Қызметкерлер — Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы

    Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Утепов Данияр Құттыбайұлы
    Басқарма басшысы

    Утепов Данияр Құттыбайұлы

    Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы

    Данияр Құттыбайұлы 1978 жылы Шу ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2000 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз университетін, 2002 жылы «Әулие-Ата» университетін «жер кадастры», «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Тараз қаласындағы ҚР жер ресурстарын басқару агенттігінің Жамбыл еншілес мемлекеттік кәсіпорнының инженер жерге орналастырушысы болып бастаған. 2002-2006 жылдары Шу аудандық жер ресурстарын бақылау комитетінің жетекші маманы, бас маманы, 2006-2007 жылдары Шу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы, 2007 жылы Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы, 2007-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының бас маманы, 2012 жылы жер ресурстарын басқару агенттігінің бас сарапшысы, 2012-2013 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының бас маманы, 2013-2020 жылдары Шу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы, 2020-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының бас маманы-мемлекеттік инспекторы, бөлім басшысы, 2022-2024 жылдары ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің бас маманы-мемлекеттік инспекторы, бөлім басшысы-мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған. 2024 жылдың ақпан айынан бастап бүгінге дейін ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің бас маманы лауазымында қызмет атқарып келді.

    Бөлім

    1
    Боранқұлова Ботагөз Қуатбайқызы
    Бөлім басшысы

    Боранқұлова Ботагөз Қуатбайқызы

    Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы

    Боранқұлова Ботагөз Қуатбайқызы 1993 жылдың 8 маусымында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Азаматтығы – Қазақстан Республикасы. Отбасылық жағдайы – тұрмыста. Жолдасы: Бекишбаев Ербол Дүйсенбекұлы, 1986 жылы туған. Қызы: Дүйсенбек Кәусар Ерболқызы, 2023 жылы туған. Барлығы Қазақстан Республикасының азаматтары. Әкесі – Рахимжанов Қуатбай Боранқұлович, 1958 жылы туған. Анасы – Бузауова Катшакул Абдрахмановна, 1962 жылы туған. Інілері: Боранқұлов Ерболат Қуатбайұлы (1995 ж.), Боранқұлов Жанболат Қуатбайұлы (1998 ж.). Туыстарының ешқайсысында сотталғаны туралы мәлімет жоқ.

    Басқа қызметкерлер

    1
    Тажиков Айдар Әмзеұлы
    Бөлім басшысы

    Тажиков Айдар Әмзеұлы

    Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы

    Тажиков Айдар Әмзеевич 1978 жылдың 25 қыркүйегінде Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Жақсылық ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Азаматтығы – Қазақстан Республикасы. Әскери есепте – запастағы лейтенант . Отбасылық жағдайы: Үйленген. Жұбайы – Есмагамбетова Динара Кедирбаевна , 1981 ж. т., «Үміт» балалар үйінде логопед. Балалары: Амзеева Адина Айдарқызы , 2003 ж. т., Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ студенті. Амзеева Жанира Айдарқызы , 2005 ж. т., Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ студенті. Амзеев Елдар Айдарович , 2007 ж. т., оқушы. Амзеева Диана Айдарқызы , 2015 ж. т., оқушы. Туыстары: Әкесі – Тажиков Әмзе Даданович , 1953 ж. т., зейнеткер. Анасы – Қожанова Татьяна Затыбековна , 1953 ж. т. Әпкесі – Тажикова Айнұр Әмзеевна , 1977 ж. т. Інісі – Даданов Асқар Әмзеұлы , 1981 ж. т. Қарындасы – Тажикова Ғалия Әмзеевна , 1983 ж. т. Өзі мен жақын туыстары қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Азаматтықты ауыстыру фактісі жоқ.