
Ченыбаева Назым Советхановна
Экономикалық саясат және талдау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1990 жылы 30 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылында дүниеге келген.
2012 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітіріп, «Есеп және аудит бакалавры» біліктілігін алды, 2013 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады, «заңтану бакалавры» біліктілігін алды, 2014 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтады, «Экономика ғылымдарының магистрі» біліктілігін алды.
Еңбек жолын 2014 жылғы ақпанда ШҚО Үржар ауданының «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бас маманның міндетін атқарушы болып бастады. 2015 жылдан 2019 жылға дейін ШҚО Үржар ауданының «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бас маманы болып жұмыс істеді. 2019 жылдан 2020 жылға дейін «ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ стратегиялық жоспарлау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ экономикалық саясат және талдау бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді.





