Агенттік «KMF Банк» АҚ-қа банктік лицензия берді

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Агенттік «KMF Банк» АҚ-қа банктік лицензия берді
    ЖаңалықтарАяқталды

    Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «KMF Банк» АҚ-қа банк операцияларын жүргізуге лицензия берді. Банк Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаевтың 2023 жылғы қыркүйектегі жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған банк секторында бәсекелестікті арттыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында ашылуда.

    Салтанатты тапсыру рәсімінде Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымова лицензияны «KMF Банк» АҚ Басқарма Төрағасы Шалқар Жүсіповке тапсырды. Жаңа банк Қазақстандағы екінші деңгейдегі 23-ші банк болды және еліміздегі ірі KMF микроқаржы ұйымын қайта құру жолымен құрылды.

    KMF – 1997 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қаржы секторының ең көне және ең орнықты қатысушыларының бірі.
    2024 жылдың қорытындысы бойынша ұйым активтер, портфель көлемі және клиенттер саны бойынша Қазақстанның микроқаржы ұйымдары арасында бірінші орынды иеленді. Жұмыс істеген жылдары KMF ауқымды өңірлік желі құрды және өзін әлеуметтік бағыттағы және қаржылық тұрғыдан тұрақты институт ретінде көрсетті.

    2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, KMF активтері 395 млрд теңгені құрады. Кредит портфелі 315 млрд теңгеге жетті, бұл ретте қаражаттың 90%-дан астамы аграрлық сектордағы 100 мыңнан астам қарыз алушыны қоса алғанда, шағын және орта бизнесті қаржыландыруға жұмсалды.

    Кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсету желісі бойынша жобалар экономиканың нақты секторы субъектілеріне KMF берген кредиттердің 55%-ын құрады. Клиенттерінің жалпы саны 275 мыңнан асты, олардың 70%-нан астамы өңірлерде тұрады.

    90 күннен астам мерзімі өткен берешек деңгейі 6%-дан төмен деңгейде қалды, ал капитал жеткіліктілігі 22%-дан жоғары, бұл қаржылық орнықтылығының жоғары екенін білдіреді. Филиал желісінде тұтастай еліміз бойынша 17 филиал мен 123 құрылымдық бөлімше болды. Қызметкерлердің жалпы саны 2 500 адамнан асты, олардың ішінде шамамен 70%-ы өңірлік бөлімшелерде жұмыс істейді.
    180 мыңнан астам адам KMF өзінің негізгі акционері болып табылатын KMF-Демеу корпоративтік қорымен бірлесіп іске асырған әлеуметтік жобалар арқылы қаржылық және бизнес-сауаттылықты оқып үйренді.

    Берілген лицензия банкке заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, банктік шоттар ашуды және жүргізуді, кассалық және аударым операцияларын, кредиттер беруді және шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуді, банктік кепілдіктерді, оның ішінде банктің жаңа мобильді қосымшасында беруді қоса алғанда, банк операцияларын жүзеге асыру құқығын береді. Жеке тұлғаларға қызмет көрсету депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қосылғаннан кейін мүмкін болады.

    Банк мәртебесінде «KMF Банк» АҚ ШОБ-ты, оның ішінде шалғайдағы өңірлер мен ауылдық жерлерде ШОБ-ты қаржыландырудағы, сондай-ақ дәстүрлі банкинг пен цифрлық шешімдерді біріктіре отырып, банк қызметтерінің желісін кеңейтудегі басымдықты сақтап қалуды жоспарлап отыр.

    KMF Банк 2025 жылы банктік лицензия алған екінші жаңа банк болды. Осының алдында 25 маусымда «БиЭнКей» коммерциялық банкі» АҚ-қа лицензия берілген болатын. Бүгінгі таңда елімізде 23 екінші деңгейлі банк жұмыс істейді, оның ішінде 11 шетелдік қаржы топтарының қатысуымен.

    Банк секторы

    Ұқсас материалдар

    ФорумАяқталды

    Қазақстанда исламдық сақтандыруды дамыту мүмкіндіктерін кеңейту жоспарлануда

    Қазақстанда исламдық сақтандыруды (такафул) дамыту және шариғат қағидаттарына сәйкес келетін сақтандыру өнімдерінің желісін кеңейту үшін қосымша жағдайлар жасау жоспарлануда. Тиісті бастама Cақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасында көзделген. Негізгі бағыттардың бірі жұмыс істеп тұрған сақтандыру...

    21 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Алматыда сақтандыру нарығының кадрлық әлеуетін арттыру талқыланды

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаментінің директоры Әсел Әмірбаева ACTEX Learning операциялық директоры Джоана Амориммен және Халықаралық Актуарийлер Қауымдастығының (IAA) өкілі Гаянэ Арсенянмен кездесті. Кездесу Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттіг...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Агенттік, СТКҚ және CII сақтандыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ (СТКҚ) ұйымдастырған Kazakhstan Insurance Forum 2026 шеңберінде Агенттік Төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынхановтың Chartered Insurance Institute (CII) Бас директоры Мэтью Хиллмен кездесуі өтті. Кездесу барысында Н...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Сақтандыру нарығын дамытудың өзекті мәселелері туралы жыл сайынғы форумда айтылды

    Алматыда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ ұйымдастырған жыл сайынғы KazakhstanInsurance Forum 2026 сақтандыру форумы өтті. Іс-шараға Қазақстанның мемлекеттік органдарының, сақтандыру қоғамдастығының өкілдері, сондай-ақ Халықаралық сақтандыруды қадағ...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Агенттік басшысы Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарымен барды

    Президенттің Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова Корея Республикасы қаржы реттеушісінің басшысымен кездесу өткізді, құрметті қонақ ретінде Корея мен Қазақстанның қаржылық ынтымақтастығы жөніндегі семинарға қатысты, сондай-ақ Кореяның...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КонгрессАяқталды

    Қазақстанда тәуекелдерді бағалау сапасын арттыру үшін Орталық актуарийді құру жоспарлануда

    Алматыда «Сандардағы сенім: ЖИ, тәуекелге бағдарланған реттеу және Еуразияның қаржы индустриясының актуарлық орнықтылығы» деген тақырыпта 4-ші Еуразиялық КРАФТ – 2026 конгресінің ашылуы өтті. Конгресс жұмысына түрлі елдердің реттеушілерінің, кәсіби қауымдастықтарының өкілдері, актуарийлері, тәуекел-менеджерлері, қаржы...

    16 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    СаммитАяқталды

    Агенттік қаржы секторын цифрлық түбегейлі өзгертуді күшейтуде

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова Central Asia Fintech Summit 2026 шеңберінде «Келесі онжылдықтың қаржы нарығы қандай болады?» пленарлық сессиясына қатысты. Сессия барысында қатысушылар қаржы нарығын дамыту перспективаларын, қаржы ұйымдарын цифрлық түбегейлі өзгертуді, жасанды и...

    11 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Агенттік басшылығы Astana Finance Days-ке қатысты

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынханов Astana Finance Days халықаралық форумы аясында «Қазақстанның капитал нарығы: одан әрі даму бағыты» панельдік сессиясына қатысты. Сессияға қатысушылар өтімділікті арттыруды, инвесторлар базасын кеңейтуді, биржалық инфрақұрылымды дамытуд...

    10 қыркүйек 2026 ж.Тікелей