
Джатканбаев Кайрат Есенбекулы
Жуалы ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылында 1971 жылы 01 қаңтар күні дүниеге келген. Білімі Жоғары.
1993 жылы Жамбыл гидромелиорациялық құрылыс институтын «Мелиорация жұмыстарын механикаландыру», 2024 жылы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтын «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылғы 22 желтоқсанда Жамбыл қаласында Жамбыл облыстық ішкі істер басқармасында қызметші болып бастаған.
1994-1996 жылдары Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылындағы шаруа қожалығында шофер-механизатор болып жұмыс істеген.
1996-2001 жылдары Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылындағы «Аса» өндірістік кооперативінде инженер-механик қызметін атқарған.
01.2002-11.2022 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласындағы «Казфосфат» ЖШС филиалында 5 разрядты атқыш болып жұмыс істеген.
2002-2003 жылдары аталған мекемеде Жамбыл облысы Тараз қаласындағы «Казфосфат» ЖШС филиалында 5 разрядты аға атқыш қызметін атқарған.
2006-2007 жылдары Жамбыл облысы Тараз қаласындағы «Казфосфат» ЖШС филиалында диспетчер болған.
2007-2008 жылдары Жамбыл облысы Тараз қаласындағы «Казфосфат» ЖШС филиалында материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
2008-2010 жылдары Жамбыл облысы Тараз қаласындағы «Казфосфат» ЖШС филиалының сатып алу бөлімінің басшысы болған.
05.2010-07.2010 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласындағы «Казфосфат» ЖШС филиалының сатып алу бөлімінің экспедиторы болып жұмыс істеген.
2010-2011 жылдары Жамбыл облысы Тараз қаласындағы «Казфосфат» ЖШС филиалының сатып алу бөлімінің аға экспедиторы қызметін атқарған.
2011-2014 жылдары Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылындағы Жамбыл ауданы әкімиятының Жамбыл коммуналдық кәсіпорындар комбинатының директоры болған.
03.2014-05.2014 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылдық округі әкімі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы болған.
05.2014-09.2014 жылы Аса ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
09.2014-11.2014 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы болған.
2014-2018 жылдары Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.
09.2018-11.2018 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы болған.
2018-2021 жылдары Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.
03.2021-07.2021 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ащыбұлақ ауылындағы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман, әскери есеп жүргізуші болып жұмыс істеген.
2021-2022 жылдары Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылындағы Жамбыл ауданы әкімдігінің «Таза мекен» ШЖҚКҚК директоры болған.
07.2022-09.2022 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылындағы «Жуалы-Су» ШЖҚМКК басшысының орынбасары қызметін атқарған.
09.2022-11.2022 жылы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы болған.
2022 - 2025 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
2025 жылғы 21 шілдеден бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.



