
Уакбаева Альбина Болатқызы
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының стратегиялық жоспарлау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1989 жылы 23 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Бике ауылында (бұрынғы - Ленино ауылы) дүниеге келген. Ұлты - қазақ.
2012 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің магистратурасын бітіріп, «экономист» біліктілігін алды.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2014 жылдың сәуір айында «Зайсан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бас маманы болып бастады. 2021 жылдың ақпан-шілде аралығында Зайсан ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы. 2021 жылдың шілде айынан бастап Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ардагерлермен және мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен жұмыс бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2022 жылдың тамыз айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы. 2024 жылдың шілде айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының Әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы.
2025 жылғы 11 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін Стратегиялық жоспарлау бөлімін басқарады.


