«Ashyq» жобасы келуші үшін қалай жұмыс істейді?

    Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты

    Сұрақ

    «Ashyq» жобасы келуші үшін қалай жұмыс істейді?

    Жауап
    1. Келушіге «Ashyq» мобильді қосымшасын өз телефонына жүктеп, телефон нөмірі арқылы авторизациялануы, ЖСН енгізіп, өзінің баруын тіркеу үшін мекеменің QR-кодын сканерлеуі қажет. Сондай-ақ шығу кезінде өз шығуын тіркеу үшін QR кодын сканерлеу қажет.
    2. Келушіде смартфон болмаған жағдайда немесе осы мобильді қосымшаны жүктеу кезінде қиындықтар туындаған жағдайда, мекеменің жауапты тұлға-қызметкеріне оның ЖСН енгізу арқылы келушінің кіруін тіркей алатын қосымшада рөл беріледі.