«Рейтингтік қызмет туралы» заң жобасы Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданды

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «Рейтингтік қызмет туралы» заң жобасы Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданды
    ВыступлениеАяқталды

    Парламент Мәжілісінде «Рейтингтік қызмет туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейтингтік қызмет мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының бірінші оқылымы өтті.

    Заң жобалары Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру үшін әзірленді.

    Мәжілістің жалпы отырысында сөз сөйлеген кезде Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымова «Жаңа Заң алғаш рет Қазақстандағы кредиттік рейтингтік агенттіктердің қызметін реттеудің құқықтық негізін белгілейді, олардың мәртебесін, қызмет шарттарын, тәуелсіздікке, ашықтық пен есептілікке қойылатын талаптарды айқындайды», - деп айтты.

    Кредиттік рейтингтерді кредиттік тәуекелді бағалау және инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде инвесторлар, банктер және реттеушілер кеңінен қолданады. Бұл ретте Қазақстанда ұлттық рейтингтік бағалау жүйесі және құқықтық базасы қалыптаспаған. Рейтингтерді негізінен қаржы ұйымдары мен ірі бизнес компаниялары алады.

    «Ұлттық рейтингтік жүйені құру ШОБ үшін капитал нарығына шығуды жеңілдетеді. Бұл қарыз алу құнын төмендетуге, ақпараттық асимметрияны азайтуға және эмитенттердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті М. Әбілқасымова.

    Кредиттік рейтингтік агенттіктердің үш түрін көздейтін нарықтың институционалдық моделі енгізіледі.

    Біріншіден, тәуелсіз ұлттық рейтингтік бағалау институты ретінде Қазақстанның рейтингтік агенттігін құру. Оның акционерлері Ұлттық Банк, халықаралық рейтингтік агенттік және басқа да қаржы ұйымдары болады. Ұлттық Банк агенттіктің қаржылық орнықтылығын және қаржы нарығы тарапынан сенімді қамтамасыз етеді.

    Екіншіден, халықаралық рейтингтік агенттіктер. Бұл – Standard&Poor's, Moody's, Fitch рейтингтік агенттіктері мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының кемінде бес елі таныған басқа рейтингтік агенттіктер.

    Сонымен бірге құжатта кредиттік рейтингтік агенттіктердің қызметін реттеу мен қадағалаудың толық циклі қалыптастырылады.

    Агенттікке халықаралық және шетелдік рейтингтік агенттіктерді тану, мониторингтеу және тануды кері қайтарып алу, сондай-ақ рейтингтік қызмет туралы заңнама талаптарының сақталуын бақылау өкілеттіктері беріледі.

    Нарыққа кіруге рұқсат беру үшін халықаралық және шетелдік рейтингтік агенттіктерге біліктілік талаптары белгіленеді. Оған кемінде бес жыл қызмет тәжірибесі, меншікті капитал деңгейінің жеткілікті болуы, тексеруден өткен әдіснамасы және институционалдық тәуелсіздігі жатады.

    Қазақстандық рейтингтік агенттік үшін жарғылықжәне меншікті капиталдың ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптар заңға тәуелді деңгейде белгіленетін болады. Жарғылық капитал шамамен 10 млрд теңгені құрайды деп болжануда, бұл басқа елдердегі ұлттық рейтингтік агенттіктердің практикасына сәйкес келеді.

    Басшы қызметкерлерге біліктілік талаптары белгіленеді. Оларға білімінің, жұмыс тәжірибесінің және мінсіз іскерлік беделдің болуы жатады.

    Қазақстандық рейтингтік агенттік үшін реттеушіге өз қызметі туралы ақпаратты, оның ішінде рейтингтер,әдіснамалар және тарихи статистика туралы деректерді беру міндеті енгізіледі. Ішкібақылау және тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарбелгіленеді.

    Агенттікке қызметті тексеру және қадағалаушараларын қолдану бойынша өкілеттіктер беріледі.

    Заң жобасында рейтингтік қызметтің негізгі элементі ретінде рейтингтерді беру әдіснамаларын реттеу қарастырылған.

    «Рейтингтік қызмет тек бекітілген әдіснамалар негізінде жүзеге асырылады. Әдіснамаларға қойылатын талаптар белгіленеді. Олар кредит қабілетін кешенді бағалауды, тәуекелдің барлық маңызды факторын ескеруді, тарихи деректер негізінде салыстыруды және тексерілуді қамтамасыз етуге тиіс», - деп нақтылады реттеушінің басшысы.

    Бұған қоса әдіснамаларды жылына кемінде бір рет тұрақты жаңартып отыру талабы енгізіледі. Әдіснамаларда қателер анықталған жағдайда оларды ашу міндеті енгізіледі.

    Заң жобасында рейтингтік агенттіктердің институционалдық және операциялық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар енгізіледі.

    Мүдделер қақтығысын анықтау және басқару бойынша ішкі саясаттардың болуына қойылатын талаптар қарастырылады. Рейтингтік қызметті өзге қызмет түрлерінен нақты бөлу, сондай-ақ консультациялық қызметтер көрсетуге тікелей тыйым салынады.

