Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспары негізінде келесі жұмыстар атқарылды:
1.Департамент қызметкерлерінің қатысуымен 2 ақпан күні өткізілген аппараттық кеңесте Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Заңының 12 бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге материалдық сыйақыны, сыйлықтарды қабылдауға тиым салынған және білмей келіп түскен сыйлықтарды уәкілетті органға тапсыру қажет деп көрсетілгені, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 3-тарауы 6-тармағының 9) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерді адал орындауға кедергі келтіретін құқыққа сыймсыз қаржылық және мүліктік мүдделерді қудаламауы керек делінгеі, осыға орайі мемлекеттік қызметшілерге білмей келіп түскенсыйлықтарды уәкілетті органға өтеусіз беру бойынша жадынама талаптары және тексеру барысында Қазақстан Республкасы Кәсіпкерлік кодексінің 145- бабы 2-тармағының 12)тармақшасына сәйкес заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы керек екені көрсетілгенін негізге ала отырып, бақылау қадағалау субъектісін тексеру тағйаындау актісінің түпнұсқасымен таныстыру қажеттігін ескеру туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
https://www.instagram.com/p/DUQc_Y3iBkt/?igsh=bWJxc3JvYXNnYjc0
2.2026 жылдың 16 ақпанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Н.Досекешов пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Б.Мамытхановтың қатысуымен мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Осы кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар, мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі сырт келбеті, әріптестермен қызметтік қарым-қатынасты реттеу, қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық - әдептілік нормаларын ұстану мәселелері және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәджениетті қалыптастырға ерекше назар аудару қажеттігі, ашықтық пен жариялылық қағидаттарын жүзеге асыру бағытында толық ақпараттар берілді.
https://www.instagram.com/p/DU0l04PgsLR/?igsh=MXRoYnd2MG9uOTFvYw ==
3.Мереке күндері алдында жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.
- 12 наурызда Департамент қызметкерлері Тахауи Ахтанов атындағы драма театрында өткен Әділбек Тауасаровтың «Махаббат аралы» драмасының желісімен сахналанатын «Сезім саудасы» қойылымының премьерасын тамашалады. Қойылым – адалдық пен жауапкершілікті ұмытқан заманға ой тастайын, сыбайлас жемқорлықтақырыптарын тоғыстыратын психологиялық туынды.
https://www.instagram.com/p/DV-96KeiK_b/?igsh=NXl5NjR4bTF2Z3U5
5.Ақтөбе орта мектебінің 10-11 класс оқушылары арасында 13 наурыз күні «Мемлекеттік қызмет –ел тірегі» апталығы шеңберінде кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты –оқушыларға мемлекеттік қызметтің қоғамдағы маңыздылығын түсіндіру, мемлекеттік қызметшінің кәсіби жолымен таныстыру және оқушылардың болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуына ықпал ету.
Кездесуге Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Ж.Жаманова арнайы қатысып, оқушылармен өз тәжірибесін бөлісті. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті.
https://www.instagram.com/reel/DV2xdqZCLCB/?igsh=dDhqMm81MHBqc2Y0
- 16 наурызда офлайн форматта мемлекеттік балабақша меңгерушілеріне, 17 наурызда онлайн форматта шалғай ауылдардағы мемлекеттік балабақшалардың меңгерушілерінің қатысуымен лицензиялау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
https://www.instagram.com/p/DV-WntPiBE_/?igsh=MTVtMWllcHEwZ3lmMQ ==
https://www.instagram.com/p/DV-WntPiBE_/?igsh=MTVtMWllcHEwZ3lmMQ ==
7.Департамент қызметкерлері 20 наурыз күні жаңару мен жаңғырудың, татулық пен берекенің бастауы – Наурыз мерекесін атап өтті.
https://www.instagram.com/p/DWHBogIiN11/?igsh=MWMzaW0xMG5nODg5cg ==
- Наурыздың 30 күні «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында жеке балабақшалардың қызметін талдау бойынша маңызды кездесу өтті.
https://www.instagram.com/reel/DWgX1PfjEGO/?igsh=c3k2enNianZkeTFq
- 1-9 сәуір аралығында облыстық білім беру ұйымдарында, соның ішінде Алға, Мұғалжар, Темір аудандары және Ақтөбе қаласының 10 жалпы білім беретін ұйымдарында білім сапасын бағалауға арналған PIRLS-2026 халықаралық зерттеуінің өткізілу барысына Департамент мамандары бақылау жасады.
https://www.instagram.com/p/DW8XquRCESe/?igsh=MWU0ZGhhMnN4anh3aw ==
- Департаменттің мемлекеттік қызметшілерін ақпараттандыру мақсатында 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап мемлекеттік қызметке іріктеу жаңартылған форматта өтетіндігі туралы флайер Департаменттің @upe_dokso_aktobe инстаграм парақшасына орналастырылды.
11.Департаменттің мемлекеттік қызметшілері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 14 сәуірде кезекті сенбілікке белсене қатысып, қоршаған ортаны тазалау жұмыстарына өз үлестерін қосты.
https://www.instagram.com/reel/DXBgrFPiPjg/?igsh=MTN6bWd0cDhlc3BwNQ ==
12.Сәуір айының 29 жұлдызында жыл бойы жұмыс жасайтын және маусымдық білім беру және сауықтыру ұйымдарын лицензиялау мәселесі бойынша кездесу ұйымдастырылды. Осы шараға жыл бойы жұмыс жасайтын және маусымдық білім беру және сауықтыру ұйымдарының заңды өкілдері қатысты. Кездесуге ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті басшысының орынбасары С.Ибраева, Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық департаменті, Білім басқармасы, Төтенше жағдайлар департаменті, медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің өкілдері қатысты және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
https://www.instagram.com/p/DV78SSrCOKg/?igsh=MmR0ZTN4Ymg2bWxr
13.Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты олардың әкімшілік жауаптылыққа («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің қоғамдық тәртiп пен имандылыққа қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарға қатысты келесі баптары бойынша 434, 439, 440, 441, 443, 444, 446, 449, 450, 482, 490, 608, 613) тартылуы жағдайына ағымдағы жылдың 6 айы бойынша мониторинг жүргізілді. Департаменттің мемлекеттік қызметшілері тарапынан қоғамдық тәртіпті бұзу деректері орын алмағаны анықталды.
- «Отан қорғаушылар» мерекесіне орай 7 мамыр күні Департамент қызметшілеріне мәдени демалыс ұйымдастырылды. Шараның мақсаты ұжымда қолайлы атмосфера, бірлік, татулық пен ынтымақтастықты қалыптастыру. Ұжым мүшелері таза ауда спорттық ойындар ойнап, алтыбақан теуіп, бір біріне жылы лебіздерін білдірді.
https://www.instagram.com/reel/DYEVsUQoLEb/?igsh=bWMwdzFyZTB4MXcz
- 19 мамырда «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті дайындаған флайер Департаменттің @dokso_aktobe инстаргам прақшасына орналастырылды.
- 16. 21 мамырда 2026 жылғы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу тізіміне енгізілген Ақтөбе облысының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен (онлайн, офлайн) семинар өткізілді. Бұл семинар барысында мемлекеттік аттестаттаудың жаңа форматы мен қағида талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, осы шара барысында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау туралы мәселелер де көтерілді.
https://www.instagram.com/reel/DYmVFUXoaBW/?igsh=MWJoNWNiMnNsaWxycg ==
- Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізуге қатысатын сарапшылармен семинар 30 мамыр күні ұйымдастырылды. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу сапасын арттыру және бағалау рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілді.
https://www.instagram.com/reel/DY8vd3ds_-L/?igsh=MWxuZnl4cnJiMTdzeQ ==
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің тапсырмасы негізінде мамыр-маусым айларына жоспарланған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы екіайлық» іс-шарасына сәйкес 5 маусым күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру-сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыты» тақырыбында ұйымдастырылған кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Е.Байниязов қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптары, қызметтік әдепті сақтау маңыздылығы және мемлекеттік қызмет жүесіндегі ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
https://www.instagram.com/p/DZMgk6-CH2i/?igsh=MWI3ZXZuYnVjcmxjbg ==
- «Заң мен тәртіп-әділ қоғамның негізі» тақырыбында 18 маусым күні Департамент басшысы «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдама» бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
https://www.instagram.com/p/DZMgk6-CH2i/?igsh=MWI3ZXZuYnVjcmxjbg ==
20.Мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан адамдарды көтермелеу мақсатында 23 маусым-Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы Л.Кализина Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Құрмет грамотасымен, Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы Б.Колкабаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің Алғыс хатымен марапатталды.
https://www.instagram.com/p/DZ7XYNzCFgj/?igsh=NzR2dGwyandmbHNl