kazakhstan) жарияланғанын хабарлайды. Кешенді анықтамалық ASEAN+3 облигациялар нарығы форумының қолдауымен дайындалған.

    Нұсқау ASEAN+3 Bond Market Guide бастамасы – ASEAN+3 облигациялар нарықтары форумының (ABMF) жарияланымдар сериясы шеңберінде дайындалды, оның хатшылық функцияларын АДБ қамтамасыз етеді. Қазақстан Форумға 2025 жылы ресми байқаушы ретінде қосылды.

    Құжат Қазақстанның облигациялар нарығының барлық негізгі аспектілерін:

    • нарықтың қалыптасу тарихын және оның дамуының негізгі кезеңдерін;
    • құқықтық және реттеушілік базаны: бағалы қағаздар туралы заңнама, листингке қойылатын талаптар, ақпаратты ашу, бейрезиденттердің қолжетімділігі;
    • борыштық құралдардың түрлерін: мемлекеттік, корпоративтік облигациялар, ақша нарығының құралдары және исламдық бағалы қағаздар (сукук);
    • АХҚО юрисдикциясының ерекшелігін қоса алғанда, KASE және AIX сауда, клиринг және есеп айырысу инфрақұрылымын;
    • салық салу режимін, қатысу құнын және шетелдік инвесторлар үшін қол жеткізу шарттарын;
    • өзекті сын-қатерлерді, перспективалар мен нарықты одан әрі дамытудың басымдықтарын қамтиды.

    Нұсқау Қазақстанның капитал нарығы туралы өзекті және жүйеленген түсінік алуға ұмтылатын халықаралық инвесторларға, эмитенттерге, қаржы делдалдарына, реттеушілерге және зерттеушілерге арналған. Құжат АДБ сайтында қолжетімді.

    Нұржан Тұрсынханов,Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары:

    «Реттеушілік ашықтық – инвесторлар сенімінің негізгі шарты. Нұсқауда қазақстандық бағалы қағаздар нарығының нормативтік-құқықтық базасы егжей-тегжейлі сипатталады және шетелдік қатысушыларға мүмкіндіктерді бағалау кезінде сенімді бағдар береді. Агенттік үздік халықаралық практикаларға сәйкес реттеудің дамуына қарай құжаттың өзектілігін сақтауға ниетті. Бүгінгі күні Агенттік халықаралық консультанттармен бірлесіп, нарықты дамытудың өзге кезеңі үшін құрылған және оның ауқымы мен күрделілігіне бұдан былай жауап бермейтін заңнамалық базаны жаңғырту мақсатында Бағалы қағаздар нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын және Капитал нарығы туралы жаңа заңды әзірлеуде. Реформа нарықта инвестициялауға арналған жаңа эмитенттер мен құралдардың пайда болуына, инвесторлардың орнықты базасы мен өтімділіктің қалыптасуына, барлық қатысушылардың құқықтары сенімді қорғалуына – және нәтижесінде, капитал нарығының Қазақстан экономикасын қаржыландыруда аса маңызды орынға ие болуына бағытталған».

    Әлия Молдабекова,Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары:

    «Облигациялар нарығы экономиканы қаржыландыруда шешуші рөл атқарады және кірістіліктің нарықтық қисығын қалыптастыруды және ақша-кредит саясатының белгілерін тиімді беруді қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның қаржы нарығын дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттік органдармен және нарыққа қатысушылармен бірлесіп инфрақұрылымды дамыту, реттеуді жетілдіру, өтімділікті арттыру және инвесторлық базаны кеңейту жөніндегі шаралар кешенін іске асырады. Аталған жұмыс шеңберінде Азия даму банкімен бірлесіп, халықаралық стандарттарға сәйкес нарық туралы ақпаратты құрылымдайтын және оның ашықтығы мен инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған Қазақстанның облигациялар нарығы жөніндегі нұсқау дайындалды».

    Дәурен Кеңбейіл,Қаржы вице-министрі:

    «Мемлекеттік бағалы қағаздардың дамыған және өтімді нарығы – мемлекеттік қаржының орнықтылығының және бәсекелестік шарттарда инвестициялар тарту қабілетінің негізі. Осы Нұсқау халықаралық инвесторларға қазақстандық борыштық құралдар туралы объективті және құрылымдық ақпарат ұсынады. Қаржы министрлігі нарықты тереңдету және инвесторлар базасын кеңейту бағытын дәйекті түрде іске асыруда».

    Ренат Бектұров,«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Басқарушысы:

    «АХҚО әлемдік деңгейдегі қаржы алаңы ретінде құрылды және облигациялар нарығын дамыту біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі болып табылады. Нұсқауға АХҚО-ның құқықтық және нарықтық инфрақұрылымы туралы жеке тарау енгізу жаһандық инвесторларға біздің юрисдикция арқылы жұмыстың артықшылықтарын толық көлемде бағалауға мүмкіндік береді. Біз бұл жарияланым қазақстандық нарыққа халықаралық капиталды тартудың тиімді құралына айналатынына сенімдіміз».

