Агенттік жаңа банкке лицензия берді

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Агенттік жаңа банкке лицензия берді
    ЖаңалықтарАяқталды

    Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «БиЭнКей» коммерциялық банкі» АҚ-қа банкоперацияларынжүргізугелицензия берді.

    Шетелдік банкті ашу Мемлекетбасшысы Қ.К. Тоқаевтың 2023 жылғы қыркүйекте Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы барысында айтылған, елге сенімді шетелдік банктерді тарту және банк секторындағы бәсекелестікті арттыру жөніндегі тапсырмасын орындауға сәйкес келеді.

    БұлҚазақстанда 2010 жылдан бері берілген алғашқы банктік лицензия. Бұл оқиға Қазақстанның қаржы жүйесінің жаңакезеңді ашуға — корпоративтікбасқару деңгейі жоғары және технологиялық тұрғыдан жетілген жаңа шетелдік қатысушыларды тартуға дайындығын растайды.

    Салтанатты рәсім барысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова BNK Capital Төрағасы Ким Сонг Джу мырзаға банк операцияларын жүзеге асыруға арналған лицензияны табыс етті. Агенттік басшысы жаңа шетелдік ойыншының келуі банк секторындағы бәсекелестікті күшейтетінін атап өтті, бұл жаңа банк өнімдерінің дамуына және шағын және орта бизнеске кредит берудің өсуіне серпін береді.

    «БиЭнКей» коммерциялық банкі» АҚ әмбебап цифрлық сервистерді дамытуға, шағын және орта бизнеске кредит беруге және автокөлік алуға кредит беруге бағдарланған.

    Банк бұрын микроқаржы ұйымы мәртебесінде жұмыс істеген «BNK Finance Kazakhstan» ЖШС қайта құру нәтижесінде құрылды. 2024 жылғы маусымда Агенттік микроқаржы ұйымдарын қайта құру мүмкіндігін көздейтін заңнама шеңберінде екінші деңгейдегі банкке айналдыруға рұқсат берді. Биыл 30 мамырда Агенттік қайта құру жөніндегі іс-шараларды іске асыру туралы есепті бекітті, содан кейін компания банк ретінде мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.

    Берілген лицензия банкке банк операцияларын, оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, банктік шоттар ашуды және жүргізуді, кассалық және аударым операцияларын, кредиттер беруді және шетел валютасымен операциялар жүргізуді жүзеге асыру құқығын береді. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қосылғаннан кейін жеке тұлғалардың депозиттерімен және банк шоттарымен операциялар жүзеге асыруға мүмкіндік болады.

    Қайта құру сәтінде ұйымның активтері 25,8млрд теңгені, кредиттік портфель 21,8млрд теңгені құрады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ұйым активтер мөлшері бойынша микроқаржы ұйымдары арасында 15-ші орында болды.

    «БиЭнКей» коммерциялық банкі» АҚ халықаралық қаржы холдингі – Оңтүстік Кореяның BNKFinancial Group Inc. құрамына кіреді, оның активтері 103 млрд АҚШ долларынан асады. Сонымен бірге топтың құрамына Busan Bank және Kyongnam Bank банктері, сондай-ақ инвестициялық компаниялар кіреді. Топтың екі Корея банкінің «A2» деңгейіндегі халықаралық рейтингтері және 300-ден астам филиалы бар.

    Қазақстанда банктің даму жоспары үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қаржы институты бизнес-құрылымды пайдалана отырып, нарыққа тиімді шығуды, цифрлық банкингтің базалық жүйесін және тәуекелдерді басқарудың сенімді жүйесін құруды қоса алғанда, банкке трансформацияны тұрақтандыруды жоспарлап отыр. Екінші кезеңде операциялық қызметті кеңейту, оның ішінде өнім портфелін әртараптандыру, автолизинг нарығына шығу және цифрлық өнімдерді кеңейту жоспарлануда. Бұдан басқа, банк ШОК-қа бағдарланған банктің имиджін қалыптастыру, цифрлық трансформацияны тереңдету және ТМД нарығына шығу үшін база құру жолымен активтерді әртараптандыруды көздейді.

    Банк секторы

    Ұқсас материалдар

    ФорумАяқталды

    Қазақстанда исламдық сақтандыруды дамыту мүмкіндіктерін кеңейту жоспарлануда

    Қазақстанда исламдық сақтандыруды (такафул) дамыту және шариғат қағидаттарына сәйкес келетін сақтандыру өнімдерінің желісін кеңейту үшін қосымша жағдайлар жасау жоспарлануда. Тиісті бастама Cақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасында көзделген. Негізгі бағыттардың бірі жұмыс істеп тұрған сақтандыру...

    21 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Алматыда сақтандыру нарығының кадрлық әлеуетін арттыру талқыланды

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаментінің директоры Әсел Әмірбаева ACTEX Learning операциялық директоры Джоана Амориммен және Халықаралық Актуарийлер Қауымдастығының (IAA) өкілі Гаянэ Арсенянмен кездесті. Кездесу Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттіг...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Агенттік, СТКҚ және CII сақтандыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ (СТКҚ) ұйымдастырған Kazakhstan Insurance Forum 2026 шеңберінде Агенттік Төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынхановтың Chartered Insurance Institute (CII) Бас директоры Мэтью Хиллмен кездесуі өтті. Кездесу барысында Н...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Сақтандыру нарығын дамытудың өзекті мәселелері туралы жыл сайынғы форумда айтылды

    Алматыда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ ұйымдастырған жыл сайынғы KazakhstanInsurance Forum 2026 сақтандыру форумы өтті. Іс-шараға Қазақстанның мемлекеттік органдарының, сақтандыру қоғамдастығының өкілдері, сондай-ақ Халықаралық сақтандыруды қадағ...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Агенттік басшысы Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарымен барды

    Президенттің Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова Корея Республикасы қаржы реттеушісінің басшысымен кездесу өткізді, құрметті қонақ ретінде Корея мен Қазақстанның қаржылық ынтымақтастығы жөніндегі семинарға қатысты, сондай-ақ Кореяның...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КонгрессАяқталды

    Қазақстанда тәуекелдерді бағалау сапасын арттыру үшін Орталық актуарийді құру жоспарлануда

    Алматыда «Сандардағы сенім: ЖИ, тәуекелге бағдарланған реттеу және Еуразияның қаржы индустриясының актуарлық орнықтылығы» деген тақырыпта 4-ші Еуразиялық КРАФТ – 2026 конгресінің ашылуы өтті. Конгресс жұмысына түрлі елдердің реттеушілерінің, кәсіби қауымдастықтарының өкілдері, актуарийлері, тәуекел-менеджерлері, қаржы...

    16 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    СаммитАяқталды

    Агенттік қаржы секторын цифрлық түбегейлі өзгертуді күшейтуде

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова Central Asia Fintech Summit 2026 шеңберінде «Келесі онжылдықтың қаржы нарығы қандай болады?» пленарлық сессиясына қатысты. Сессия барысында қатысушылар қаржы нарығын дамыту перспективаларын, қаржы ұйымдарын цифрлық түбегейлі өзгертуді, жасанды и...

    11 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Агенттік басшылығы Astana Finance Days-ке қатысты

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынханов Astana Finance Days халықаралық форумы аясында «Қазақстанның капитал нарығы: одан әрі даму бағыты» панельдік сессиясына қатысты. Сессияға қатысушылар өтімділікті арттыруды, инвесторлар базасын кеңейтуді, биржалық инфрақұрылымды дамытуд...

    10 қыркүйек 2026 ж.Тікелей