Сәтбаев қаласы қоғамдық кеңесінің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша атқарған жұмыстар туралы есебі

    Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты

    Сәтбаев қалалық қоғамдық кеңесі өз жұмысын Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына және 2023 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізеді. Есепті кезеңде Кеңестің 4 отырысы өткізіліп, онда келесі мәселелер қаралды:

    1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 238 «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу».
    2. «Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» шешім жобасы.
    3. «Сәтбаев қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы.
    4. «Сәтбаев қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің 2026 жылдың І жартыжылдығында атқаратын жұмыстары туралы.
    5. «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы.

    Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселесін отырысқа дайындау мақсатында кеңес мүшелері аталған бөлімдерде болып, атқарылу барысымен танысты. Отырыстар қорытындысы бойынша қоғамдық кеңестің ұсынымдары қабылданып, ол барлық жауапты мекемелерге жіберілді. Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында қалалық қоғамдық кеңесте әкімдік пен мәслихаттың 17 нормативтік құқықтық актілерінің жобасы қаралды, олар бойынша мемлекеттік органдарға 2 ұсыныс беріліп, мақұлданды, бұл ұсыныстар бюджет қаражатын бөлуге қатысты болды. Кеңес мүшелерімен «Сәтбаев қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің 2026 жылдың І жартыжылдығында атқаратын жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Қарау нәтижесінде жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын күшейту, жол белгілерін жаңарту ағымдғы жол жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтау туралы ұсынымдар беріліп,шешім қабылдау үшін алынды. Есепті кезеңде мектепке дейінгі ұйымдардағы мемлекеттік рәміздердің қолданыстағы талаптарға сәйкестігі мәселесі бойынша қаралатын болады бірқатар мектепке дейінгі ұйымдарда қоғамдық бақылау жұмыстарын жүзеге асырылды. Сондай ақ, кеңес мүшелері қала әкімдігі жанында құрылған қоқыс шығар, абаттандыру және скверлердің жай-күйін тексеру, кәсіпкерлік нысандарында абаттандыру, сәулет, құрылысы талаптары және жарнамаларды орналастыру қағидаларын сақтау, мемлекеттік мекеме тарапынан берілетін тұрғын үйлерге бақылау мобилді топтарының құрамында апта сайынғы бақылауларға қатысады. Мониторинг кезінде туындаған сұрақтар мердігерлер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қатысуымен орнында шешіліп, ескертулер мен ұсыныстар жауапты бөлімдерге жеткізіледі. Сонымен қатар қоғамдық кеңес мүшелері келесі қалалық комиссиялардың құрамына кіреді:

    • халық қатысатын бюжет комиссия сы (Л.Мыңбаева);
    • жолдарды орташа жөндеу (Қ.Смайлов, А.Скальский)
    • мемлекеттік рәміздердің қолданыстағы талаптарға сәйкестігі жөніндегі комиссия (Қ.Смайлов, Л.Мыңбаева)
    • алкаголь өнімдерін сату ережелерінің қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкестігін тексеру (Б.Қожахметова)
    • коммуналдық тұрғын үй қорынан жалға берілетін пәтерлерді жекешелендіру (Қ.Қожахметова)

    Кеңес төрағасы мен мүшелеріне қаланың өзекті мәселелеріне қатысты әлеуметтік желілер арқылы және ауызша өтініштер келіп түседі. Түскен өтініштер тиісті мекемелермен бірлесіп шешу жолдары қарастырылып, тиісті ұсыныстар әзірленеді. Қоғамдық кеңестін атқарған жұмыстары жергілікті БАҚ жарияланды, қалалық «Ақшам» телеарнасында есепті кезеңде 3 бейнесюжет шықты, «Шарайна» газетінің беттерінде 3 материал жарияланды. Сондай-ақ, ақпарат Сәтбаев қаласының мәслихатының интернет-ресурстарында және KazKenes сайтында орналастырылады, есепті кезеңде материал орналастырылды, Facebook әлеуметтік желісінде 13 материал жарияланды.

    Ұқсас материалдар

    Шешім

    «Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы 11 сессиясының № 87 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі Сәтбаев қаласы № 302 2026 жылғы 20 тамыз «Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы...

    Ереже

    «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәсел...

    Шешім

    Сәтбаев қалалық мәслихатының 2026 жылғы 25 мамырдағы № 280 «Сәтбаев қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Сәтбаев қалалық мәслихатының мәслихатының 2026 жылғы 25 мамырдағы № 280 «Сәтбаев қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген...

    Шешім

    Сәтбаев қаласының барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Білім туралы» Заңдарына сәйкес, Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Жергілікті бюджет есебі...

    Шешім

    Сәтбаев қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына,...

    Шешім

    Сәтбаев қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 238 «2026 – 2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Сәтбаев қалалық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Сәтбаев қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 238 «2026 – 2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 1 тармақ жаңа редакция...

    Ақпарат

    Қоғамдық кеңестің отырысы (29.07.2026)

    Қоғамдық кеңестің ағымдағы жылдың 29 шілдесінде өткен отырысында қала бюджетінің жобасына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Отырысқа Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасарлары мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қатысты....

    Ақпарат

    Мектепке дейінгі ұйымдарда қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізілді

    Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес, жұмыс тобы мектепке дейінгі ұйымдардағы мемлекеттік рәміздердің қолданыстағы талаптарға сәйкестігі мәселесін зерделеу мақсатында бірқатар мектепке дейінгі ұйымдарда қоғамдық бақ...