Қанатқызы Айдана

    Тарбағатай ауданы әкімінің заң қызметі жөніндегі бас инспекторы

    Қанатқызы Айдана
    Главный инспектор

    Қанатқызы Айдана

    Тарбағатай ауданы әкімінің заң қызметі жөніндегі бас инспекторы

    Өмірбаян

    Қанатқызы Айдана 2000 жылдың 3 мамырында Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. Қазіргі уақытта тұрғылықты жері – Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жаңалық ауылы. Ұлты – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматшасы.

    2006–2017 жылдар аралығында Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектепте білім алған. 2017–2019 жылдары Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жоғары колледжінде «Құқықтану» мамандығы бойынша оқып, тәмамдаған. 2019–2022 жылдары Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білімін жалғастырып, аяқтаған.

    Еңбек жолы:

    • 11.09.2019 – 12.02.2020 жж. – Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты кеңсесінде жастар тәжірибесі бойынша заңгердің көмекшісі;

    • 12.02.2020 – 31.03.2020 жж. – Өскемен қаласының №2 соты кеңсесінде жетекші маманның міндетін уақытша атқарушы;

    • 31.03.2020 – 26.04.2021 жж. – Өскемен қаласының №2 соты кеңсесінің жетекші маманы;

    • 19.04.2021 – 26.04.2022 жж. – Өскемен қалалық соты кеңсесінде кіріс-шығыс құжаттарымен жұмыс істейтін жетекші маман;

    • 26.05.2022 жылдан бастап бала күтіміне байланысты демалыста болған;

    • 28.08.2025 жылдан бастап «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заң қызметі жөніндегі бас инспектор болып тағайындалған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері