Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Көкпекті аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Көкпекті аудандық бюджеті туралы» 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 37-2 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Көкпекті аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 5 228 410,7 мың теңге:
салықтық түсімдер – 1 469 190,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 16 156,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 15 000,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 3 728 064,7 мың теңге;
2) шығындар – 4 520 084,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 71 305,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 127 588,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 56 283,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 637 021,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
- 637 021,6 мың теңге:
қарыздар түсімі – 127 588,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 872 283,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 107 673,4 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.