
Қасымов Аманбек Қамиұлы
Егін және тұқым шаруашылығы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1972 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысы, Көксу ауданы, Мамбет ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтінің, ғалым агроном мамандығын, 2006 жылы "Жетісу"институтінің, экономист мамандығын бітірген.
Еңбек жолын «Русь» шаруа қожалығының агрономы болып бастады.
Әр жылдарда «Тірек» ЖШС-нің диірменшісі, Талдықорған қалалық мемлекеттік күзет басқармасында кадр бөлімінің инспекторы, Көксу ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру-кадр жұмысы жөніндегі бөлімінің бас маманың міндетін атқарушы, бас маманы, бөлім басшысы, Көксу аудандық маслихаты аппаратының маманы, басшысы, Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының тұқым шаруашылығы бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.
2022 жылдың тамызынан «Жетісу облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ ауыл егін және тұқым шаруашылығы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.




