Сәтбаев қаласының барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

    Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Білім туралы» Заңдарына сәйкес, Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, Сәтбаев қаласының барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қоғамдық көлікте (таксиден басқа) мынадай мөлшерде жеңілдікпен жол жүру құқығы берілсін:

    1) кәмелеттік жасқа толмаған білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін – балалардың жол жүру құны (барлық бағыттар бойынша) – қолданыстағы тарифтің 50 пайызын төлеумен (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда);

    2) әлеуметтік көмек көрсетілетін мына азаматтар санатына жалпы білім беру оқу орындарының біріншіден он бірінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда, кәсіби мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысаны бойынша оқушыларына – тегін жол жүру (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда):

    жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

    даму мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедектігі бар балалар, мүгедектігі бар адамдар және бала кезінен мүгедектігі бар адамдар;

    көп балалы отбасылардың балалары;

    кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарындағы балалар;

    жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;

    дарынды балаларға арналған немесе әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;

    интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;

    мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;

    денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар;

    толық емес отбасынан шыққан балалар.

    1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Сәтбаев қалалық

    мәслихатының төрағасы Қ. Балмағамбетов

    Жүктеу
    16ae33f9398f73caf0865b7815f7189c_original.90008.docx
    DOCX · 88 КБ
    Жүктеу
    6d7bc66ac6e06d243e8c054653923014_original.90346.docx
    DOCX · 88 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Сәтбаев қаласы қоғамдық кеңесінің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша атқарған жұмыстар туралы есебі

    Сәтбаев қалалық қоғамдық кеңесі өз жұмысын Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына және 2023 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізеді. Есепті кезеңде Кеңестің 4 отырысы өткізіліп, онда келесі...

    Сәтбаев қалалық мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Шешім

    «Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы 11 сессиясының № 87 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі Сәтбаев қаласы № 302 2026 жылғы 20 тамыз «Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы...

    Ереже

    «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәсел...

    Шешім

    Сәтбаев қалалық мәслихатының 2026 жылғы 25 мамырдағы № 280 «Сәтбаев қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Сәтбаев қалалық мәслихатының мәслихатының 2026 жылғы 25 мамырдағы № 280 «Сәтбаев қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген...

    Шешім

    Сәтбаев қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына,...

    Шешім

    Сәтбаев қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 238 «2026 – 2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Сәтбаев қалалық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Сәтбаев қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 238 «2026 – 2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 1 тармақ жаңа редакция...

    Ақпарат

    Қоғамдық кеңестің отырысы (29.07.2026)

    Қоғамдық кеңестің ағымдағы жылдың 29 шілдесінде өткен отырысында қала бюджетінің жобасына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Отырысқа Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасарлары мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қатысты....

    Ақпарат

    Мектепке дейінгі ұйымдарда қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізілді

    Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес, жұмыс тобы мектепке дейінгі ұйымдардағы мемлекеттік рәміздердің қолданыстағы талаптарға сәйкестігі мәселесін зерделеу мақсатында бірқатар мектепке дейінгі ұйымдарда қоғамдық бақ...