Президенттің 2022 жылғы 4 мамырдағы Жарлығымен Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімшілік орталығы Ақсуат ауылынан Ақжар ауылына көшірілді. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімшілік орталығы-Ақжар ауылы. Аудан Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, ауданы 10,2 мың км2. Аудан тұрғындарының саны 18,8 мың адамды құрайды. Ауданда 8 ауылдық округ бар, 28 елді мекен бар. Ауданның климаты күрт континенталды.
Тарбағатай ауданында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізбесі
Тарбағатай ауданында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізбесі
Жарияланды:
Жоспар
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары №р/с Тәуекел индикаторы/сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы Іс - шара Аяқтау нысаны Жауапты орындаушылар Аяқталу мерзімі 1. Тарбағатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрлыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі 1.1 Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бағыты бойынша 1.1.1. Мемлекеттік сатып саласында ерекше тәртіпті қолдана отырып өткізілген конкурс қортындылары негізінде шарт жасалған. Алайда, жобалау-сметалық құжаттамада мемлекеттік құпияларға жатқызылатын мәліметтердің болмауына қарамастан, мемлекеттік сатып алу ерекше тәртіппен жүзеге асырылған, бұл заңнама талаптарына қайшы келеді. Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 671 бұйрығымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 15- тармағының 4) тармақшасының талаптарын бұза отырып бөлім мемлекеттік сатып алу веб-порталында әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастыру туралы хабарландыру орналастырылмаған. Нәтижесінде, тапсырыс беруші тарапынан жекелеген өнім берушіге негізсіз артықшылық берілген. Жасалған шартты қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келтірсін, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты лауазымды тұлғаларға Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама талаптарын сақтау бойынша түсіндіру және оқыту жұмыстары жұмыстарын жүргізсін. Қызметтік жазба, Оқуға жолдау Тарбағатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрлыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі 21.08.2026 жылы Заңдылықтың бұзылуына жол берген Тарбағатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысының міндетін атқарушысы Нургендиров Ерболат Оразкеновичке мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру кезінде құжаттардың заңнама талаптарына бақылаудың жеткіліксіздігі салдарынан заң бұзушылықтарға жол берілуіне байланысты «Ескерту» түріндегі тәртіптік жаза берілді. сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша бақылауда болатыны ескертілді. 2 Тарбағатай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақжар» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2.1. Міндеттерді орындағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін дербес жауапкершілік қағидаларын бұзу: 2.1.1 Қызметтік жағдайды, кәсіпорынның онлайн-банкингіне, банк карточкасына және қаржы құжаттарына қолжетімділікті пайдалана отырып, кәсіпорынның сеніп тапсырылған ақшалай қаражатын карточкалық шотына есеп айырысу шотынан аудару жолымен жүйелі түрде банкоматтар арқылы қолма-қол ақша алуға қол жеткізген. Сонымен, келесілер анықталды: 1. кәсіпорын басшылығы ақшалай қаражаттың қозғалысын тиісті бақылаусыз аға бухгалтерге банк картасына қол жеткізуді ұсына отырып негізсіз карточкалық шот ашқан; 2. банк операцияларын жүзеге асыруға және кәсіпорынның ақшалай қаражатын жұмсауға пәрменді бақылау болмаған; 3. онлайн-банкинг жүйесін және электрондық қол жеткізу кілттерін пайдалануды бақылау болмады; 4. "бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №241 бұйрығының талаптарын бұза отырып, бухгалтерлік құжаттаманы, электрондық кілттерді және өзге де қаржы құралдарын тиісінше беру қамтамасыз етілмеген; 5. аталған бұзушылықтар лауазымды адамдардың өз міндеттерін тиісінше орындамағанын, тиімді қаржылық бақылаудың жоқтығын және ауыр қылмыс жасауға ықпал еткен жағдайлар жасалғандықтан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берген. Барлық электрондық кілттерді, ЭЦҚ, банк карталарын және онлайн-банкингке қолжетімділікті бұғаттау және ауыстырсын; 2. құжаттық негіздемесіз корпоративтік карточкалық шоттарды пайдалануға тыйым салынсын; 3. ақша қаражаттарының қозғалысын күнделікті мониторингтеу, тоқсан сайынғы ішкі тексерулер және кассалық тәртіпті кенеттен тексеру жүргізсін; 4. сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару және комплаенс-бақылау жүйесін енгізсін; 5. басшылар мен бухгалтерлік қызметкерлерді бухгалтерлік есеп, Қаржылық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарына оқытуды ұйымдастырсын. Уақытылы тексеру, Оқуға жолдау Тарбағатай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақжар» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Жаңадан ЭЦП кілті ашылды. Онлайн-банкингпен жұмыс жасауда. Функциялық міндеттері айқындалып өкілеттілк көрсетілген, атап айтсақ аға есепші- Ахметкаримова Гульмира, материалдық есепші- Қадіржанов Мади, Есеп айырысу есепшісі- Журтбаева Дарияш. Төлем операциясы бойынша есепшілер (аға есепші) арасында және директордың келісуімен жүргізіледі. Күнделікті ақша айналымы бойынша аға есепші мониторинг жүргізіп отырады, банк выпискаларын 1-С бағдарламасына енгізеді, оны мекеме директоры онлайн-банкинг арқылы қадағалап отырады. Материалдық жауапты тұлғаларға қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша бақылауда болатыны ескертілді. 3. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылдық округі әкімінің аппараты 3.1. Мелекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын сақталмауы 3.1.1. Мемлекеттік сатып алуды Жеткізушінің тауарларды жеткізу мерзімдерін бұзғаны үшін Тапсырыс беруші орындалмаған міндеттемелер сомасының әрбір кешіктірілген белгіленген процент мөлшерінде есептелген ақша көлеміндегі тұрақсыздық айыбын өндіру көзделеген. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабы 4-тармағы 3)тармақшасының талаптарын бұза отырып, мекеме жеткізушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгіну бойынша шара қабылдауға міндетті. Құқық бұзушылықтарды жою оларды жіберген тұлғалардың жауапкершілігін қарау бойынша нұсқама енгізу, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасында көзделген әкімшілік іс жүргізуді қозғау. Анықтама жұмыстары, Қолданған жазаны орындау Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылдық округі әкімінің аппараты 03.09.2026 жылы Қабанбай ауылдық округі әкімі С.Малгаждаровқа «қызметке толық сәйкес еместігі туралы» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. БЕК» ЖШС мен «Қабанбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ арасында жасалған 2024 жылғы 20 наурыздағы №23 шарт бойынша міндеттемелердің тиісінше орындалмағаны үшін ШҚО мамандырылған ауданаралық экономикалық сотқа талаппен жүгінді. 4. Ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша 4.1. Міндеттерді орындағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін дербес жауапкершілік қағидаларын бұзу 4.1.1. Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтерді орындау және үйлестіру кезінде, яғни түпкілікті шешім қабылдау кезінде сол бөлім басшысы ақпараттық жүйеге электрондық цифрлық қолтаңба қоса берілген кілтпен кіріп, шешімді өзі көріп, қол қоюы қажет. Кейбір жағдайларда орындаушы мамандар бірінші басшының электрондық цифрлық қолтаңбасын енгізіп, шешім қабылдайды немесе келіседі. Құқықтық оқыту жүйесінде Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңын қосымша оқып үйрену сабағын өткізу. Оқыту, Өзектендірілген ішкі нормативтік құжаттама «Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты» ММ 2026 жылдың тамыз және қыркүйек айларында Құқықтық оқыту жүйесінде Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңына қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді 5. Тарбағатай ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі комиссия отырысын ұйымдастыру және өткізу бойынша 5.1. Міндеттерді орындағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін дербес жауапкершілік қағидаларын бұзу 5.1.1. Жер комиссиясы туралы үлгі ережені сақтамауы салдарынан, комиссияның функциялары жер учаскелеріне құқықтар беру туралы, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы хаттаманың күші жойылды. Нәтижесінде қатысушыларға негізсіз артықшылық берілген. Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттыру және жетілдіру мақсатында жауапты тұлғалармен Қазақстан Республикасы заңнамаларын зерделеу бойынша техникалық оқу өткізу қажет, оның ішінде «Жер комиссиясы туралы улгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 359 бұйрығы және Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43, 43-1 бабын және өзгеде нормативтік құқықтық актілер. Жер комиссиясы туралы улгі ереже, Өзектендірілген ішкі нормативтік құжаттамаларды басшылыққа алу Тарбағатай ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі 2026 жылы 16 шілде № 189 Тарбағатай ауданы әкімдігінің «Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 15 маусымдағы № 158 « Жер комиссиясының құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы қаулысы шықты. сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша бақылауда болатыны ескертілді.
Жарияланды:
Жоспар
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округі әкімінің аппараты: мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қызметі бойынша. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақжар» мемлекеттік коммуналды кәсіпорны; мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қызметі бойынша. Тарбағатай ауданының экономика және қаржы бөлімі; Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі бойынша. Тарбағатай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі;Ұйымдастырушылық- басқарушылық қызметі бойынша. Тарбағатай ауданы әкімнінің заң қызметі; Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі бойынша. р/с № Ұсыным Іс-шара Іс-шараны аяқтау нысаны Орындаушылар Іс-шараны орындау мерзімі 1. Мемлкеттік сатып алу порталына жосықсыз қатысушылар тізіліміне еңгізуіне тапсырыс жолдау 28.07.2024 жыл Анықтама, қызметтік жазба Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округі әкімінің аппараты Мемлекеттік сатып алу порталына тапсырыс енгізілді 2. Мемлкеттік сатып алу порталына жосықсыз қатысушылар тізіліміне еңгізуіне тапсырыс жолдау. 28.07.2024 жыл Анықтама, қызметтік жазба Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақжар» мемлекеттік коммуналды кәсіпорны Жеке кәсіпкер «Дукеева.Л.С» келісім шартта көрсетілген жұмыс орындалмағанына байланысты сотқа берілген 24.02.2022 жылы ШҚО Мамандаралған ауданаралық экономикалық соттың шешімі қанағаттандаралғанымен, тізімге енгізілмеген. Тізімге енгізу жұмыстарын жасамағаны үшін мемлекеттік сатып алу маманы тәртіптік жаза беріліді. Бүгінгші күні тапсырыс № 207055 санмен 11.07.2024 жылы берілді. 3. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекция басқармасына Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85 бабына өзгеріс енгізу туралы хатын жолдау. Тексеру нәтижелері бойынша Өзектендірілген ішкі нормативтік құжаттама Тарбағатай ауданының экономика және қаржы бөлімі Еңбек инспекциясына хат жолданды. 4. Құқықтық оқыту жүйесінде Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңын қосымша оқып үйрену сабағын өткізу. Тоқсанына 1 рет Кеңес хаттамасы, анықтама, әлеуметтік желілерде жариялауға сілтеме Тарбағатай ауданы әкімінің персоналды басқару және заң қызметі Тарбағатай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Омаргазин «Электрондық құжат және элетрондық цифрлық қолтаңба туралы» Занының 10 бабын, яғни элетрондық цифрлық қолтанбаны пайдалану заңдылығын сақтамағаны анықталған. Осының салдарынан бұрынғы бас бухгалтері К. Айтжанова өзінің қызметін пайдаланып, негізсіз есеп шотына (7 034 376 теңге) аудару арқылы ақша қаражатын жымқырғаны үшін ҚР ҚК- нің 189 бабы 3- бөлігі 1,3) тармақтарымен қылмыстық іс қозғалды. Комиссияның 3 тоқсанындағы отырысында Тарбағатай ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің басшыларына, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын және коммуналдық мемлекеттік мекеме басшыларына, ұйымдарға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының түсіндіру бойынша, Сыбайлас жемқарлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу мақсатында ақпараттандыру жұмыстары, яғни әр түрлі бейне роликтер, айдарлар және мақалалар шығару жұмыстарын жалғастыру: - айына бір рет және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі комиссиясының атқарылып жатқан жұмыстары туралы мақалалар үнемі беріп тұру туралы тапсырмалар хаттамалық шешімге енгізілді. (Қосымша хаттамалық шешім) Тарбағатай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Омаргазин тәртіптік жаза берілді. 5. «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары негізінде құрылымды қайта қарап әкімі аппаратының заң қызметі саласына және персоналды басқару қызметіне өзгеріс енгізу бойынша Тарбағатай ауданы әкімінің атына ұсыныс енгізу. Заңнамада өзгерістер немесе ұйымдық штаттық өзгерістер болған жағдайда. Өзектендірілген ішкі нормативтік құжаттама Тарбағатай ауданы әкімнінің заң қызметі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары негізінде құрылымды қайта қарап (әкімі аппаратының заң қызметі саласына, персоналды басқару қызметіне) өзгеріс енгізу бойынша Тарбағатай ауданы әкімінің атына ұсыныс енгізілді Тарбағатай ауданы әкімінің заң қызметі жөніндегі бас инспектор А.Макижанов
Жарияланды:
Анықтама
"Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты" ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама
"Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты" ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама
Жарияланды:
Тізбе
Тарбағатай ауданында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізбесі
Тарбағатай ауданында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізбесі
Жарияланды:
Жоспар
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа ықпал ететін себептер мен жағжайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа ықпал ететін себептер мен жағжайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары