
Қорғанбекова Гүлшат Қорғанбекқызы
Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары
Өмірбаян
Гүлшат Қорғанбекқызы Қорғанбекова, 1974 жылғы 2 маусымда дүниеге келген, 1999 жылы экономика және менеджмент мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылдың қыркүйегінде №6 дирекцияда бақылаушы болып бастады. Әр жылдары бухгалтер, мұрағатшы, экономист болып жұмыс істеді.
2005 жылдың шілде айынан 2010 жылдың ақпан айына дейін «ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ әлеуметтік саланың бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы. 2010 жылдың ақпан айынан 2013 жылдың қыркүйек айына дейін «ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ білім, мәдениет, туризм және спорт бөлімінің бас маманы. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап 2019 жылдың қазан айына дейін «ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, ішкі және жастар саясаты бөлімінің басшысы. 2019 жылдың қазан айынан бастап Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.


