
Нұрбеков Дидар Ғалымжанұлы
Жуалы ауданы әкімі аппаратының басшысы
Өмірбаян
1988 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі-жоғары.
2012 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығы бойынша, 2019 жылы Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылғы маусым айында Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының штаттан тыс оператор-компьютерлік технигі болып бастаған.
2013-2014 жылдары Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-іс жүргізушісі;
2014 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Полатқосшы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-іс жүргізушісі;
2014-2015 жылдары Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің бас маманы;
2015-2017 жылдары Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің бас маманы;
2017-2018 жылдары Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары;
2018 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімінің бас инспекторы;
2018-2019 жылдары Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің бас маманы;
2019-2024 жылдары Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы;
2024-2026 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас инспекторы;
2026 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келеді.



