Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Сәтбаев қалалық мәслихатының мәслихатының 2026 жылғы 25 мамырдағы № 280 «Сәтбаев қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Сәтбаев қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында :
6-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«2) әлеуметтік көмек адамдарға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 112 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар аурулар тізбесіне сәйкес, әлеуметтік мәні бар ауру болған кезде табыс деңгейінің қарамастан күнтізбелік жылда бір рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.».
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қалалық
мәслихатының төрағасы Қ. Балмағамбетов