Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын теледидар арқылы тыңдады.
Мемлекет басшысы өз сөзінде цифрлық экономиканы қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, жаңа технологияларды халықтың әл-ауқатын арттыру мен елдің технологиялық дамуы жолында тиімді пайдаланудың қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ цифрландыруды тек қолданыстағы процестерді автоматтандырумен немесе бағдарламалық өнімдерді сатып алумен шектемей, нақты нәтижеге бағыттау керектігіне назар аударды.
Бұл міндеттер жер қатынастары саласы үшін де маңызды. Цифрлық шешімдерді тиімді енгізу жер ресурстарын басқару сапасын арттыруға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге және жұмыс процестерін оңтайландыруға мүмкіндік береді.