    Рейтингтер тәуелсіз болуы үшін рейтингтік талдаушыларға қойылатын талаптар енгізіледі. Олардың сыйақысы клиенттердің қаржылық нәтижелері мен табысына байланысты болмауы керек. Талдаушылардың міндетті ротациясы енгізіледі. Сонымен бірге үлестес болуға шектеу қойылады және рейтинг берілетін тұлғалардың қаржы құралдарын иеленуіне тыйым салынады.

    Корпоративтік басқаруға және меншік құрылымына қойылатын талаптар белгіленеді. Қазақстанның рейтингтік агенттігінің капиталына қатысу үлесіне 10 п айыздан аспайтын лимит енгізіледі. Директорлар кеңесіне жоғары талаптар енгізіледі, яғни Директорлар кеңесінің кемінде жартысы тәуелсіз директорлар болуға тиіс.

    Заң жобасының маңызды жаңалығы рейтингтік агенттіктер үшін ақпаратты ашу стандарттарын белгілеу болып табылады.

    Барлық рейтингтік агенттіктер өздерінің интернет-ресурсында әдіснамаларды, баға белгілеу саясатын және орын алған мүдделер қақтығысын ашық жариялауға міндетті.

    Рейтингтер бойынша дефолтдеңгейлері туралы тарихи деректерді жариялау туралы талап енгізіледі. Агенттік жыл сайын бенефициарлық меншік иелерінің құрылымын, ішкі бақылау нәтижелерін қамтитын қызметтіңашықтығы туралы есепті ашуға міндетті болады.

    Заң жобасы 7 тараудан, 30 баптан тұрады. Ол рейтингтік қызметті мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың кешенді моделін құрайды. Ілеспе заң жобасымен 3 кодекске және 18 заңға түзетулер енгізіледі.

    «Рейтингтік қызметті реттеудің негізгі мақсаты – рейтингті пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ кредиттік рейтингтік агенттіктер қызметінің ашықтығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету», - деп атап өтті реттеушінің басшысы.

    Қаржы нарығын дамыту

    Ұқсас материалдар

    Дөңгелек үстелАяқталды

    Агенттікте төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігі талқыланды

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде БАҚ өкілдерімен «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заңда көзделген төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігін түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шараны аша отырып, Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Тимур Әбілқасымов 2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақст...

    30 шілде 2026 ж.Тікелей
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Алматыда Сақтандыру нарығын дамыту тұжырымдамасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті

    Алматыда Сақтандыру нарығын дамыту тұжырымдамасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Еуропа Қайта құру және даму банкінің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, Мемлекеттік кредиттік бюроның, Қазақстан сақтандырушылар қауымдастығының, Сақтандыру төлемдеріне...

    19 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Агенттік пен ХВҚ Қазақстанның қаржы секторын дамыту басымдықтарын талқылады

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдерінің Қазақстан Республикасындағы ХВҚ миссиясы шеңберінде Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) делегациясымен екіжақты кездесулері өтті. ХВҚ делегациясын ХВҚ Қазақстан бойынша миссиясының басшысы, ХВҚ Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаменті Орталық Азия елдері басқа...

    8 маусым 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Жастар алаяқтарға қарсы: Шымкентте қаржылық қауіпсіздік және дропперлік мәселелері талқыланды

    М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі Fingramota.kz жобасының аясында «Қаржылық қауіпсіздік: жастардың таңдауы»форумы өтті. Іс-шара студенттердің, оқытушылардың, қаржы нарығы сарапшыларының, киберполиция мен қ...

    1 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОлимпиадаАяқталды

    Агенттік студенттер арасында қаржылық сауаттылық бойынша республикалық олимпиада өткізді

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен «Болашақтың қаржысы: ұлттық экономиканы дамытудың сын-қатерлері мен жаңа мүмкіндіктері» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII республикалық студенттік пәндік олимпиадаөткізді. Іс-шара «Тұран» университетінде Агенттіктің Fingram...

    19 мамыр 2026 ж.Тікелей
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Алматыда «Капитал нарығы күні» дөңгелек үстелі өтті

    Алматыда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Ұлттық Банктің, KASE, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, банктердің, сақтандыру ұйымдарының, институционалдық инвесторлар өкілдерінің, сондай-ақ халықаралық консультанттар мен сарапшылардың қатысуымен «Капитал н...

    15 мамыр 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Қазақстан мен АДБ Облигациялар нарығы бойынша нұсқауды ұсынады

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Ұлттық Банк, Қаржы министрлігі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) және Азия Даму Банкі (АДБ) Қазақстан тарихындағы осындай алғашқы құжат – «Қазақстан үшін облигациялар нарығы бойынша нұсқаудың» (Bond Market Guide for Kazakhstan) жарияланғанын хабарлайды. Кешенді анық...

    4 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Қаржылық сауаттылық бойынша форум: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да инвестициялар, банктік сервистер және алаяқтықтан қорғау мәселелері талқыланды

    Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Farabi Hub алаңында «Қаржы навигаторы: сенімділік пен қауіпсіздікке жол» форумы өтті. Іс-шара студенттерді, оқытушыларды, қаржы нарығының сарапшыларын және бейінді ұйымдардың өкілдерін біріктірді. Форум Fingramota.kz. қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы аясында...

    24 сәуір 2026 ж.Тікелей