Қызметкерлер — Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты

    Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    5
    Бакытбекулы Талант .
    Әкімінің орынбасары

    Бакытбекулы Талант .

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы жөніндегі Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары

    Талант Бакытбекулы — 1985 жылы 28 маусымда ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. 2007 жылы — Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде "Көпірлер және көлік тоннелдері"мамандығы бойынша жоғары білім алған. 2012 жылы — Орталық Азия университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша тәмамдаған

    Сабырбаев Ержан Советбекұлы
    Әкімінің орынбасары

    Сабырбаев Ержан Советбекұлы

    Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары

    1977 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген. Білімі: 1997 жылы – Талдықорған индустриялық-педагогикалық колледжін аяқтады; 2008 жылы – С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдады

    Сыбайлас жемқорлықӘлеуметтік қорғауДенсаулық сақтауБiлiм беру
    Құрманғалиев Ермек Төлеуханұлы
    Аппарат басшысы

    Құрманғалиев Ермек Төлеуханұлы

    Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы

    Ермек Төлеуханұлы 1981 жылы 16 шілде күні ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін "Психология" бакалавры ретінде аяқтаған.

    Әдеп жөніндегі уәкіл

    1

    Қарамағындағы ұйымдар

    2
    Көпшікпаева Шакен Мәлікқызы
    Қызметкерлер

    Көпшікпаева Шакен Мәлікқызы

    Директор

    Шәкен Мәлікқызы 1964 жылы 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институтының тарих және кітапхана факультетін бітірген. Мәдениет пен өнер саласында 30 жыл жұмыс тәжірибесі бар. Мәдениет саласындағы кәсіби құзіретті жоғары санатты маман. 1986-1993 жж аралығында Шығыс Қазақстан облысы,Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылында комсомол жастар жетекшісі, бала-бақша меңгерушісі; 1994-95 жж Д.Қонаев атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі; 1995-1997 жж Тарбағатай аудандық мәдениет және спорт бөлімінің әдіскері; 1998-2005 жж аудандық методикалық орталықтың директоры, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, орталықтандырылған клуб жүйесінің директоры, 2005-2009 жж методист, 2009 -2012 желтоқсан айына дейін Тарбағатай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері, 2012 жылдың 16 желтоқсаннан осы уақытқа дейін «Ақсуат мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры қызметін атқарды. Ш.Көпшікбаева осы жылдар ішінде өзінің жұмыс тәжірибесі мен кәсіби білімін саланың дамуына жұмсады. Мемлекетіміздің мәдени саясатын жергілікті жерде жүзеге асыруда Тарбағатай –Ақсуат аудандарының мәдени дамуының оң динамикасының қалыптасуына еңбек сіңірді. Өңірдің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен қазақстандық мазмұндағы сан түрлі жаңа форматтағы шығармашылық жобаларды іске асырды. Аудандағы халықтық ұлт аспаптар оркестрі, ансамбльдер, этно топтар, халық театрларының шығармашылықпен жұмыс істеді. «Бабалар сазы» этно ансамблі Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық байқау, «Алтай- Түркі әлемінің алтын бесігі» Халықаралық музыка фестивалдарына, Қ.Р.Мәдениет министрлігінің «Алтай кластері» мемлекетіміздің «Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениет» жобалары бағыты бойынша қазақ өнерін шетелге танытуда. 2018-2019 жылы Иран Ислам Республикасы Тегеран, Түркия мемлекетінің Анкара, Бурса, Өзбекстанның ЮНЕСКО мен бірлескен дүниежұзілік «Шарк тароналари» фестиваліне қатысса, «Сұлусаз» фольклорлы ансамблі Солтүстік Қазақстан Петропавл қаласында өткен Сегіз Серінің 200 жылдығына арналған «Гаухартас» Республикалық фестивалі, Тараз қаласында өткен «Көне Тараз күмбірі» республикалық фестивалінің тұрақты қатысушысына айналды. «Ақсуат» халық театры Семей, Зайсан қалаларында өткен театрлар фестиваліне қатысып жүлделі 1- 2 орын иеленді. Аудандағы халықтық ұжымдарының шығармашылық деңгейін көтеру, репертуарларын жаңартуда Семей қаласындағы Әміре Қашаубаев атындағы филармонияның бас дирижері Қ.Р.Мәдениет қайраткері Н Түкей, Астанадағы мемлекеттік филармонияның базасындағы «Қорқыт» дәстұрлі саз тобының көркемдік жетекшісі Қ.Р.Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек , Қазақ Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясы, «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігі, Семей, Өскемен қаласындағы өнер колледж мамандарымен шығармашылық байланыс орнатып кадрлық және репертуар зәрулігін шешуде еңбек етті. Аудан мәдениетін дамытудағы оң үрдістерді уақыттан қалмай ұйымдастырып бәсекеге қабілетті мәдени қызметтер нарығында жаңашылдықпен еңбек етті. Ш.Көпшікбаева ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Мәдени саясат және өнертану институтының қайта даярлау курсынан білімін жетілдірген. Біріккен Ұлттар ұйымының «Әлеуметтік бағдарламаларды басқару және жүзеге асыру» бағдарламасы бойынша халықаралық семинар-курсын оқыған. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Тарбағатай, Дидар, Ертіс өңірі, Семей таңы, Қазақ әдебиеті газеттері, «Өнер мен мәдениет», «Спорт», «Тарих және таным», «Экономика» әйелдерге, жастарға арналған сайттарда өзіндік ой пікірлі мақалаларымен көпшілік білетін тілші. Жеке шығармашылығында Ұлы Жеңістің 65 және 70 жылдығына арналған «Өшпес даңқ», «Ешқашан ұмытылмайтын ұлы ерлік» деректі ескерткіш журналының жауапты шығарушысы, авторы. «Тарбағатай ақындары жырлайды» және «Тарбағатай әуендері», Кәрібай Таңатарұлына арналған кітабын жинақтаушы, ауданның тарихына арналған «Барқытбелдің баурайында», «Тарбағатай» энциклопедиялық анықтамалығының авторлар алқасының мүшесі. Қазақстан Республикасы Конституциясының екі дүркін мемлекеттік мерекелік медалі, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің, аудан әкімінің, облыстық мәдениет басқармасының бірнеше рет Алғыс хатымен, Құрмет Грамотасы, 2015 жылы «Клуб ісі» номинациясы бойынша «Мәдениет пен өнерге қосқан үлесі үшін» Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығымен марапатталған. Қ.Р.Мәдениет саласының үздігі. Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

    Бөлім

    9
    Кызов Марат Нигыметуллаевич
    Бөлім басшысы

    Кызов Марат Нигыметуллаевич

    Тарбағатай ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысы

    Кызов Марат Нигыметуллаевич Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында 1980 жылғы 6 желтоқсан дүниеге келген. Білімі: жоғары.

    Бөлім басшысы

    Кәрібаев Ержан Серікұлы

    Тарбағатай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы .

    1981 жылғы 31 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы,Тарбағатай ауданы, Акжар ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары 2000 жылы Республикалық спорт колледжін тәмамдаған. 2012 жылы Қазақтың спорт және туризм Академиясын тәмамдаған.

    Сабырбаев Серик Советович
    Бөлім басшысы

    Сабырбаев Серик Советович

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет, және қала құрылысы бөлімінің басшысы

    ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында 1971 жылы 10 қазанда дүниеге келген. Ұлты:Қазақ. Білімі:Жоғарғы. 1997 жылы Шығыс Қазақстан техникалық университетін инженер-механик мамандығы бойынша, 2009 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.

    Дауытбаева Самал Нағызханқызы
    Бөлім басшысы

    Дауытбаева Самал Нағызханқызы

    Тарбағатай аудандық білім беру бөлімінің басшысы

    Дауытбаева Самал Нагызхановна - 1979 жылы 29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Құйған ауылында дүниеге келген. Құйған ауылының орта мектебінде оқып оны 1996 жылы бітіріді. Осы жылы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Математика» мамандығына түсіп 2000 жылы «Математика, информатика және есептеуіш техника мұғалімі» біліктілігімен бітіріп шықты.

    Мұхатов Мейрамбек Асылбекұлы
    Бөлім басшысы

    Мұхатов Мейрамбек Асылбекұлы

    Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы

    Мукатов Мейрамбек Асылбекұлы 1 қаңтар 1970 жылы ШҚО Тарбағатай ауданы, Тәуке ауылында дүниеге келген. Ұлты-Қазақ. Білімі-Жоғары. -1977-1987 жылдары Т.Тоқтаров атындағы орта мектебінде білім алған -1988-1990 жылдары Мәскеу қаласындағы әскери авиациялық полкте Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген. -1990 жыл Семей зооветеринариялық институтына оқуға түсіп, 1995 жылы аталған оқу орнының «Ветеринарная медицина» мамандығы бойынша бітірген. -2005-2007 жылдары С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. - 1997-1997 жылдары Тәуке мал дәрігерлік участогының меңгерушісі.

    Мәлтаев Мирас Маратұлы
    Бөлім басшысы

    Мәлтаев Мирас Маратұлы

    Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы

    1991 жылғы 24 наурызда ШҚО Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2014 жылы Д.Серібаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін аяқтады 2018 жылы Д.Серібаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін аяқтады

    Слямжанов Құрманғазы Құмарбекович
    Бөлім басшысы

    Слямжанов Құрманғазы Құмарбекович

    Жумыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

    Кұрманғазы Құмарбекұлы, 1976 жылы 25 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Құйған ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары—1997 жылы «Дәулет» менеджер-экономистер институтын «Менеджер-экономист» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Калимова Жадыра Зейнелькановна
    Бөлім басшысы

    Калимова Жадыра Зейнелькановна

    Тарбағатай ауданы әкімінің аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы

    ШҚО, Тарбағатай ауданы, Жаңалық ауылында 1983жылы 20 қарашада дүниеге келген. 2005 жылы "Эмили" медорталығы мейірбике ісі институтының Семей филиалының" Мейірбике ісі " мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы Қазақ инновациялық гумманитарлық заң университетінің "Әлеуметтік жұмыс" мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы Қазақ инновациялық гумманитарлық заң университетінің " Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

    Баженбаев Нұржан Бақтиярович
    Басшы

    Баженбаев Нұржан Бақтиярович

    Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің басшысы

    1987 жылғы 21 тамызда ҚАЗАҚСТАН, обл.ШЫҒ-ҚАЗАҚСТАН, ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫ, АКЖАР ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 2012 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтады.

    Басқа қызметкерлер

    3
    Қызметкерлер

    Умарова Айгул Елгазиновна

    Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Тарбағатай ауданының Статистика басқармасының басшысы

    1976 жылы 13 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Қыстау-Күршім ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары. 1999 ж. – Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті 2019 жыл – Алматы экономика және статистика академиясы

    Әскерханов Нұрболат Маратұлы
    Бөлім басшысы

    Әскерханов Нұрболат Маратұлы

    Руководитель отдела организации и контроля, делопроизводства, информационных технологий и мониторинга государственных услуг

    2000 жылғы 23 желтоқсанда ШҚО Тарбағатай ауданы, Жетіарал ауылында дүниеге келген Білімі жоғары. 2022 жылы ұлттық аграрлық зерттеу университетін аяқтады.

    Қанатқызы Айдана
    Бас инспектор

    Қанатқызы Айдана

    Тарбағатай ауданы әкімінің заң қызметі жөніндегі бас инспекторы

    Қанатқызы Айдана 2000 жылдың 3 мамырында Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. Қазіргі уақытта тұрғылықты жері – Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жаңалық ауылы. Ұлты – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматшасы. 2006–2017 жылдар аралығында Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектепте білім алған. 2017–2019 жылдары Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жоғары колледжінде «Құқықтану» мамандығы бойынша оқып, тәмамдаған. 2019–2022 жылдары Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білімін жалғастырып, аяқтаған.