
Қызметкерлер — Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.
Басшылық
4

Джуманова Динара Тұрарбекқызы
Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары
Динара Тұрарбекқызы Джуманова 1975 жылғы 9 наурызда дүниеге келген, 2004 жылы қаржы және кредит мамандығы бойынша Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірген.

Қорғанбекова Гүлшат Қорғанбекқызы
Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары
Гүлшат Қорғанбекқызы Қорғанбекова, 1974 жылғы 2 маусымда дүниеге келген, 1999 жылы экономика және менеджмент мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Ахаев Алексей Андреевич
Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары
Алексей Андреевич Ахаев, 1992 жылы 7 желтоқсанда туған, 2014 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін география мамандығы бойынша және 2016 жылы сол мамандық бойынша магистратураны бітірген. 2020 жылы экономика мамандығы бойынша Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетін бітірген. Сондай-ақ, 2021 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітіріп, аймақтану мамандығы бойынша магистр дипломын алды.
Бөлім
13
Ченыбаева Назым Советхановна
Экономикалық саясат және талдау бөлімінің басшысы
1990 жылы 30 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылында дүниеге келген. 2012 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітіріп, «Есеп және аудит бакалавры» біліктілігін алды, 2013 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады, «заңтану бакалавры» біліктілігін алды, 2014 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтады, «Экономика ғылымдарының магистрі» біліктілігін алды.

Мамашев Алем Сагатович
Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының экономика және туризмнің базалық салалары бөлімінің басшысы
Мамашев Алем Сағатұлы, 1987 жылы 31 наурызда туған, 2011 жылы Қазақ гуманитарлық - заң инновациялық университетін Қаржы мамандығы бойынша бітірген.

Турсиянова Айжан Ерлановна
Әкімшілік бөлімінің басшысы
Турсиянова Айжан Ерлановна, 1986 жылы 16 ақпанда дүниеге келген, 2008 жылы Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін бітірген.

Назаренко Марина Александровна
Салық саясаты, болжамдар және халықтың тұрмыс деңгейі бөлімі басшысының м.а.

Жумабекова Мөлдыр Бейбитқызы
Бюджеттік саясат және бюджеттік жоспарлауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің басшысы
Межбюджеттік қатынастар және бюджеттік салық саясаты бөлімінің басшысы 1993 жылы 15 ақпанда ҚР Абай облысы Бородулиха ауданы Бегень ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 2014 жылы Семей қаласындағы «Шәкәрім университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын бітірген. 2018 жылы «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын бітірген.

Секенов Уатжан Умиртаевич
Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының инвестициялық саясат және материалдық өндіріс салалары бөлімінің басшысы
Секенов Уатжан Умиртаевич, 1990 жылы 26 ақпанда дүниеге келген, 2008 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін инженер технолог мамандығы бойынша, 2020 жылы Қазақ гуманитарлық - заң инновациялық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Мұқтағанова Лейла Вахидовна
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының стратегиялық жоспарлау бөлімінің басшысы
1963 жылы 11 мамырда Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ. 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітіріп, «экономист» біліктілігін алды.

Абитова Әсем Файзолдақызы
Денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, ішкі және жастар саясаты бөлімінің басшысы
1976 жылы 26 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Асу-Бұлақ ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. 1995 жылы «Қаржы» мамандығы бойынша Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономика колледжін үздік бітірді, «Қаржылық бақылау және ревизия» мамандандыруы. 2016 жылы «Қаржы» мамандығы бойынша Қазақстан халықтар достығы инженерлік-педагогикалық университетін бітірген, «Қаржыгер» біліктілігі.

Саканов Бекболат Боранбайұлы
Шығыс Қазақстан облысының құқық қорғау қызметі, қорғаныс мекемелері және экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының өзге де мемлекеттік органдары бөлімінің басшысы
Саканов Бекболат Боранбаевич, 1990 жылы 14 қыркүйекте Өскемен қаласында дүниеге келген, 2009 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің колледжін, 2012 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, 2014 жылы Қазақ гуманитарлық - заң инновациялық университетін бітірген.

Бос орын -
Бюджеттік саясат және бюджеттік жоспарлауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің басшысы

Уакбаева Альбина Болатқызы
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының стратегиялық жоспарлау бөлімінің басшысы
1989 жылы 23 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Бике ауылында (бұрынғы - Ленино ауылы) дүниеге келген. Ұлты - қазақ. 2012 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің магистратурасын бітіріп, «экономист» біліктілігін алды.

Керейбаев Азамат Арманұлы
ШҚО құқық қорғау қызметі, қорғаныс мекемелері және экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының өзге де мемлекеттік органдары бөлімінің басшысы
Азамат Арманұлы Керейбаев ШҚО, Өскемен қаласында дүниеге келген. 2014 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін Көлік, көлік техникасы және технологиялар бакалавры мамандығы бойынша бітірген. 2023 жылы Қазақстан-Америка еркін университетін қаржы бакалавры мамандығы бойынша бітірген. 2025 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін инновациялар экономикасы магистрі мамандығы бойынша бітірген.