    Утсав Кумар,Азия даму банкінің (АДБ) Қазақстандағы өкілдігінің директоры:

    «АДБ Қазақстанды ASEAN+3 форумының жұмысы шеңберінде осы Нұсқауды дайындауда қолдауға қуанышты. Жарияланым Қазақстанның өңірлік қаржылық ықпалдасудағы күннен күнге өсіп келе жатқан рөлін және оның экономикалық дамуды қолдау үшін халықаралық капитал тартуға ұмтылысының айғағы. Біз Нұсқау Қазақстанды салымдар үшін объект ретінде қарастыратын инвесторлар мен нарыққа қатысушылар үшін құнды құрал болатынына сенімдіміз»

    ASEAN+3 (ABMF) облигациялар нарықтарының форумы 2010 жылы Азия облигациялар нарықтарын дамыту жөніндегі бастаманың (ABMI) шеңберінде құрылды. Форум ақпарат алмасу, саясат және реттеу саласында ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ ASEAN+3 өңіріндегі облигациялар нарықтарының ықпалдасуына жәрдемдесу үшін жетекші өңірлік алаң болып табылады. ABMF хатшылығын Азия даму банкі қамтамасыз етеді.

    Ұқсас материалдар

    ФорумАяқталды

    Қазақстанда исламдық сақтандыруды дамыту мүмкіндіктерін кеңейту жоспарлануда

    Қазақстанда исламдық сақтандыруды (такафул) дамыту және шариғат қағидаттарына сәйкес келетін сақтандыру өнімдерінің желісін кеңейту үшін қосымша жағдайлар жасау жоспарлануда. Тиісті бастама Cақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасында көзделген. Негізгі бағыттардың бірі жұмыс істеп тұрған сақтандыру...

    21 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Алматыда сақтандыру нарығының кадрлық әлеуетін арттыру талқыланды

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаментінің директоры Әсел Әмірбаева ACTEX Learning операциялық директоры Джоана Амориммен және Халықаралық Актуарийлер Қауымдастығының (IAA) өкілі Гаянэ Арсенянмен кездесті. Кездесу Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттіг...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Агенттік, СТКҚ және CII сақтандыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ (СТКҚ) ұйымдастырған Kazakhstan Insurance Forum 2026 шеңберінде Агенттік Төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынхановтың Chartered Insurance Institute (CII) Бас директоры Мэтью Хиллмен кездесуі өтті. Кездесу барысында Н...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Сақтандыру нарығын дамытудың өзекті мәселелері туралы жыл сайынғы форумда айтылды

    Алматыда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ ұйымдастырған жыл сайынғы KazakhstanInsurance Forum 2026 сақтандыру форумы өтті. Іс-шараға Қазақстанның мемлекеттік органдарының, сақтандыру қоғамдастығының өкілдері, сондай-ақ Халықаралық сақтандыруды қадағ...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Агенттік басшысы Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарымен барды

    Президенттің Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова Корея Республикасы қаржы реттеушісінің басшысымен кездесу өткізді, құрметті қонақ ретінде Корея мен Қазақстанның қаржылық ынтымақтастығы жөніндегі семинарға қатысты, сондай-ақ Кореяның...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КонгрессАяқталды

    Қазақстанда тәуекелдерді бағалау сапасын арттыру үшін Орталық актуарийді құру жоспарлануда

    Алматыда «Сандардағы сенім: ЖИ, тәуекелге бағдарланған реттеу және Еуразияның қаржы индустриясының актуарлық орнықтылығы» деген тақырыпта 4-ші Еуразиялық КРАФТ – 2026 конгресінің ашылуы өтті. Конгресс жұмысына түрлі елдердің реттеушілерінің, кәсіби қауымдастықтарының өкілдері, актуарийлері, тәуекел-менеджерлері, қаржы...

    16 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    СаммитАяқталды

    Агенттік қаржы секторын цифрлық түбегейлі өзгертуді күшейтуде

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова Central Asia Fintech Summit 2026 шеңберінде «Келесі онжылдықтың қаржы нарығы қандай болады?» пленарлық сессиясына қатысты. Сессия барысында қатысушылар қаржы нарығын дамыту перспективаларын, қаржы ұйымдарын цифрлық түбегейлі өзгертуді, жасанды и...

    11 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Агенттік басшылығы Astana Finance Days-ке қатысты

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынханов Astana Finance Days халықаралық форумы аясында «Қазақстанның капитал нарығы: одан әрі даму бағыты» панельдік сессиясына қатысты. Сессияға қатысушылар өтімділікті арттыруды, инвесторлар базасын кеңейтуді, биржалық инфрақұрылымды дамытуд...

    10 қыркүйек 2026 ж.Тікелей