
Кененбаев Нұрдәулет Сағадиұлы
Басқарма басшысы
Нұрдәулет Сағадиұлы Кененбаев 1966 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша бітірген.
Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

Басқарма басшысы
Нұрдәулет Сағадиұлы Кененбаев 1966 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша бітірген.

Басқарма басшысының орынбасары
1981 жылы 26 қазан Алматы қаласында дүниеге келді.2002 жылы Жетісу экономикалық институтының «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығын бітірген.

Басқарма басшысының орынбасары
Ысқақ Данияр Меделбекұлы 1990 жылы туған . 2009 жылы Қазақ қатынас жолдары университетінің жанындағы Техникалық - экономикалық колледжін қаржы мамандығы бойынша бітірген . 2016 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін Қаржы мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен бітірген .

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу,маркетинг бөлімінің басшысы
Сәрсебай Сұңқар Нұрдәулетұлы , 1983 жылы 5 қаңтарда Талдықорған облысы Талдықорған қаласында дүниеге келді. 2002 жылдың 23 мамырдың 2004 жылдың 23 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарында қызметімді Панфилов ауданы Жаркент қаласында Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара Қызметінің 2091 әскери бөлімінде атқарған.

Техникалық бақылау және су шаруашылығы бөлімі
1986 жылы 3 қаңтарда Алматы облысы, Талғар қаласында дүниеге келді. 2003-2008 жылдар «Қазақстан Инженер-экономикалық университеті» жоғары оқу орнын «Инженер» мамандығы бойынша аяқтады. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының «Ғылыми-педагогикалық» бағыты бойынша экономика ғылымдарының Магистрі дәрежесімен аяқтады.

Егін және тұқым шаруашылығы бөлімінің басшысы
1972 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысы, Көксу ауданы, Мамбет ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтінің, ғалым агроном мамандығын, 2006 жылы "Жетісу"институтінің, экономист мамандығын бітірген.

Экономикалық жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы
Көпбаев Асқар Сайлауханұлы , 1980 жылы 6 қазанда Қазақ КСР, Алматы қаласында дүниеге келген.

Ауыл шаруашылығы басқармасы әкімшілік және қаржы бөлімінің басшысы
15 қыркүйек 1976 жылы Семей облысы ,Аягөз қаласында дүниеге келген.

мал шаруашылығы бөлімінің басшысы
Тлеубаев Мұрат Михаилұлы, 1987 жылдың 25 қыркүйегінде Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында өмірге келді. Отбасы жағдайына байланысты Қазақстан Республикасы Қарулы күштер қатарына шақырылмады.

Кооперация дамыту және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін несиелендіру бөлімі
Мен 1985 жылы 24 сәуірде Алматы облысы, Ескелді ауданы, Жетісу кентінде дүниеге келдім. 2006 – 2007 жылдар аралығында Астана қаласында ә/б – 0112 бөлімінде әскери борышымды өтеп шықтым. 2008 жылдың 7-ші ақпанынан бастап Текелі қаласы бойынша салық комитетінің есеп жүргізу және талдау бөлімінің маманы, салық инспекторы болып қызметін атқарып, осы жылдың 25-сәуірінде жетекші салық инспекторы болын қайта тағайындалдым.