Очередное заседание Общественного совета (25.09.2026 г.)

    Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты

    Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде өткен қалалық Қоғамдық кеңесінің отырысында бес мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысы Ә.Мұхамбетали «Cәтбаев қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» НҚА жобасын ұсынды. Оның айтуынша, қарауға ұсынылған нормалар Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі бұйрығымен бекітілген № 377 әдістемесі негізінде әзірленген. Бүгінгі күні қалада қолданылып жатқан нормалар Сәтбаев қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 қарашадағы сессиясының шешімімен қабылданған. Нормаларды әзірлеуді “Ұлытау ЭкоСервис” ЖШС мердігерлік ұйымы жүзеге асырды. «Ұлытау ЭКО Сервис» ЖШС құрылтайшысының өкілі А. Босқанбаев тарифті қайта қараудың қажеттілігін шығындардың өсуіне байланысты қолданыстағы тариф кәсіпорынның нақты шығындарын жаппайтынын және коммуналдық қызметтің нақты құнын өтемейтінімен негіздеді. Қаралып отырған мәселе коммуналдық қалдықтарды шығаруға, тарифтердің көтерілуімен тікелей байланысты болғандықтан, кеңес мүшелері баяндаушы мен мердігер ұйым өкілдеріне бірқатар сұрақтар қойды. Мәселені талқылаудан кейін НҚА-ны қайта қарауға жіберу туралы шешім қабылданды.
    Күн тәртібінің келесі мәселесімен “2026-2027 жылға қаланың жылыту маусымына дайындық барысы туралы” Сәтбаев қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі” ММ басшының есебі тыңдалды. Ә.М.Мұхамбетали баяндамасына сәйкес бүгінгі таңда жылумен жабдықтау нысандарының жалпы дайындығы 95% құрайды. Жылу және инженерлік желілерде кешенді жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Одан әрі Сәтбаев қаласының білім бөлімінің басшысы Б.Ақышбековтың “2026-2027” оқу жылының барысы туралы” ақпараты қаралды. Ақпаратында білім алушылардың оқу жетістіктері, жаңа оқу жылының барысы, кадрлармен қамтамасыз ету, қауіпсіздік, оқушыларды тамақтандыру, санитариялық жағдай және инклюзивті білім беру мәселесі қамтылды. Қазіргі таңда қалада 13 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. 2026-2027 оқу жылында мектептерде 12 216 оқушы білім алуда, кадр тапшылығын төмендету бағытында бөліммен жүйелі жұмыстар жүргізілуінің нәтижесінде былтыр 25, ал биыл 58 жас маман жұмысқа қабылданған. Сондай-ақ кеңес мүшелерімен Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі ММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы бөлімнің сектор меңгерушісі Б.Орынбаеваның және «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы бөлім басшысының м.а. А.Маманованың ақпараттары тыңдалды. Есептерді қарау және талқылау қорытындылары бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.

    Очередное заседание Общественного совета (25.09.2026 г.)

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қалалық қоғамдық кеңес мүшелері жаңадан тағайындалған қала әкімі К.Қ.Смағұловпен кездесті

    Кездесу барысында қаланың дамуы, абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Қоғамдық кеңес мүшелері қала тұрғындарын толғандыратын мәселелерді көтеріп, оларды шешу бойынша ұсын...

    Шешім

    «Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы 11 сессиясының № 87 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі Сәтбаев қаласы № 315 2026 жылғы 25 қыркүйек «Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсанд...

    Шешім

    Сәтбаев қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 238 «2026 – 2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Сәтбаев қалалық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Сәтбаев қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 238 «2026 – 2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 1 тармақ жаңа редакция...

    Ақпарат

    Мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық бақылау

    Мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау мәселелері кеңес отырысында қаралады. Мәселені дайындау шеңберінде кеңес мүшелері Л.Мыңбаева және А.Байбұланова «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ...

    Сәтбаев қалалық мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Шешім

    Сәтбаев қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Сәтбаев қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Осы шешімні...

    Сәтбаев қалалық мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Сәтбаев қаласы қоғамдық кеңесінің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша атқарған жұмыстар туралы есебі

    Сәтбаев қалалық қоғамдық кеңесі өз жұмысын Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына және 2023 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізеді. Есепті кезеңде Кеңестің 4 отырысы өткізіліп, онда келесі...

    Сәтбаев қалалық мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Шешім

    «Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы 11 сессиясының № 87 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі Сәтбаев қаласы № 302 2026 жылғы 20 тамыз «Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы...

    Ереже

    «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәсел...