
Мұртаза Жалғас Алижанұлы
Жуалы ауданының әкімі
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Талапты ауылында 1988 жылы 16 мамырда дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі-жоғары. 2009 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 2021 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандықтары бойынша тәмамдаған.






























