ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
    ОтырысАяқталды

    ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

    Ағымдағы жылғы 31 шілде күні Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген кеңесінде 2026 жылғы
    23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселелері қаралды.

    Кеңеске облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері мен аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары қатысып, аумақтық сайлау комиссиялары төрағаларының сайлауға дайындық барысы туралы есептері тыңдалып, бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

    Кеңес барысында сайлауды әзірлеу барысында атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, алдағы міндеттер айқындалды.

    Кеңес отырысында сайлау учаскелерінің дайындығына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, барлық сайлау учаскелеріндегі телефон және интернет байланысының сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сайлау күні ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасау міндеттелді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін байланыс операторларымен және жауапты мекемелермен бірлескен жұмыстар жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

    Сонымен қатар, сайлаушыларды ақпараттандыру барысында бірқатар міндеттер белгіленді. Аумақтық сайлау комиссияларына сайлаушыларға шақыру қағаздарын тарату жұмыстары бекітілген алгоритмге сәйкес жүргізіліп, сайлаушыларға сайлау учаскесінің орналасқан жері, учаске шекараларындағы өзгерістер және дауыс беру тәртібі туралы толық ақпарат беру тапсырылып, бұл жұмыстарды тиімді ұйымдастыру мақсатында учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің, волонтерлердің және полиция қызметкерлерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жүктелді.

    Сайлау инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері де назардан тыс қалмады. Жаңадан құрылған және шекарасы өзгертілген сайлау учаскелері туралы ақпаратты азаматтарға уақытылы жеткізу, сайлау учаскелеріндегі маңдайшалар мен ақпараттық тақтайшалардың талапқа сәйкестігін тексеру, қажет болған жағдайда оларды жаңарту тапсырылды.

    Бұдан бөлек, сайлау комиссияларының толық құраммен жұмыс істеуін қамтамасыз ету, комиссия құрамдарындағы бос орындарды заңнама талаптарына сәйкес толықтыру, сайлау учаскелерін қажетті полиграфиялық өнімдермен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

    Кеңес барысында мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етуге ерекше мән берілді. Осы бағытта құрылған жұмыс тобының қызметін жүйелі түрде ұйымдастыру, азаматтардың сайлау процесіне кедергісіз қатысуына жағдай жасау және атқарылған жұмыстарға тұрақты мониторинг жүргізу міндеттелді.

    Сондай-ақ, сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту мәселесіне де басымдық берілді. Аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелеріне арналған семинарларға резервте тұрған азаматтардың қатысуын қамтамасыз ету, оқу процесін сапалы ұйымдастыру, семинар өтетін орындардың техникалық дайындығын қамтамасыз ету міндеттері белгіленді.

    Комиссия отырысының қорытындысы бойынша барлық жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалу мерзімдері айқындалды.

    Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

    Ақпараттық материалдар (бейнероликтер, аудиороликтер, инфографикалар)

    Ұқсас материалдар

    ОтырысАяқталды

    Аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті

    Аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығына сәйкес, 23 тамызға белгіленген Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Комиссия мүшелері отырысқа толық қатысып, сайлау науқанын...

    1 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Жамбыл облыстық сайлау комиссия төрағасының орынбасары Талғат Салқанұлы Жамаловтың 12 шілдеге тағайындалған Бесағаш және Қызылқайнар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына орай, сайлау учаскелерінің дайындығы зерделеніп, комиссия мүшелерімен отырыс өткізілді.

    Жамбыл облыстық сайлау комиссия төрағасының орынбасары Талғат Салқанұлы Жамаловтың 12 шілдеге тағайындалған Бесағаш және Қызылқайнар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына орай, сайлау учаскелерінің дайындығы зерделеніп, комиссия мүшелерімен отырыс өткізілді. Зерделеу барысында учаскенің материалдық-техникалық жабдықт...

    10 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Құрылтай депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізу жұмыстары бойынша Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген алғашқы отырысы өтті

    Құрылтай депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізу жұмыстары бойынша Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген алғашқы отырысы өтті 2026 жылғы 3 шілдеде ағымдағы жылдың 23 тамызына тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы науқаны шеңберінде Жамбыл облыстық аумақтық сайлау...

    10 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Аудандық сайлау комиссиясы отырыс өткізді.

    Аудандық сайлау комиссиясы отырыс өткізді. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығына сәйкес, 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу мәселелері...

    10 шілде 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    ЖАСТАРДЫҢ САЙЛАУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

    ЖАСТАРДЫҢ САЙЛАУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ Жамбыл облысында жас сайлаушылардың электоралдық белсенділігін арттыру және олардың құқықтық-саяси сауаттылығын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы мақсатта 2026 жылғы 15 маусымда Тараз қаласындағы М.Х. Дулати атындағы Тараз ун...

    16 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

    Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырыста мүгедектігі бар азаматтардың сайлау процесіне толыққанды қатысуы үшін қажетті жағдайларды жасау, сайлау учаскелерінің қолжетімділігін арттыру, ақпаратты...

    9 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    АУЫЛ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.

    АУЫЛ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.Бүгін, 2026 жылғы 3 маусымда Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы отырыс өткізіп, онда Жамбыл ауданының Бесағаш және Қызылқайнар ауылдық округтері әкімдерін сайлауды тағайындау туралы шешім қабылданды.Сайлау 2026 жылғы 12 шілдеге тағайындалды.Отырыс барысында сайлауды әзірлеу ме...

    3 маусым 2026 ж.Тікелей
    НазначениеАяқталды

    Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Алпысбаев әкім куәлігін табыс етті.

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 46-бабының 3-тармағының 2) тармақшасы, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкесЖамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 18 мамырдағы шешімімен 2026 жылғы 17 мамырда өткен сайлау қорытындысы бойынша Сәдір Нұрсейіт Әсетұ...

    19 мамыр 2026 ж.Тікелей