
Саканов Бекболат Боранбайұлы
Шығыс Қазақстан облысының құқық қорғау қызметі, қорғаныс мекемелері және экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының өзге де мемлекеттік органдары бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Саканов Бекболат Боранбаевич, 1990 жылы 14 қыркүйекте Өскемен қаласында дүниеге келген, 2009 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің колледжін, 2012 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, 2014 жылы Қазақ гуманитарлық - заң инновациялық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылдың қазан айында "Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы"ММ бастады.
2012 жылдың қазан айынан 2018 жылдың қазан айына дейін Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының білім, спорт, тілдерді дамыту және құқық қорғау органдары бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2018 жылдың қазанынан 2019 жылдың қарашасына дейін – Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының терроризмге қарсы комиссияның қызметін қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы.
2019 жылғы қарашадан 2022 жылғы тамызға дейін - Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының білім, спорт, тілдерді дамыту және құқық қорғау органдары бөлімінің бас маманы.
2022 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының құқық қорғау қызметі, қорғаныс және өзге де мемлекеттік органдары мекемелерінің бөлім басшысы болып жұмыс істейді.





