17 қыркүйекте қалалық мәслихаттың кезектен тыс 40-сессиясы болып өтті

    Күн тәртібіне сәйкес депутаттар қала әкімінің лауазымына кандидатураны келісу мәселесін қарады. Облыс әкімінің ұсынысы негізінде депутаттар Кеңгірбай Қоңырұлы Смағұловтың Сәтбаев қаласының әкімі лауазымына тағайындалуына келісім берді. Сондай-ақ сессия барысында қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жою және қала әкімдігінің дербес құрамын келісу мәселелері талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты" жаңалықтары