Ауданда 14 пен 35жас аралығындағы жастардың жалпы саны 3239адамды құрайды. Оның ішінде 1652 ерлер, 1587 қыз балалар. Аудан жастарының 1806 жұмысшы жас, 611 студент, 14-18 жас аралығында 658 оқушы жас, 91 мүгедек жас және 31 жұмыссыз және өзін-өзі қамтығандар жас бар.
2025 жылы және 2026 жылдың 6 айында ауданда жастар мен жасөспірімдер арасында ерте жүктілік фактілері мен суицид фактілері тіркелген жоқ.
Ауданда жасөспірімдер арасындағы қылмыс саны азаймауда. Былтырғы жылы (2025жылы) жасөспірімдер арасында -1 қылмыс, 2026 жылдың басынан - 1 қылмыс тіркелді.
Жастар жұмыссыздығын азайту және жұмыспен қамтылмаған жастар арасында әлеуметтік шиеленісті болдырмау жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспары бекітіліп, соған сай мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен іс-шараларды өткізілуде.
Жыл басынан бері «Жастар тәжірибесі» бойынша- 4 жас жұмысқа орналасты (жоспар -25),
Биылғы жылы «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қатарында 100 сарбаз жасты жұмыспен қамту жоспарланған. Олардың жалақысының 70% - аудандық әкімдік, 30% - облыстық «Жасыл ел» жастар еңбегі жасағы штабы есебінен төленді. Биылғы жылы «Жасыл ел» жастар еңбегі жасағы штабының жабылу маусымын Көкпекті ауданында өткізу жоспарланған.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында биылғы жылы 12 жас маманға көтерме жәрдемақы төленді. Бұдан бөлек, 15 жас маманға ағымдағы жылы тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беру жоспарлануда. Оның ішінде 8 несие аудан орталығы,7 несие ауылдық округтердегі жас мамандарға.
Ауданда бүгінгі күні Neet санатындағы - 31 жас тіркелген. Ол Цифрлік отбасы картасы базасында тіркелген. Жыл басынан бері 6 адамға азайған. Алайда, аталған 31 адамның ішінде аудан аумағынан тыс жерде тұрып жатқан азаматтар да бар:
Ауданға қатысы жоқ елді мекендерде тұрып жатқандар - 6,
Ауданнан тыс жерде тұрып жатқандар - 7,
Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде - 2 адам.
Жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында ауданда спорт және шығармашылық үйірмелер жұмыс жасауда. Ұлттық ойындар орталығындағы 7 үйірмеде бүгінгі күні 80 аса бала ұлттық ойындармен шұғылданса, Балалалар шығармашылық сарайының 58 үйірмесінде 1021 бала, балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде бүгінгі күні 8 спорт үйірмесінде 796 бала білім алуда.
Одан бөлек, аудан көлемінде 11 ауылдық клуб және 55 спорт нысаны бар. Оның ішінде: балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде 3 спорт залы, мектептердегі 17 спорт залы, 10 хоккей қорапшасы, 1 кіріктірілген спорт залы (Толағай ауылы), 23 жазықтық құрылым, 1 ипподром. Барлық спорт нысандарында халықтың келуіне жағдай жасалып, келу кестесі бекітілген.
Биылғы жылы жастар саясаты саласында іс-шаралар ұйымдастыруға 2 млн.тг.бюджеттен қарастырылған. Жыл басынан бері мемлекеттік жастар саясаты саласында 64 іс-шара ұйымдастырылып, 1800 жуық жас қамтылды.