Тарыбаев Ерсін Бақбергенұлы

    Кооперация дамыту және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін несиелендіру бөлімі

    Тарыбаев Ерсін Бақбергенұлы
    Бөлім басшысы

    Тарыбаев Ерсін Бақбергенұлы

    Кооперация дамыту және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін несиелендіру бөлімі

    Өмірбаян

    Мен 1985 жылы 24 сәуірде Алматы облысы, Ескелді ауданы, Жетісу кентінде дүниеге келдім. 2006 – 2007 жылдар аралығында Астана қаласында ә/б – 0112 бөлімінде әскери борышымды өтеп шықтым. 2008 жылдың 7-ші ақпанынан бастап Текелі қаласы бойынша салық комитетінің есеп жүргізу және талдау бөлімінің маманы, салық инспекторы болып қызметін атқарып, осы жылдың 25-сәуірінде жетекші салық инспекторы болын қайта тағайындалдым.

    2008 жылдың 28 қазанынан бастап құрылымдық өзгерістерге байланысты Текелі қаласы бойынша салық басқармасының салық төлеушілермен жұмыс және камералдық бақылау бөлімінің жетекші салық инспекторы болып тағайындалдым. 2013 жылдың шілде айында Еңбекшіқазақ ауданы бойынша салық басқармасына ауысып, салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің жетекші маманы қызметін атқардым. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы облысы бойынша салық департаментінде бас маман ретінде жұмыс істеп, салық төлеушілермен жұмыс, камералдық бақылау, талдау және тәуекелдер бағыттарында түрлі лауазымдарды атқардым.
    2015–2019 жылдар аралығында Талдықорған қаласы бойынша салық басқармасында бас маман және бөлім басшысы қызметтерін атқардым. 2020 жылы Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасына бас маман болып қабылданып, кейін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және маркетинг бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалдым. 2022 жылы Талдықорған қаласындағы «МедСервис» ЖШС-де фармацевт болып жұмыс істедім.
    2023 жылдың сәуір айынан бастап Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы қызметін атқардым. 2024 жылдың шілде айынан бастап конкурс нәтижесі бойынша Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасында кооперацияны дамыту және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін несиелендіру бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келемін.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері