Жер қатынастары басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

    ·
    Жер қатынастары басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

    Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасында «Сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

    Іс-шараға басқарма басшысының міндетін атқарушы Б. Боранқұлова төрағалық етіп, басқарма қызметкерлері қатысты.

    Дөңгелек үстел барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.

    Жиында жер қатынастарын реттеу бөлімінің басшысы А. Тажиков пен бөлімнің бас маманы С. Арсланқызы баяндама жасап, заң талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаларын ұстану және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жөнінде ақпарат берді.

    Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

    Ұқсас материалдар