Көкпекті ауданыныңҚоғамдық кеңесініңкезектіотырысы
№9 24 шілде 2026 жыл
Көкпекті ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыстары туралы
Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!
Бүгін біз Көкпекті ауданының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысын өткіземіз.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 13-бабының 1-тармағына сәйкес Қоғамдық кеңестің кезекті отырысын Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі хатшысы Р.Наурызбаева ашады. Қоғамдық кеңестің құрамына 10 мүше сайланған. Бүгінгі отырысқа 8 қатысады, дәлелді себептермен 2 жоқ.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 2-тармағының негізінде Қоғамдық кеңестің отырысы өз жұмысын бастауға құқылы.
Отырыстың келесі күн тәртібі ұсынылады:
- Көкпекті ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасын басқа жаққа қоңыс аударуына байланысты жана төраға сайлау.
- Көкпекті ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына резервтік тізімнен мүшелерді қабылдау.
- Көкпекті ауданының Қоғамдық кеңесінің Төралқасынының құрамына өзгерістер енгізу.
- Көкпекті ауданының Қоғамдық кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына өзгерістер енгізу.
- Қоғамдық кеңес қызметінің бағыттары бойынша комиссиялар құру, олардың дербес құрамдарын бекіту және комиссия төрағаларын сайлау.
Күн тәртібі бойынша қарсылықтар бола ма? Жоқ.
Мен дауыс беруге қоямын. Кім__ жақтайды? Кім__ қарсы? Қалыс қалушылар?Жоқ.
Отырыстың күн тәртібі бекітіледі.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселені қарауға көшеміз.
Көкпекті ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасының басқа жаққа қоныс аударып көшуіне байланысты төрағаны сайлау.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1-тармағына сәйкес біз Көкпекті ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасын сайлауымыз қажет. Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері, қандай ұсыныстар болады?
Көкпекті аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелігінен басқа жаққа қоныс аудары көшуіне байланысты Аубакиров Нурлан Кусманович мүшеліктен де төрағалықтан да босатылсын.
Көкпекті аудандық қоғамдық кеңесінің жұмыс тобы бекіткен резервтен «Жұлдыз-Новая жизнь» газетінің директоры,бас редактор Таяенкенов Фархат Маратович мүшелікке алынсын.
Сөз,Қоғамдық кеңес мүшесі, Джунуспеков Кажет – қоғам белсендісі,мемлекттік органда жұмыс жасамайтын болу керек десе мен зейнеткер Гүлбаран Майлыбайқызы Ақшабаеваны ұсынамын.
(Гулбаран Майлыбайқызы Акшабаеваның кандидатурасы енгізіледі).
Басқа ұсыныстар бола ма? Жоқ. Кандидатура бойынша ескертулер бола ма? Жоқ.
Мен дауыс беруге қоямын. Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалушылар?Жоқ.
Қабылданады.
Акшабаева Гулбаран Майлыбаевна төралқада орын алып, отырыс жұмысын жалғастыруды сұраймын.
Қоғамдық кеңестің төрағасы- Акшабаева Гулбаран Майлыбаевна
Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері! Отырыс жұмысын жалғастырамыз.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2-тармағына сәйкес Қоғамдық кеңестің қызметіне басшылықты жедел жүзеге асыру үшін оның отырыстары арасындағы кезеңде Қоғамдық кеңестің төралқасы сайланады.
Қоғамдық кеңестің төралқасы Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіреді, Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуді дайындауды ұйымдастырады, Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді, Қоғамдық кеңестің ұсынымдарының орындалуына мониторингті жүзеге асырады.
Мен келесі құрамда 3 адамнан тұратын Қоғамдық кеңестің Төралқасын сайлауды ұсынамын:
1. |
Акшабаева Гулбаран Майлыбаевна |
Қоғамдық кеңестің төрайымы |
2. |
Тусупжанов Кизат Нурголжанович |
Зейнеткер |
3. |
Рахимбаев Азат Қайратұлы |
Ішкі саясат бөлімінің басшысы |
Қандай ескертулеболады? Қарсылықтар? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын. Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалушылар?Жоқ.
Шешім қабылданды.
Отырыс төрағасы:
Біз мәселені қарастыруға көшеміз. Көкпекті ауданының Қоғамдық кеңесі туралы ережені бекіту.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес Қоғамдық кеңестің өкілеттіктеріне Қоғамдық кеңес туралы ережені бекіту жатады.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің негізінде жұмыс тобы Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын әзірледі. Ереже жобасы Сіздерге алдын-ала жіберілді. Қандай ескертулер, ұсыныстар болады? Жоқ.
Көкпекті ауданының Қоғамдық кеңесі туралы ережені бекітуді ұсынамын.
Дауыс берулеріңізді сұраймын. Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалушылар?Жоқ.
Ереже бекітіледі.
Отырыс төрағасы:
Күн тәртібіндегі келесі мәселені қарастыруға көшеміз. Көкпекті ауданының Қоғамдық кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына өзгеріс енгізу және бекіту.
Қоғамдық кеңестер туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қоғамдық кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары әзірленді және Сіздердің алдыларыңызға бекітулеріңізге ұсынылады.
Қоғамдық кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітуді ұсынамын.Дауыс беруіңізді сұраймын. Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалушылар?Жоқ.
Қоғамдық кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіледі. (Жыл ішінде жұмыс жоспарына өзгерістер енгізілуі мүмкін.)
Отырыс төрағасы:
Күн тәртібіндегі келесі мәселені қарастыруға көшеміз.
Қоғамдық кеңес қызметінің бағыттары бойынша комиссиялар құру, дербес құрамдарды бекіту және комиссия төрағаларын сайлау.
Сөз Қоғамдық кеңестің хатшысы Наурызбаева Рауя Алпысбайқызына беріледі.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Қоғамдық кеңестер қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құра алады.
Көкпекті ауданының Қоғамдық кеңесінің 2 комиссиясын келесі құрамда құру ұсынылады:
- Экономикалық реформалар, бюджет, кәсіпкерлік қызмет, АӨК, экология, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және ТҮКШмәселелері жөніндегі тұрақты комиссия құрылсын.
Құрамы: Шингискенов Кайратбек Серіктасович
Джунуспеков Кажет
Сарсембаев Бахытбек Кеңесұлы
Байназаров Жәлел Қажимханұлы
Түсібжанов Қизат Нұрғолжаұлы
- Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, депутат өкілеттігі, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия құрылсын.
Құрамы: Ақшабаева Гүлбаран Майлыбайқызы
Сүлейменов Нұрбек Сыдықұлы
Келербекова Назым Жұмабекқызы
Рахимбаев Азат Қайратұлы
Таяенкенов Фархат Маратұлы
Отырыс төрағасы: Сұрақтарыңыз болама?
Отырыс төрағасы: Комиссиялардың атауы мен дербес құрамы бойынша қарсылықтарыңыз жоқ па? Егер жоқ болса, дауыс берулеріңізді сұраймын. Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалушылар?Жоқ.
Шешім қабылданды.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Көкпекті ауданы қоғамдық кеңесі комиссияларының төрағаларын сайлау ұсынылады:
Бірінші комиссияның төрағасы: Джунуспеков Кажет
Екінші комиссия: Сулейменов Нурбек Сыдықұлы.
Отырыс төрағасы: Қандай ескертулер болады? Жоқ.
Дауыс берулеріңізді сұраймын. Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалушылар?Жоқ.
Шешім қабылданды.
Отырыс төрағасы:
Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібі толық қаралды.
Жұмыс үшін рахмет.