Кененбаев Нұрдәулет Сағадиұлы

    Басқарма басшысы

    Кененбаев Нұрдәулет Сағадиұлы
    Басқарма басшысы

    Кененбаев Нұрдәулет Сағадиұлы

    Басқарма басшысы

    Өмірбаян

    Нұрдәулет Сағадиұлы Кененбаев 1966 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын Көксу ауданы Еңбекші кеңшарының агрономы болып бастады.

    Әр жылдарда Алматы облысының жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау жөніндегі инспекциясының бас маманы, облыстық жер қатынастары басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, облыс әкімі аппаратының агроөнеркәсіп бөлімінде меңгеруші, ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінде облыс әкімінің бас инспекторы, ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінде бас инспекторы, Көксу, Кербұлақ аудандарында әкімнің орынбасары, Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

    2022 жылдың қазан айынан Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері