Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі
Көкпекті ауданы бойынша 2026 жылдың 1 тамыз жағдайына ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 16 709,2 млн. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 129,4% (2025 ж. - 12 909,5 млн. теңге), НКИ 105,9%. Бекітілген жоспардың орындалуы 117,7%, немесе жоспардан тыс 2 508,7 млн. теңге (14 200,5 млн. тенге) артық орындалды. Жалпы өнім көлемінің 98,2% үлесі мал шаруашылығына, 1,2% үлесі өсімдік шаруашылығына тиесілі.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 10 963,0 млн. теңге, нақты көлем индексі 73%. Өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 84,9%. Жеткізілген жоспар-тапсырмаға 7417,0 млн. теңге жетпеді. Ауыл шаруашылығы саласында инвестиция көлемі 737,2 млн. теңгені құрап, өсу қарқыны 66,7% құрады. Өткен жылы 1104,7 млн. теңгені құраған. Бұл жерде шаруа қожалықтарының 2024 жылдың аяғында сатып алған техникалары, асыл тұқымды жануарлар енгізілген. Барлығы 26 бірлік техника, жалпы соммасы 711,2 млн. теңге және асыл тұқымды мал басын сатып алуға 131,4 млн. теңге көрсетілген.
2025 жылы шаруа қожалықтарымен сатып алынған барлық техникалары 2025 жылға жеткізілген жоспар-тапсырманы орындау мақсатында 2025 жылдың көлеміне толығымен енгізілген. Осыған байланысты ағымдағы жылы 7 ай қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласында инвестиция көлемі төмендеп отыр.
Төмендеу себебі Омбы – Майқапшағай автожолын реконструкциялау бойынша негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары 2024–2025 жылдары аяқталған. Ағымдағы жылы тек сыртқы жарықтандыру және қар тоқтатқыш конструкцияларды орнату сияқты қосымша жұмыстар жүргізілуде.
Өндірілген өнім көлемі
Есепті кезең бойынша 3802,4 тонна мал және құс еті, 21 746,6 тонна сүт, 4226,0 мың дана жұмыртқа өндірілді.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес келесі мал басы тіркелген:
- ІҚМ – 63 133 бас, соның ішінде сиырлар – 33 708 бас;
- қой мен ешкі – 61 644 бас;
- жылқы – 19 521 бас;
- шошқа – 103 бас;
- құстар – 40 425 бас.
Бүгінгі күнге Көкпекті ауданында асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал 11 044 бас, мүйізді ұсақ мал 1766 бас және жылқы 58 бас тіркелген.
Өсімдік шаруашылығы:
2026 жылы аудан бойынша егіс алқабы 99,0 мың гектарды құрады, оның ішінде:
- дәнді дақылдар – 46,1 мың га (бидай – 30,1 мың га, арпа – 13,6 мың га, сұлы – 2,4 мың га);
- майлы дақылдар – 46,1 мың га;
- жемшөп дақылдары – 6,6 мың га.
Ауданда өсімдік шаруашылығы негізінен құрғақ егіншілік жағдайында жүзеге асырылады, мұнда дәнді және бұршақты дақылдар өндірісі кең таралған. Егіс алқаптарының құрылымында дәнді және бұршақты дақылдар 46,6%-ды, күнбағыс – 46,6%-ды, жемшөп – 6,8%-ды құрады.
Статистикалық деректерге сәйкес ағымдағы жылы Көкпекті ауданы бойынша егіс алаңы 99,0 мың га (оның ішінде дәнді дақылдар – 46,1 мың га, майлы дақылдар 46,1 мың га, картоп 86 га, көкеністер 63 га) шоғырланды. Сонымен қатар 6,6 мың гектарға жемшөп дақылдары егілді. Өткен жылмен салыстырғанда 389 гектарға артық жер игерілген немесе 100,4 пайызға жоғары.
Бүгінгі күнге барлығы 11,4 мың га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды, бұл барлық алқаптан 24,7%. Орташа өнімділік 6,3 ц/га құрап, 7,2 мың тонна астық бастырылды.
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жылы өсу қарқыны 5,7 есеге артық астық бастырылып отыр. Бұндай өсімнің негізгі себебі өткен жылы тамыз айында есеп берген АШТӨ санының аз болуы және орташа өнімділіктің төмен болуы. Сонымен қатар, ағымдағы жылы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың жалпы өнімінің көлемі айтарлықтай төмен болуы ықтимал. Негізгі себебі ауа райының қолайсыздығы.
Шегірткеге қарсы жұмыстар.
2026 жылы шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстарының жалпы жоспары 21 800 гектарды құрады. Бүгінгі таңда жоспарланған 21 800 гектар аумақ толығымен нақты өңделіп, жұмыс іс жүзінде 100 %-ға орындалды.
Зиянкестердің түрлері бойынша көрсеткіштер келесідей:
Саяқ (үйірлі емес) шегірткелер: Жоспарланған 4 340 га аумақ толықтай өңделді (орындалуы – 100%). Оның ішінде:
мемлекеттік қор жерлері – 3 800 га (100% орындалды);
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (АШТӨ) жерлері – 540 га (100% орындалды).
Үйірлі (стадная) шегірткелер (Итальяндық прус): Жоспарланған 15 960 га аумақ толық өңделді (орындалуы – 100%).
Азиялық шегіртке: Жоспарланған 1 500 га аумақтағы өңдеу жұмыстары толығымен аяқталды (орындалуы – 100%).
Зиянкестермен күреске жалпы 5 бірлік арнайы техника мен 1 ұшақ жұмылдырылды:
сыйымдылығы 0,5 тонналық «УАЗ Патриот» автокөлігі автокөлігі (бүріккіш қондырғысы бар) – 2 бірлік; 1,6 тонналық өздігінен жүретін бүріккіш техника – 2 бірлік; Дельтаплан – 1 бірлік;
авиациялық техникадан 1,2 тонналық «АН-2» ұшағы – 1 бірлік.
Жүргізілген фитосанитариялық шаралар толықтай тиімді және нәтижелі орындалды.
Техника бойынша.
2026 жылы 1 тамыз жағдайына аудан шаруалары барлығы 1 176,2 млн. теңге сомасына 59 бірлік техника мен тіркеме агрегаттар сатып алды. Соның ішінде, лизингке 961,4 млн. теңгеге 47 бірлік, өз қаражаты есебінен 164,7 млн. теңгеге 12 бірлік.
Суармалы жерлерді дамыту.
Аудан бойынша 5959,0 га суармалы жерлер бар. Суармалы жерлер негізінен аудандағы «Ақтоған», «Кіші бөкен», «Ворошилов» каналдарынан келетін сумен суарылады. Каналдар Үлкенбөкен, Көкжайық ауылдық округтерінің аумағы арқылы өтеді.
- «Малобуконский» магистралды каналы – 1766 га;
- «Актоган» магистралды каналы - 2116 га;
- «Ворошиловский» магистралды каналы – 2077 га.
Бұл каналдардың бойында 18 ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерінің алқаптары орналасқан.
Каналдарға жалпы жүктелген аудандардың 25%-н аспайтын (1500 га) мөлшерде егістік жерлер суарылады. Себебі Көкпекті ауданында шілде айының ортасында жыл сайын Көкпекті, Кіші бөкен және Үлкенбөкен өзендерінде су деңгейі маусымдық күрт төмендейді. Сонымен қатар осы өзендерді қоректендіруші су қоймасы жоқ.
Осыған орай, «Малобуконский» магистралды каналының басына су қоймасын салу қажет. Су қоймасы салынған жағдайда, жаздың қуаңшылық кезеңдерінде «Малобуконский» және «Ақтоған» магистралды каналдары сумен қамтылатын болады. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер егістік алқаптарын мезгіліне екі рет суаруға қол жеткізеді. Жем-шөп өнімінің ұлғаюына ықпал ететін болады.
«Елім-ай Көкпекті» ЖШС «Ақтоған», «Ворошилов» каналдары арқылы келетін сумен мал азығын дайындау үшін 1700 га егістік жерлерін суармалы егістікке айналдырды. Бүгінгі күнге серіктестік 25 жаңбырлатып суару машиналарын қолданып мол өнім алуға қол жеткізді. Бұл АӨК-ң мал азығын толық қамтамасыз ету үшін өте тиімді. Жоңышқаны бір маусымда 3-4 шауып алса, жүгерінің өнімділігі 2-3 есеге дейін артық өнім береді.
Аудан бойынша магистралды каналдардың суын тиімді пайдалану мақсатында «Елім-ай Көкпекті» ЖШС тәжірибесіне сүйене, жаңбырлатып суару машиналарын қолдануды басқа АШТӨ тиімділігін түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, қолданысқа енгізуді көбейту қажет.
Қаржылай қолдау бағдарламалары.
Аграрлық несие корпорациясының мәліметіне сәйкес 2026 жылдың 1 тамыз жағдайына ауданның 28 фермерлер мен шаруашылықтар 2,1 млрд. теңге көлемінде несиеге өтінім берген. Қазіргі күнге 27 өтінім бойынша 2,1 млрд. теңге қаражат игерілген, 7,0 млн. теңгеге 1 өтінім қаралуда. Бұл несие қаражаттары көктемгі егіс жұмыстарына жұмсалады.
Инвестициялық жобалар:
- «ТАИМ-4» ЖШС – 200 басқа арналған сүт-тауарлы фермасының құрылысы. Жоба құны 660,0 млн. теңге, іске асырылу мерзімі 2026-2028 жылдар, ашылатын жұмыс орындары – 20 адам, қуаттылығы – жылына 1309 тонна сүт өндіру. Қаржыландыру көзі – өзінің қаражаты. Сүт тауарлы фермасын орналастыру үшін 40 га жер теліміне өтініш беріліп, қаралған. Қазіргі уақытта жоба инвестициялық жоба ретінде танылып, тізімге енгізілген.
- «Елім-ай Көкпекті» ЖШС – мал сою алаңын құрылысы. Жоба құны 1007,0 млн. теңге, іске асырылу мерзімі 2026-2028 жылдар, ашылатын жұмыс орындары – 10 адам, қуаттылығы – сағатына 8 бас ірі қара мал сою. Қаржыландыру көзі – өзінің және қарыз қаражат. Қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, сараптамадан өтті.
- «Өрнек» ЖШС - 1000 бақа арналған СТФ-ны (сүт-тауарлы фермасын) кеңейту және 18 орындық «параллель» сауын жүйесін орнату. Сүт өңдеу зауытының құрылысы. Жоба құны 4700,0 млн. теңге. Іске асыру мерзімі 2028-2030 жылдар. Жоба аясында барлық құжаттары дайындалған. Іске асыру үшін серіктестіктің кепілдеме мүлкінің жетіспеушілігі бөгет болып тұр.
- «ВК Талап» ЖШС – 400 гектар егістік жерді жаңбырлатып суару жобасын іске асыруды жоспарлап отыр, жоба құны 800,0 млн. теңге. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.
Сонымен қатар, Қарағандыкөл ауылында құс фермасын құру, Омбы-Майқапшағай республикалық маңызы бар жолдың бойында 2 нысан, жанар-жағар май құю станциясын кемпингімен, демалу орнымен және қонақ үйімен салу жоспарлануда.