Алматы қаласында BNK Commercial Bank-інің офисі ашылды

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Алматы қаласында BNK Commercial Bank-інің офисі ашылды
    ЖаңалықтарАяқталды

    Алматы қаласында BNK Commercial Bank – микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жолымен құрылған алғашқы шетелдік банктің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл оқиға BNK командасының, консультанттардың және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қызметкерлерінің үлкен және мақсатты жұмысының нәтижесі болды.

    Шетелдік банктің ашылуы Мемлекетбасшысы Қ. К.Тоқаевтың 2023 жылғы қыркүйекте Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы барысында айтылған, елге сенімді шетелдік банктерді тарту және банк секторындағы бәсекелестікті арттыружөніндегітапсырмасының орындалуынасәйкескеледі.

    Ашылу салтанатына BNK Financial Group халықаралық қаржы тобының, сондай-ақ BNK Busan Bank, BNK Kyongnam Bank, BNK Capital институттарының басшылары қатысты. Бұл топтың жиынтық активтері 114 млрд АҚШ долларын, ал меншікті капиталы шамамен 8 млрд АҚШ долларын құрайды.

    «Біз үшін бұл оқиғаның өте маңызды тарихи мәні бар, себебі бұл Қазақстанда микроқаржы ұйымын банкке айналдыру арқылы құрылған алғашқы шетелдік банк. Екіншіден, бұл Қазақстанда 2010жылдан бері берілген соңғы 15 жылдағы алғашқыбанктік лицензия. Сондай-ақ, бұл Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде Қазақстанда қызметті жүзеге асыруға банктік лицензия алған алғашқы шетелдік банк», – деп атап өтті Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымова.

    Банк өзінің негізгі стратегиялық мақсаты ретінде Қазақстандағы шағын және орта бизнеске кредит беру деп мәлімдеді. Шағын және орта бизнесті кредиттеу Қазақстанның экономикалық саясатының аса маңызды басымдығы. Ағымдағы жылдың 7 айында ШОБ кредиттерінің портфелі 8%-ға өсіп, 26,7 млрд АҚШ долларын құрады. Банктің ашылуы Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты күшейту үшін маңызды қадам болып табылады.

    Биыл 25 маусымда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі BNK Commercial Bank-іне банк операцияларын жүргізуге лицензия бергенін еске саламыз.

    Банк секторы

    Ұқсас материалдар

    Дөңгелек үстелАяқталды

    Агенттікте төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігі талқыланды

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде БАҚ өкілдерімен «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заңда көзделген төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігін түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шараны аша отырып, Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Тимур Әбілқасымов 2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақст...

    30 шілде 2026 ж.Тікелей
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Алматыда Сақтандыру нарығын дамыту тұжырымдамасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті

    Алматыда Сақтандыру нарығын дамыту тұжырымдамасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Еуропа Қайта құру және даму банкінің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, Мемлекеттік кредиттік бюроның, Қазақстан сақтандырушылар қауымдастығының, Сақтандыру төлемдеріне...

    19 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Агенттік пен ХВҚ Қазақстанның қаржы секторын дамыту басымдықтарын талқылады

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдерінің Қазақстан Республикасындағы ХВҚ миссиясы шеңберінде Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) делегациясымен екіжақты кездесулері өтті. ХВҚ делегациясын ХВҚ Қазақстан бойынша миссиясының басшысы, ХВҚ Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаменті Орталық Азия елдері басқа...

    8 маусым 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Жастар алаяқтарға қарсы: Шымкентте қаржылық қауіпсіздік және дропперлік мәселелері талқыланды

    М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі Fingramota.kz жобасының аясында «Қаржылық қауіпсіздік: жастардың таңдауы»форумы өтті. Іс-шара студенттердің, оқытушылардың, қаржы нарығы сарапшыларының, киберполиция мен қ...

    1 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОлимпиадаАяқталды

    Агенттік студенттер арасында қаржылық сауаттылық бойынша республикалық олимпиада өткізді

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен «Болашақтың қаржысы: ұлттық экономиканы дамытудың сын-қатерлері мен жаңа мүмкіндіктері» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII республикалық студенттік пәндік олимпиадаөткізді. Іс-шара «Тұран» университетінде Агенттіктің Fingram...

    19 мамыр 2026 ж.Тікелей
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Алматыда «Капитал нарығы күні» дөңгелек үстелі өтті

    Алматыда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Ұлттық Банктің, KASE, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, банктердің, сақтандыру ұйымдарының, институционалдық инвесторлар өкілдерінің, сондай-ақ халықаралық консультанттар мен сарапшылардың қатысуымен «Капитал н...

    15 мамыр 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Қазақстан мен АДБ Облигациялар нарығы бойынша нұсқауды ұсынады

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Ұлттық Банк, Қаржы министрлігі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) және Азия Даму Банкі (АДБ) Қазақстан тарихындағы осындай алғашқы құжат – «Қазақстан үшін облигациялар нарығы бойынша нұсқаудың» (Bond Market Guide for Kazakhstan) жарияланғанын хабарлайды. Кешенді анық...

    4 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Қаржылық сауаттылық бойынша форум: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да инвестициялар, банктік сервистер және алаяқтықтан қорғау мәселелері талқыланды

    Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Farabi Hub алаңында «Қаржы навигаторы: сенімділік пен қауіпсіздікке жол» форумы өтті. Іс-шара студенттерді, оқытушыларды, қаржы нарығының сарапшыларын және бейінді ұйымдардың өкілдерін біріктірді. Форум Fingramota.kz. қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы аясында...

    24 сәуір 2026 ж.Тікелей