Мұртаза Жалғас Алижанұлы

    Жуалы ауданының әкімі

    Мұртаза Жалғас Алижанұлы
    Аким

    Мұртаза Жалғас Алижанұлы

    Жуалы ауданының әкімі

    Өмірбаян

    Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Талапты ауылында 1988 жылы 16 мамырда дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі-жоғары.

    2009 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 2021 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2010 жылы наурыз айында Астана қаласында Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-комммуналдық шаруашылық істері агенттігінің бухгалтері болып бастаған.

    2010-2012 жылдары Астана қаласында Қаржылық жұмыс және бюджеттік жоспарлау департаменті Қаржылық жұмыс және бюджеттік жоспарлау басқармасының сарапшысы.

    10.2012-12.2012 жылдары Астана қаласында Қаржылық жұмыс және бюджеттік жоспарлау департаментінің Қаржылық жұмыс және бюджеттік жоспарлау басқармасы бас сарапшысы.

    2012-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру -инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы.

    2017-2019 жылдары Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары.

    2020-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы.

    2021-2022 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының басшысы.

    2022 жылдың 27 маусымынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы Жуалы ауданының әкімі қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері