
Сабырбаев Серик Советович
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет, және қала құрылысы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында 1971 жылы 10 қазанда дүниеге келген. Ұлты:Қазақ. Білімі:Жоғарғы. 1997 жылы Шығыс Қазақстан техникалық университетін инженер-механик мамандығы бойынша, 2009 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.
1998 жылдан 2005 жылға дейін Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр бөлімінің бас маманы, 2005 жылы Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік құқықтық бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған.
2005-2006 жылдар аралығында Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік құқықтық бөлімінің бас маманы, бөлім бастығының міндетін уақытша қоса атқарушы.
2006-2007 жылдары Тарбағатай аудандық құрылыс бөлімінің басшысы, 2007-2009 жылдар аралығында Тарбағатай аудандық ауылшаруашылық бөлімінің инженер-механик-бас маманы, 2009 жылдан 2013 жылға дейін Тарбағатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, 2013-2017 жылдар аралығында Тарбағатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, 2017 жылы Тарбағатай аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің құрылыс, сәулет секторының меңгерушісі, 2017 жылдан 2018 жылға дейін Тарбағатай аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, 2018 жылдың 1 тамызынан бастап Тарбағатай аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

