Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі
Сәтбаев қаласы № 302 2026 жылғы 20 тамыз
«Учаскелік сайлау комиссияларының
жаңа құрамын сайлау туралы» Сәтбаев
қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы
11 сессиясының № 87 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес және Сәтбаев қалалық сайлау комиссиясының учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін өз міндеттерінен босату туралы 2026 жылғы 27 шілдедегі № 11 және 2026 жылғы 3 тамыздағы № 12 шешімдері негізінде қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 87 шешіміне осы шешімнің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес өзгерістер енгізілсін.
Сәтбаев қалалық
мәслихатының төрағасы Қ. Балмағамбетов
Сәтбаев қалалық мәслихатының
2026 жылғы 20 тамыздағы
кезектен тыс 39-сессиясының
№ 302 шешіміне
1-қосымша
Учаскелік сайлау комиссияларының босаған
орындарына сайланған мүшелерінің
ТІЗІМІ
№ 47 учаскелік сайлау комиссиясы
Орналасқан мекен-жайы - Сәтбаев қаласы, Академик Қ.Сәтбаев даңғылы, 106
(Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы)
Ақбергенова Ақбота Ерболқызы
№ 48 учаскелік сайлау комиссиясы
Орналасқан мекен-жайы - Сәтбаев қаласы, Академик Қ.Сәтбаев даңғылы, 106
(Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы)
Бірімбетова Гүлбақыт Ізтөлеуқызы
№ 60 учаскелік сайлау комиссиясы
Орналасқан мекен-жайы - Сәтбаев қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 5
(«Сәтбаев қаласының емханасы» КММ)
Бекова Жанар Бейсенбайқызы
Сәтбаев қалалық мәслихатының
2026 жылғы 20 тамыздағы
кезектен тыс 39-сессиясының
№ 302 шешіміне
2-қосымша
Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарынан шығарылғандар
ТІЗІМІ
№ 47 учаскелік сайлау комиссиясынан:
Сейтжаппарова Сандуғаш Асанғазықызы
№ 48 учаскелік сайлау комиссиясынан:
Баканова Құралай Бейсенқызы
№ 60 учаскелік сайлау комиссиясынан:
Шоманова Кәмшат Науқанбекқызы