Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы

    Басқарма туралы

    «Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма) Жамбыл облысы аумағында жер реформаларын жүзеге асыру және жер қатынастарын реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ақпарат

    Жуалы ауданында 54 жер учаскесі конкурс арқылы жалға беріледі

    2026 жылғы 30 желтоқсанда Жамбыл облысы Жуалы ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнінде конкурс өткізіледі. Конкурсқа жалпы көлемі 1 327,1029 гектарды құрайтын 54 жер учаскесі ұсынылады. Оның ішінде 718,3811 гектары – егістік, 608,7218 гектары – жайылымдық жерлер. Конкурсқа қатысу өтінімдері 2026 жылғы 8–29 желтоқсан аралығында Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінде (Б. Момышұлы ауылы, Д. Қонаев көшесі, №1/2) қабылданады. Конкурс 30 желтоқсанда сағат 10:00-де Б. Момышұлы ауылындағы Жамбыл көшесінде орналасқан әкімшілік ғимаратында өтеді. Қосымша ақпарат алу үшін: 8 (72635) 2-15-39, 2-18-82 телефондарына хабарласуға болады.

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Меркі ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өтеді

    2026 жылғы 28 желтоқсанда сағат 11:00-де Меркі ауданы әкімдігінің ғимаратында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнінде конкурс өткізіледі. Конкурсқа жалпы ауданы 330,2039 гектарды құрайтын 12 жер учаскесі ұсынылады. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 4–25 желтоқсан аралығы. Толық ақпаратты Меркі ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінен 8 (72632) 2-18-90 телефоны арқылы алуға болады.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл облысында пайдалы қазбаларды өндіру үшін жер учаскелері берілді

    2026 жылдың II–III тоқсандары мен қазан айында Жамбыл облысы әкімдігінің Жер қатынастары басқармасы тарапынан жер қойнауын пайдалану, кең таралған пайдалы қазбаларды, құрылыс материалдарын және өзге де пайдалы қазбаларды өндіру мақсатында берілген жер учаскелері туралы ақпарат. Құжатта жер учаскелерін алған заңды тұлғалар, жер беру негіздері, нысаналы мақсаты, жер көлемі, орналасқан жері, пайдалану құқығы және жалға алу мерзімдері көрсетілген.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жер қатынастары басқармасына 10 айда 1 947 кіріс құжат түскен

    2026 жылдың алғашқы 10 айында Жамбыл облысы әкімдігінің Жер қатынастары басқармасына «Documentolog» ақпараттық жүйесі арқылы 1 947 кіріс құжат пен тапсырма түскен. Аталған құжаттар Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратынан, министрліктер мен ведомстволардан, облыстық басқармалардан, сондай-ақ облыс және аудан әкімдіктерінің аппараттарынан келіп түскен. Сонымен қатар есепті кезеңде «Documentolog» ақпараттық жүйесі арқылы басқармадан 1 175 шығыс құжат жолданған.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жер қатынастары басқармасына 10 айда 646 өтініш түскен

    2026 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің Жер қатынастары басқармасына «Е-Өтініш» бірыңғай платформасы арқылы жеке және заңды тұлғалардан 646 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 478-і – жолданым, 114-і – шағым, 54-і – ұсыныс пен сұрау. Келіп түскен өтініштерді қарау қорытындысы бойынша 53 өтініш толық қанағаттандырылған. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес 103 өтініш бойынша түсіндірме берілген. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 65-бабына сәйкес 471 өтініш басқа құзыретті органдарға жолданған. Ал 19 өтініш аталған кодекстің 70 және 89-баптарына сәйкес қаралған.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сарысу ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру бойынша конкурс өтеді

    2026 жылғы 8 желтоқсанда Жамбыл облысы Сарысу ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беру жөніндегі конкурс өтеді. Конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі, өткізу уақыты мен орны, қатысу тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат қамтылған.

    Жарияланды: