
Жарлықасын Марат Ысқақұлы
Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Тасбастау ауылында 1969 жылы 30 мамырда дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі-жоғары.
2005 жылы Тараз институтын «Экономист» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1986 жылы маусым айында Жуалы ауданы ХХІІ- партсъезд колхозының жұмысшысы болып бастаған.
1991-1992 жылдары «Жеңістің 40 жылдығы атындағы фабрикасының» жүргізушісі.
1992-1997 жылдары Чапаев атындағы колхозының жұмысшысы.
2000-2004 жылдары «Ақниет» шаруа қожалығының төрағасы.
2004-2011 жылдары Күреңбел ауылдық округі әкімінің аппаратында жетекші маман әскери-есеп столының инспекторы.
2011-2013 жылдары «Азиялық несие қоры» микроқаржылық ұйымында бизнесті дамыту сарапшысы.
02.2013-09.2013 жылдары «Азиялық несие қоры» микроқаржылық ұйымында бизнесті дамыту маманы.
2013-2015 жылдары «Азиялық несие қоры» микроқаржылық ұйымында бизнесті дамытудың бас маманы.
2015-2016 жылдары «Арнұр Кредит» ЖШС-де несие сарапшысы.
2016-2021 жылдары Жамбыл облысы статистика департаменті Жуалы ауданының статистика басқармасының жетекші маманы.
2021-2024 жылдары Жамбыл облысы статистика департаменті Жуалы ауданының статистика басқармасының бас маманы.
2024 жылдың 12 ақпанынан бастап бүгінгі күнге дейін Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.



