"Ауыл Аманаты" бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау

    ·

    Жетісу облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несие алуға өтінімдер қабылдау
    2026 жылдың 1 шілдесінен басталды.

    Бағдарлама ауылдық кәсіпкерлікті дамытуға, ауыл халқының табысын арттыруға және ауылдағы кооперацияны қолдауға бағытталған.

    Бағдарлама шеңберінде мал және өсімдік шаруашылығы, өнімдерді қайта өңдеу, техника мен жабдықтарды лизингке алу, кооперативтерге, сондай-ақ ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыру бағыттары бойынша жылдық 2,5 % мөлшерлемемен жеңілдетілген несие алуға өтінімдер қабылданады.

    Өтінімдерді қабылдау «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2026 жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде қарастырылады.

    Өтінімдер amanatnesie.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта қабылданады. Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген азаматтарды құжаттарын тапсыруға шақырамыз.

    Қосымша ақпаратты төмендегі мекен-жайда біле аласыз:

    Талдықорған қ., Абылай хан көшесі, 113,

    1 қабат, «Жетісу» ӘКК»ӨДИ» АҚ ғимараты.

    Байланыс телефоны 8 (7282) 32-97-20

    Жүктеу
    36c7cce288ce05544a54f16deb754bb2_original.37297.jpeg
    JPEG · 36 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хабарландыру

    Құрметті азаматтар!

    2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенін хабарлаймыз. Осыған байланысты...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жетісу облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы көрсеткен мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат 2026 жылдың II тоқсаны

    Басқарма өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрықтарына сәйкес мемлекеттік қ...

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Күзгі дала жұмыстарына дизель отынының өңірлік операторларын айқындау туралы

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    2027–2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлаймыз.

    Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы электрондық үкімет порталының «Ашық бюджеттер» бөлімінде Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің 2027 - 2029 жылдарға арналған бюдж...

    Жарияланды: