Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

    Басқарма туралы

    «Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Жетісу облысының ауыл шаруашылығы саласында басшылықты және ауыл шаруашылығын қорғау заңнамаларына сәйкес атқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Мал өсірумен айналысатын шаруаларға қандай субсидия түрлері қарастырылған

    Жауап

    Мал шаруашылығы саласында мынадай мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылады: Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары). Аталған субсидиялау бағдарламасы туралы толық ақпаратпен https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1900018404 сілтемесіне өту арқылы танысуға болады. Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шекен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығымен бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шекен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары). Аталған бағдарлама аясында инвесторлардың жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жұмсаған шығындарын 25%-ын өтеу көзделіп отыр. Бұл субсидиялау бағдарламасы бойынша субсидиялар алу бойынша ақпарат https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017320 сілтемеде берілген, Бұдан басқа, мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ мен «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ қаржыдық ұйымдарымен ІҚМ, ҰҚМ, ауыл шаруашылығы техникасын/құрал-жабдықтар сатып алуға, құрылыс-монтаж жұмыстарына, айналым қаражатын толықтыруға және т.б. бағытталған фермерлерді несиелеу бағдарламалары «Сыбаға», «Ырыс», «Іскер», «Агротехника», «Қарапайым заттар экономикасы» жүзеге асырылады. Толық ақпрат «Аграрлық несиелеу корпорациясы» АҚ сайтында www.agrocredit.kz ; және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ сайтында www.fagri.kz қол жетімді.

    ·
    Сұрақ

    Субсидияны кімдер ала алады және субсидияны алудың талаптары

    Жауап

    Субсидия отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге беріледі. Бұл ретте,субсидиялар тауар өндірушілерге Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында көрсетілген субсидия алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қойылатын барлық талаптар мен өлшемшарттарға сай келген кезде төленеді. Субсидия алуға қойылатын талаптар мен өлшемшарттармен https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017320 сілтемесіне өту арқылы танысуға болады немесе Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде (САЖ) ( https://subsidy.plem.kz/ ) субсидиялауға қатысты барлық ақпарат ашық қол жетімділікте орналасқан.

    ·
    Сұрақ

    Субсидия алуға өтінімді қалай береді және қандай құжаттар керек?

    Жауап

    Қазіргі уақытта өтінім беруден бастап нәтижесін алғанға дейін толық автоматтандыру енгізілді, сондай-ақ тауар өндіруші өзінің АТЖ-дағы автоматтандырылған жұмыс орны арқылы (АЖО) берген өтінімінің мәртебесін қадағалауға мүмкіндігі бар. Осылайша, өтінім беру "электрондық үкімет" веб-порталының САЖ-бен ( https://subsidy.plem.kz/ ) өзара іс-қимылы арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады. Толық ақпаратпен https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017320 сілтемесіне өту арқылы танысуға болады.

    ·
    Хабарландыру

    Құрметті азаматтар!

    2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенін хабарлаймыз. Осыған байланысты бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлерге, сондай-ақ құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарына қызметке түсетін азаматтарға арналған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының тест сұрақтары жаңартылды. Сіздерге сәттілік тілейміз[email protected]#мемлекеттікқызмет

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жетісу облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы көрсеткен мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат 2026 жылдың II тоқсаны

    Басқарма өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрықтарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді. 2026 жылдың II тоқсанында басқарма келесі 11 мемлекеттік қызметті көрсетті: Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеу кезінде сыйақы мөлшерлемелерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықтарды сатып алуға арналған лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау; Түпнұсқалық, элиталық тұқымдарды, бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқымдарды өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау; Басым дақылдардың, оның ішінде көпжылдық екпелердің өндірісін субсидиялау; Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау; Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығындарының бір бөлігін өтеуді субсидиялау; Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау; Зиянкестерге, экономикалық зияндылық шегінен жоғары ерекше қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау; Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау; Терең өңделген өнім өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға жұмсалған қайта өңдеу кәсіпорындарының шығындарын субсидиялау; Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ревизиялық одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ішкі аудит жүргізуге жұмсаған шығындарын субсидиялау; Су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шеккен шығындарының бір бөлігін өтеуді субсидиялау. 2026 жылдың II тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 4131 болды (оның ішінде заңды тұлғаларға – 813, жеке тұлғаларға – 3318). Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеу кезінде сыйақы мөлшерлемелерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықтарды сатып алуға арналған лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау – 439 (заңды тұлғалар – 439); Түпнұсқалық, элиталық тұқымдарды, бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқымдарды өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау – 6 (заңды тұлғалар – 4, жеке тұлғалар – 2); Басым дақылдардың, оның ішінде көпжылдық екпелердің өндірісін субсидиялау – 158 (заңды тұлғалар – 11, жеке тұлғалар – 147); Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау – 244 (заңды тұлғалар – 64, жеке тұлғалар – 180); Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығындарының бір бөлігін өтеуді субсидиялау – 144 (заңды тұлғалар – 16, жеке тұлғалар – 128); Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау – 1427 (заңды тұлғалар – 101, жеке тұлғалар – 1326); Зиянкестерге, экономикалық зияндылық шегінен жоғары ерекше қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау – 1284 (заңды тұлғалар – 84, жеке тұлғалар – 1200); Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау – 353 (заңды тұлғалар – 53, жеке тұлғалар – 300); Терең өңделген өнім өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға жұмсалған қайта өңдеу кәсіпорындарының шығындарын субсидиялау – 33 (заңды тұлғалар – 26, жеке тұлғалар – 7); Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ревизиялық одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ішкі аудит жүргізуге жұмсаған шығындарын субсидиялау – 9 (заңды тұлғалар – 9); Су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шеккен шығындарының бір бөлігін өтеуді субсидиялау – 7 (заңды тұлғалар – 6, жеке тұлғалар – 1). Іс-шаралар: Жыл басынан бері облыс әкімдігі субсидиялау нормативтерін реттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізді. 2026 жылғы маусым айында Басқармада халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған қызметкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде заңнама талаптарын сақтау, қызметтердің уақытылы, қолжетімді әрі сапалы көрсетілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қызметтік әдеп нормалары мен клиентке бағдарлану қағидаттарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, қызметкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу шаралары, мүдделер қақтығысына жол бермеу, мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық, ашықтық және лауазымдық міндеттерді орындаудағы жеке жауапкершілік қағидаттары қарастырылды. Жетілдіру жөніндегі ұсыныстар: «Қайта өңдеу кәсіпорындарының ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу үшін сатып алуға жұмсаған шығындарын субсидиялау қағидаларына» сәйкес Басқарма қайта өңдеу кәсіпорындарының шығындарын субсидиялау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. Алайда соңғы уақытта кәсіпорындар тарапынан, атап айтқанда сүтті сатып алу бойынша жалған мәмілелерді рәсімдеу арқылы бюджет қаражатын жымқыруға байланысты алаяқтық фактілері орын алуда. Субсидия көлемінің сатып алынатын шикізаттың бағасы мен көлеміне тәуелді болуы өтініш берушілерді көрсеткіштерді жасанды түрде арттыруға экономикалық тұрғыдан ынталандырады. Бұл өз кезегінде есепке алу жүйелерінде көрсетілетін, бірақ нақты жүргізілген операцияларға сәйкес келмейтін жалған құжат айналымының қалыптасуына әкеледі. Қосымша мәселе ретінде жеткізушілер ұсынатын мәліметтердің дұрыстығын тексеруге арналған бақылау құралдарының жеткіліксіздігін атап өтуге болады. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі едәуір дәрежеде автоматтандырылған және ақпараттық жүйелердің, оның ішінде электрондық шот-фактуралардың деректеріне негізделеді. Алайда мұндай деректер шаруашылық операцияларының нақты жүзеге асырылғанын толық көлемде растамайды, бұл жалған мәмілелерді анықтау мүмкіндігін шектейді. Сонымен қатар, субсидияларды есептеу моделі (кепілдендірілген баға, сатып алу бағасы, түзету коэффициенттері) күрделі әрі жанама сипатқа ие болғандықтан, субсидиялау тетігінің ашықтығын төмендетіп, төлемдердің негізділігін бақылауды қиындатады. Аталған факторлардың жиынтығы бюджет қаражатының тиімсіз әрі мақсатсыз пайдаланылу тәуекелдерін арттырып, адал және адал емес нарық қатысушылары үшін тең емес жағдай қалыптастырады. Жалпы алғанда, қызмет көрсетуші тарапынан бақылау функцияларының жеткіліксіздігі және қолданыстағы субсидиялау моделінің осал тұстары мемлекеттік қолдаудың осы тетігінің ашықтығын төмендетіп, теріс пайдаланушылық тәуекелдерін күшейтеді. Осыған байланысты анықталған тәуекелдерді азайту мақсатында субсидиялау тетігін қайта қарау ұсынылады. Атап айтқанда, кепілдендірілген және нақты сатып алу бағалары арасындағы айырманы өтеу моделінен бас тартып, қайта өңдеу кәсіпорындарының нақты әрі құжатпен расталған тікелей шығындарын (электр энергиясы, су, жылу және басқа да өндірістік шығындар) субсидиялау тетігіне көшу ұсынылады. Сондай-ақ ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын тексеру бойынша бақылау функцияларын күшейту, ақпараттық жүйелердің интеграциясын кеңейту және тәуекелге бағдарланған тексерулерді енгізу орынды деп есептеледі. Жасырын мемлекеттік қызметтер анықталған жоқ.

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Күзгі дала жұмыстарына дизель отынының өңірлік операторларын айқындау туралы

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    "Ауыл Аманаты" бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау

    Жетісу облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несие алуға өтінімдер қабылдау 2026 жылдың 1 шілдесінен басталды. Бағдарлама ауылдық кәсіпкерлікті дамытуға, ауыл халқының табысын арттыруға және ауылдағы кооперацияны қолдауға бағытталған. Бағдарлама шеңберінде мал және өсімдік шаруашылығы, өнімдерді қайта өңдеу, техника мен жабдықтарды лизингке алу, кооперативтерге, сондай-ақ ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыру бағыттары бойынша жылдық 2,5 % мөлшерлемемен жеңілдетілген несие алуға өтінімдер қабылданады. Өтінімдерді қабылдау «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2026 жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде қарастырылады. Өтінімдер amanatnesie.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта қабылданады.Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген азаматтарды құжаттарын тапсыруға шақырамыз. Қосымша ақпаратты төмендегі мекен-жайда біле аласыз: Талдықорған қ., Абылай хан көшесі, 113, 1 қабат, «Жетісу» ӘКК»ӨДИ» АҚ ғимараты. Байланыс телефоны 8 (7282) 32-97-20

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    2027–2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлаймыз.

    Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы электрондық үкімет порталының «Ашық бюджеттер» бөлімінде Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің 2027 - 2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының паспорттарынның жобаларын жариялады https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=23360638&budgetId=4312380 Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 2027 - 2029 жылдарға арналған 001 бюджеттік бағдарламасының паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға болады https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=23360638&budgetId=4312463 Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 2027 - 2029 жылдарға арналған 002 бюджеттік бағдарламасының паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға болады https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=23360638&budgetId=4312525 Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 2027 - 2029 жылдарға арналған 006 бюджеттік бағдарламасының паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға болады https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=23360638&budgetId=4313169 Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 2027 - 2029 жылдарға арналған 008 бюджеттік бағдарламасының паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға болады https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=23360638&budgetId=4313281 Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 2027 - 2029 жылдарға арналған 014 бюджеттік бағдарламасының паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға болады https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=23360638&budgetId=4313344 Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 2027 - 2029 жылдарға арналған 023 бюджеттік бағдарламасының паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға болады https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=23360638&budgetId=4313477 Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 2027 - 2029 жылдарға арналған 029 бюджеттік бағдарламасының паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға болады https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=23360638&budgetId=4313539 Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 2027 - 2029 жылдарға арналған 045 бюджеттік бағдарламасының паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға болады https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=23360638&budgetId=4313568 Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 2027 - 2029 жылдарға арналған 046 бюджеттік бағдарламасының паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға болады https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=23360638&budgetId=4313649 Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 2027 - 2029 жылдарға арналған 047 бюджеттік бағдарламасының паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға болады https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=23360638&budgetId=4313725 Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 2027 - 2029 жылдарға арналған 050 бюджеттік бағдарламасының паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға болады https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=23360638&budgetId=4313799 Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 2027 - 2029 жылдарға арналған 053 бюджеттік бағдарламасының паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға болады https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=23360638&budgetId=4313883 Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 2027 - 2029 жылдарға арналған 056 бюджеттік бағдарламасының паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға болады https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=23360638&budgetId=4313938 Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 2027 - 2029 жылдарға арналған 057 бюджеттік бағдарламасының паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға болады https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=23360638&budgetId=4313966 Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 2027 - 2029 жылдарға арналған 059 бюджеттік бағдарламасының паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға болады https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=23360638&budgetId=4314019 Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 2027 - 2029 жылдарға арналған 067 бюджеттік бағдарламасының паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға болады https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=23360638&budgetId=4314539 Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 2027 - 2029 жылдарға арналған 068 бюджеттік бағдарламасының паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға болады https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=23360638&budgetId=4314569 Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 2027 - 2029 жылдарға арналған 069 бюджеттік бағдарламасының паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға болады https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=23360638&budgetId=4314638 Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 2027 - 2029 жылдарға арналған 087 бюджеттік бағдарламасының паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға болады https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=23360638&budgetId=4314680 Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 2027 - 2029 жылдарға арналған 092 бюджеттік бағдарламасының паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға болады

    Жарияланды: