Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты

    Мәслихат туралы

    Құрметті сайт қонақтары!

    Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының ресми сайтына қош келдіңіздер!

    Сайт беттерінде сіздердің назарларыңызға жергілікті өкілді органның және Cәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесі қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпарат ұсынылады, сондай-ақ сіздер сессиялар мен тұрақты комиссиялар отырыстарында қабылданған нормативтік актілермен таныса аласыздар және өздеріңізді толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарыңызды қойып, ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді қалдыра аласыздар.

    Заманауи технологияларды пайдалана отырып, сіздермен өзара түсіністік және ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру біз үшін өте маңызды. Интернет-қатынас арқылы қаламызды дамытудың көптеген мәселелерін шешуге қол жеткіземіз деген сенімдеміз.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Шешім

    Сәтбаев қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 238 «2026 – 2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Сәтбаев қалалық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Сәтбаев қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 238 «2026 – 2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2026 – 2028 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: кірістер – 22 902 452 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша – 16 188 428 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша – 127 635 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 486 096 мың теңге; трансферттердің түсімдері бойынша – 6 100 293 мың теңге; шығындар – 25197 372 мың теңге; таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге; бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге; қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге; бюджет тапшылығы (профициті) – алу 2 294 920 мың теңге; бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 2 294 920 мың теңге, оның ішінде: қарыздар түсімдері – 1 326 889 мың теңге; қарыздарды өтеу – 1 443 518 мың теңге; бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 2 411 549 мың теңге.»; 4 жаңа редакцияда мазмұндалсын: «4. Жергілікті атқарушы органның 2026 жылға арналған резерві 392 750 мың теңге сомасында бекітілсін.»; көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы Қ. Балмағамбетов

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қоғамдық кеңестің отырысы (29.07.2026)

    Қоғамдық кеңестің ағымдағы жылдың 29 шілдесінде өткен отырысында қала бюджетінің жобасына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Отырысқа Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасарлары мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қатысты. «Сәтбаев қалалық мәслихатының 2026–2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жөніндегі жобаны «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы С.М. Симанов таныстырды.Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынымдар қабылдап, құжатты пысықтау үшін қайта қарауға жіберді. Сондай-ақ кеңес мүшелері мобильді топтардың қаланы абаттандыру жұмыстарының барысына жүргізген мониторингі барысында анықталған ескертулер мен ұсынымдарды жауапты бөлімдердің басшыларының назарына жеткізді.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Мектепке дейінгі ұйымдарда қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізілді

    Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес, жұмыс тобы мектепке дейінгі ұйымдардағы мемлекеттік рәміздердің қолданыстағы талаптарға сәйкестігі мәселесін зерделеу мақсатында бірқатар мектепке дейінгі ұйымдарда қоғамдық бақылау жұмыстарын жүзеге асырды. Бақылау барысында мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның орналастырылуы, олардың белгіленген стандарттар мен талаптарға сәйкестігі, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібінің сақталуы зерделенді. Сонымен қатар ұйым басшыларына мемлекеттік рәміздердің мәртебесін сақтау және оларды қолдану талаптарын қатаң ұстану қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қоғамдық бақылау нәтижелері қорытындыланып, анықталған ұсыныстар мен ескертулер Қоғамдық кеңестің алдағы отырысында қаралатын болады.

    Жарияланды: