Көкпекті ауданы бойынша мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2026 жылдың 7 айы бойынша атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

    Көкпекті ауданының әкімдігі

    Ауданда қазіргі уақытта:1 мәдениет үйі, 12 ауылдық клуб, 1 аудандық тарихи-өлкетану мұражайы тұрақты түрде жұмыс атқарады. Аудандық Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйі мен Үкіліқыз ауылдық клубы, аудандық тарихи-өлкетану мұражайы «Мәдениет орталығы» КМҚК-ның теңгерімінде. Қалған 11 ауылдық клуб ауылдық округ әкімдіктерінің теңгерімінде.

    Аталған мекемелер аудан халқының рухани сұранысын қамтамасыз етумен қатар, ұлттық мәдениеттің сақталуы мен дамуында маңызды рөл атқаруда.

    Мәдениет үйлері мен клубтар

    Жалпы саны: 13 (1 мәдениет үйі, 12 ауылдық клуб)

    Штаттық бірлік саны: 86, 25

    Қызметкерлер саны: 86

    Үйірмелер саны: 50

    Үйірме қатысушылары: 559

    2026 жылдың басынан мәдени ошақтарда 214 іс-шара өткізілді. Келушілер саны: 13 404 адам. Атап айтсақ: Ескі жаңа жыл, Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған тақырыптық кеш, «Есіңде ме сол бір кез» атты ретро концерттің 20 жылдығына және «Толағай» вокалды аспаптық ансамблінің 55 жылдығына арналған дәстүрлі ретро концерт, Алғыс айту күні, 8 наурыз, «Толағай сұлуы» атты аудандық сайысы, «Ата мұра-ұрпаққа мирас» атты қолөнер көрме жәрмеңкесі, Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылуының 37 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 31 жылдығы, 8 наурыз, 14-22 наурыз күндері «Наурызнама» тұжырымдамасы, Әз-Наурыз, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-тұғырым, Қазақстан мақтанышым» атты Көкпекті орталығының мекемелері мен ұйымдары арасында көркемөнерпаздар байқауы, Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына, ақын Күләш Ахметованың 80 жылдығына және этнограф, фольклортанушы Әбібәкір Ахметжановтың 170 жылдығына арналған «Сөз өнерінің саңлақтары» поэзия кеші, «Абай елі-өнер кеніші» атты облыстық көркемөнерпаздар байқауы және т.б.

    Материалдық-техникалық база:

    2026 жылы материалдық техникалық базаны нығайту мақсатында аудандық бюджеттен Үкіліқыз ауылдық клубының шатырына ағымдағы жөндеуге 3 789 657 теңге және клуб ғимаратының ішіне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1 786 400 теңге қаражат бөлінді.

    Проблемалық мәселелер:

    1. Кадр жетіспеушілігі: дәстүрлі әнші.
    2. Ауылдық клубтардың материалдық техникалық базасының ескіруі. Атап айтқанда: музыкалық аппаратура , сахналық киімдерді жаңарту және жөндеу жұмыстарын жүргізу.
    3. Барлық мәдениет ошақтарына ЛЭД экран орнату.

    Кітапхана

    Аудан бойынша кітап қоры – 180 996 дана, мемлекеттік тілде 66152 дана, орыс тілінде – 114 590 дана, басқа тілде – 254 дананы құрайды. Аудан бойынша оқырман саны - 7873, балалар -3 181. Келушілер саны - 67 979 адам. Кітап берілімі – 149 077 дана. 7 ай аралығында кітапханаларда - 160 іс-шара өтіп, келуші саны 3 979 адамды құрады.

    «KitapLab» жобасы аясында 2026 жылға Үлгілімалшы және Тассай ауылдық кітапханаларының жаңартылуы жоспарланып отыр.

    Тіл саясаты

    Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асыру мақсатында Көкпекті ауданында 5 іс-шара, 2 акция өткізілді.

    Аудан көлемінде 3 тамыздан 3 қыркүйек аралығында «Көркем тіл, көрікті өңір» айлығы өтті. 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні мен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған «Тілдер бірлігі» QUIZ интеллектуалдық сайысы, «Тіл –халықтың рухани қазынасы» атты дөңгелек үстел отырысы, «Тіл-татулықтың тірегі» мерекелік концерт өткізіледі.

    Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы КММ

    2026 жылдың басынан «Тіл жүйрікте - кім жүйрік» атты интеллектуалдық сайысы, 22 наурыз мерекесіне орай «Ұлттық құндылықтар және тіл» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

    Ономастика

    Қазіргі таңда Көкпекті ауданы бойынша 9 ауылдық округ, 28 елді мекен, 153 құрамдас бөліктер тіркелген. 28 елді мекеннің 3 ауылы орыс тіліндегі атаумен аталған (Преображенка, Черноярка, Мелитополь).

    Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген атауы қайталанатын немесе мүлдем атауы жоқ көшелерді ретке келтіру туралы тапсырмасына сәйкес Көкпекті ауданы бойынша 10 көшенің атауы облыстық ономастика комииясияның қарауына жолданды. Соның ішінде екі көшені ҰОС Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагерінің есімін беру туралы ұсынылып отыр.

    Ескерткіштер

    Көкпекті ауданы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне 10 археологиялық ескерткіш енгізілген.

    №

    Ескерткіштің атауы

    Ескерткіштің түрі

    Ескерткіштің орналасқан жері

    1.

    Көкпекті 1 қорымы (5 қорған), ерте темір дәуірі

    археология ескерткіші

    Көкпекті ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 километр, Зайсан тас жолы бойында

    2.

    Көкпекті 2 қорымы (20 қорған), ерте темір дәуірі

    археология ескерткіші

    Көкпекті ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 9 километр, Зайсан тас жолы бойында

    3.

    Көкпекті 3 петроглифтер тобы, қола, ерте темір дәуірлері

    археология ескерткіші

    Көкпекті ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 3 километр

    4.

    Кокпекті 4 қорымы (12 қорған), ерте темір дәуірі

    археология ескерткіші

    Көкпекті ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 километр, Зайсан тас жолы бойында

    5.

    Тентекжыра петроглифтер тобы, қола, ерте темір дәуірлері

    археология ескерткіші

    Көкпекті ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 15 километр, Биғаш ауылына қарай жолда

    6.

    Үлкен Бөкен 2 қорымы, ерте темір дәуірі

    археология ескерткіші

    Үлкен Бөкен ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 5 километр

    7.

    Кеңес Одағының батыры Қ. Аухадиевке ескерткіш, датасы анықталмаған

    монументтік өнер құрылысы

    Теректі ауылы, Аухадиев атындағы мектептің қарсысында

    8.

    Кеңес Одағының Батыры Л. С. Константиновтың бейіті, датасы анықталмаған

    ансамбльдер мен кешендер

    Үлкен Бөкен ауылы, саябақта

    9.

    Интернационалист-жауынгерлерге арналған Даңқ мемориалы, ХХ ғасырдың 90 жылдары

    монументтік өнер құрылысы

    Көкпекті ауылы, әскери комиссариаттың қарсысында

    10.

    Ауданда туған Кеңес Одағының батырлары мен Социалистік еңбек ерлеріне арналған Даңқ мемориалы, датасы анықталмаған

    монументтік өнер құрылысы

    Көкпекті ауылы, Абай көшесі аллеясы, Раев атындағы достық үйінің қарсысында

    1.Спорт

    Спорттық нысандар бойынша негізгі көрсеткіштер

    Абай облысы, Көкпекті ауданында «Халықтың 1000 адамға шаққандағы спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі» 2026 жылғы көрсеткіші 80,4%-ды құрайды.

    Спорт залдары бойынша: қажеттілік – 1015,8 м², бар – 993, м², немесе 97,8 %, жетіспеушілік – 22,8 м² немесе 2,2 % .

    Бассейндер бойынша:қажеттілік – 317,5 м², бар – 200 м² немесе 62,99 % , жетіспеушілік – 117,5 м² немесе 37,01 %.

    Ауданда дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін 2025 жылдың қорытындысы бойынша 40 бірлік спорт ғимараттары, оның ішінде 1 спорттық кешен 1 жүзу бассейні, аудан орталығында 1 ипподром, ауылдық округтерде 10 ашық хоккей корты. 26 жазықтық құрылым оның 14 – і мини-футболға арналған жасанды футбол алаңдары, 12 спорттық алаңдар (воркаут), 1 спорттық ядро.

    Спорт залдар

    Көкпекті ауданыңда 19 спорт зал бар олар дене шынықтыру-сауықтыру кешеніңде - 3 зал; жалпы білім беретін мектептерде - 16 спорт зал.

    2.Штаттық қызметкерлер

    Көкпекті ауданының дене шынықтыру және спорт саласында 79 қызметкерлер еңбек етуде. Жалпы білім беретін мектептердегі дене шынықтыру мұғалімдер саны 48, БЖСМ-де 27 штаттық жаттықтырушылар, 1 әдіскер, білім бөлімінің 1 әдіскері, ФК және спорт бөлімінде 2 маман, 71 адамның жоғары дене шынықтыру білімі және 8 адамның арнайы орта білімі бар.

    3.Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жұмыс

    Дене шынықтыру саласында аудан бойынша 649 ұйым, 18 жалпы білім беретін мектеп, 1-БЖСМ, 1-жасөспірімдер әскери-спорт клубы жұмылдырылды. Л. Фахрутдинова, 1-мүмкіндігі шектеулі балаларды түзету орталығы, ауданда балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, оның қызметі мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі мен спорттық дайындығына бағытталған, онда 9 секция бойынша 825 оқушы айналысады. Ауданның орта мектептерінде 15 спорт түрі бойынша 112 спорт секциясы жұмыс істейді, онда 6 жастан 18 жасқа дейінгі 1356 оқушы айналысады.

    2025 жылғы қарашадағы жағдай бойынша Көкпекті ауданында жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен 5333 адам немесе халықтың жалпы санының 42% айналысады, бұл 12698 адамды құрайды.

    Ұлттық спорт ойындарының орталығы

    Абай облысында алғашқы болып Ұлттық спорт ойындар орталығы Көкпекті ауданында ашылды. Арнайы ашылу рәсіміне облыс спорт басқарма басшының өкілдерінің қатысуымен 2023 жылы қазан айының 23-24 күндері салтанатты түрде ашылды. Орталықта спорттың 7 түрі бойынша(бәйге түрлері, көкпар, аударыспақ, садақ ату, тоғыз құмалақ, асық ату және қазақ күресі) үйірмелер жұмыс істейді. Штаттық бірлігі - 12 адам, 2 тренер, 4 нұсқаушы, контингенті 165 адамды құрайды.

    1. Жоспар бойынша өткізілген спорттық іс – шаралар.

    2025-2026 жылдар аралығында Көкпекті ауданында бекітілген жылдық жоспарға сәйкес бұқаралық спортты дамыту және тұрғындарды салауатты өмір салтына ынталандыру мақсатында әртүрлі спорт түрлерінен 50-ге жуық іс-шара өткізілді. Терроризм мен экстремизмге қарсы 14 іс-шара. Нашақорлыққа қарсы 5 іс-шара.

    Аудан көлемінде ұйымдастырылған шаралардың қатарына «Көркейген өлке Көкпекті», «Аудандық ұлттық ойындар спартакиадасы», олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерінен аудандық спартакиада, «Қойгелді батыр» атындағы қазақ күресінен республикалық турнир, «Толағай шыңы» жүгіру марафоны сондай-ақ волейболдан жастар арасындағы аудандық лига, кіші футболдан жастар арасындағы аудандық лига, облыстық садақ ату, үстел теннисі, қазақ күресінен «Көкпекті барысы» және ауыл шаруашылық қызметкерлерінің спартакиадасы т.б. өзге де спорт түрлері бойынша жарыстар өткізілді.

    Аталған іс-шаралар тұрғындардың дене шынықтыру белсенділігін арттыруға, спорттық шеберліктерін дамытуға және аудан спортын одан әрі жетілдіруге оң әсерін тигізді. Жарыстар барысында белсенділік танытып, жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар, командалар мен спортшылар ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен, медальдармен, кубоктармен және мадақтама грамоталарымен марапатталды.

    Жалпы алғанда, өткізілген спорттық іс-шаралар аудан халқының спортқа деген қызығушылығын арттырып, бұқаралық спортты дамытуда маңызды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

    1. 2026 жылы пайдалануға берілген спорттық нысандар.

    - Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2026 жылы Үлгілімалшы ауылдық округі, Мамай ауылында 20х40 метр болатын кіші футбол алаңдарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бір футбол алаңының құны 15 млн теңге.

    - Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2026 жылы Көкжайық ауылдық округі, Қарамойыл ауылында 20х40 метр болатын құны 15 млн теңге кіші футбол алаңдарының құрылысы жүргізілуде. Қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда.

    - Ағымдағы жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен құны 154 млн теңгеге, аудан тұрғындарына сауықтыру кешені сатып алынды. Қазіргі уақытта 2026 жылдың басынан пайдалануға берілді.

    - 2026 жылдын басында Ажа ауылында жеке кәсіпкер Кенжебаев Қайрат туған жерге тағзым ретінде 100 млн қаражатқа көлемі 12х35м ангар үлгісіндегі спорт залының құрылысы аяқталды.

    Жүктеу
    874b61fe32937bb81ea62fc97a0d19fa_original.25295.docx
    ИНФОРМАЦИЯ о проделанной работе отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Кокпектинского района за 7 месяцев 2026 года
    DOCX · 25 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Көкпекті ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыстары туралы

    Көкпекті ауданыныңҚоғамдық кеңесініңкезектіотырысы №9 24 шілде 2026 жыл Көкпекті ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыстары туралы Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері! Бүгін бі...

    Көкпекті ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Көкпекті ауданының агроөнеркәсіп кешенінің дамуы туралы АҚПАРАТ

    Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі Көкпекті ауданы бойынша 2026 жылдың 1 тамыз жағдайына ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 16 709,2 млн. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 129,4% (20...

    Көкпекті ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Бұйрық

    Бұйрық

    Көкпекті ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Шешім

    Көкпекті аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 37-2 «2026-2028 жылдарға арналған Көкпекті аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ: Көкпекті аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Көкпекті аудандық бюджеті туралы» 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 37-2 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа ре...

    Көкпекті ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    КӨКПЕКТІ АУДАНЫ БОЙЫНША САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУІ ҮШІН ОРЫНДАРДЫҢ ТІЗБЕСІ

    № Нысанжәне оның орналасқан жері Кездесу уақыты 1 Көкпекті ауылы, Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйі Дүйсенбіден жұмаға дейін Сағат 10.00-дан сағат 18.00-ге дейін 2 Биғаш ауылы, ауылдық клуб Дүйсенбіден жұмаға дейін Сағат...

    Көкпекті ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Көкпекті ауданындағы діни ахуал туралы ақпарат

    Көкпекті ауданындағы діни ахуал тұрақты. 2026 жылдың басынан бері дінаралық қарым-қатынаста қақтығыстар болған жоқ. Діни конфессиялардың өкілдері бір-біріне түсіністікпен қарап, толеранттылық танытуда. Көкпекті ауданында...

    Көкпекті ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Көкпекті ауданында Мемлекеттік жастар жүзеге асырылу барысы туралы

    Ауданда 14 пен 35жас аралығындағы жастардың жалпы саны 3239адамды құрайды. Оның ішінде 1652 ерлер, 1587 қыз балалар. Аудан жастарының 1806 жұмысшы жас, 611 студент, 14-18 жас аралығында 658 оқушы жас, 91 мүгедек жас және...

    Көкпекті ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ОТБАСЫЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ САЛАСЫНДА 2026 ЖЫЛДЫҢ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА КӨКПЕКТІ АУДАНЫ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

    Көкпекті ауданында отбасы институтын нығайту, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бағытында бірқатар нақты жұмыстар атқарылуда. Бұл мақсатта ауданда «Әйелдер істері және отбасылық-де...

    Көкпекті ауданының әкімдігіЖарияланды: