
Тұрлыбеков Нұржан Шалғынбайұлы
Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы
Тұрлыбеков Нұржан Шалғынбайұлы 1977 жылы 1 желтоқсанда Жамбыл облысы Байзақ ауданында туылған. Ұлты – қазақ, білімі жоғары. 1999 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін Тамақ өнеркәсібіндегі экономика және менеджмент мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі Ұлттық комиссияның шешімімен «Мемлекеттік аудитор» сертификатының иегері.




