Көкпекті ауданында 7 қоғамдық бірлестік, 2 қоғамдық қор тіркелген .
- «Абай облысы Көкпекті ауданының Ардагерлер кеңесі» ҚБ
- «Көкпекті ауданының Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің ұйымы» ҚБ
- «Көкпекті жастары» ҚБ
- «Асыл ана» ҚБ
- «Amor fati» ҚБ
- "Көкпекті ауданының ерікті өрт сөндіру және авариялық-құтқару құралымы" ҚБ
- «Көкпекті ауданының бәйге федерациясы» ҚБ
- «Ақ ниет» ҚҚ
- «КӨКПЕКТІ" АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ҚОРЫ» ҚҚ
Жыл басынан бері Көкпекті ауданында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл орнату мақсатында 7 қоғамдық бірлестіктің төрағаларымен 2 кездесу өткізілді. Кездесу барысында аудандағы өзекті мәселелер талқыланып, бірлескен жұмыс жоспарлары қаралды.
Ағымдағы жылы Көкпекті ауданында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2 жобаны іске асыру үшін аудандық бюджеттен 1 млн.теңге қаражат бөлінді.
- Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру