Субсидияны кімдер ала алады және субсидияны алудың талаптары

    Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

    Сұрақ

    Субсидияны кімдер ала алады және субсидияны алудың талаптары

    Жауап

    Субсидия отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге беріледі.

    Бұл ретте,субсидиялар тауар өндірушілерге Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында көрсетілген субсидия алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қойылатын барлық талаптар мен өлшемшарттарға сай келген кезде төленеді.

    Субсидия алуға қойылатын талаптар мен өлшемшарттармен https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017320 сілтемесіне өту арқылы танысуға болады немесе Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде (САЖ) ( https://subsidy.plem.kz/) субсидиялауға қатысты барлық ақпарат ашық қол жетімділікте орналасқан.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мал өсірумен айналысатын шаруаларға қандай субсидия түрлері қарастырылған

    Жауап

    Мал шаруашылығы саласында мынадай мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылады: Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйры...

    Сұрақ

    Субсидия алуға өтінімді қалай береді және қандай құжаттар керек?

    Жауап

    Қазіргі уақытта өтінім беруден бастап нәтижесін алғанға дейін толық автоматтандыру енгізілді, сондай-ақ тауар өндіруші өзінің АТЖ-дағы автоматтандырылған жұмыс орны арқылы (АЖО) берген өтінімінің мәртебесін қадағалауға мүмкіндігі бар. Осылайша, өтінім беру "электрондық үкімет" ве...